400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ:Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі: № 1 сабақ

Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:

Мұғалiм:

Сынып

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам

өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінікберу;

Дамытушылық:Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. «Оқу ақпараты» оқушылардың «Ақиқат» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-өзін–өзі танудың негізі» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Оқулықтағы Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі ұсынылған. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:


Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті?

Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?

Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

Ал екінші жолаушы қалай түсінді?

Өзің мәтіндегі «көңілді,ойыңды осы бұлақтай таза сақта »дегенді қалай түсінесің?


1-тапсырма

«Ақиқат» сөзінің әрбір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазаңдар.

А..

Қ..

И..

Қ..

А..

Т..



Жаңа ақпарат .

Ақиқат,Сүйіспеншілік,Дұрыс әрекет,Ішкі тыныштық,Қиянат жасамау барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытпен Өзгермейді және барлық адам баласы үшін аса маңызды.Өз бойындағы асыл қасиеттерді ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі.Жақсы қасиеттеріңді тек жақы іс –әрекеттер жасау арқылы дамыта аласыңдар.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10 мин.

2-тапсырма

Мәтінді оқыңдар.Адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерлеріңе жазыңдар. 7.Дәптермен жұмыс Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыңдар.

Абай атамыз нелерден сақтандырады?

Абай атамыз нені үлгі етті?

3-тапсырма

М.Әлімбаевтың «Әдептілік әлппесі»өлеңін оқыңдар. Өлеңдегі жақсы қасиеттерді теріп жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріп айтыңдар.


8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Айгөлек » Сөзі: Н.Баймұхамедовтікі, әні: Б.Байқадамов



9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Құрманбай Толыбаевтың «Күн кімдікі» әңгімесімен танысу.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





















Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп

Мерзiмі: № 3 сабақ

Тақырып: Халықтың мәдени мұрасы

Құндылық:

Қасиеттер:

Мұғалiм:

Сынып 3

Сабақ мақсаты: Әр оқушының тарихи мәдени ескерткіштерді танып, оларды қорғауға жағдай туғызу

Міндеті:

Білімділік :Оқушыларға мәдени мұра туралы түсінік беру:

Дамытушылық :Әр оқушының өз мтанып,дамытуына ықпал ету:

Тәрбиелік :тарихи ескерткіштерді қорғай білуге,сақтауға тәрбиелеу


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп.жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жекізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Құрманбай Толыбаевтың «Күн кімдікі» әңгімесімен бөлісу .

Күннің жақсылықтарын топтастырып жазыңдар.


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. Мәдени мұра –халық игілігі.



5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Оқулықтағы Қожа Ахмед Йассауи кесенесінің салынуы туралы аңызды таныстыру.Оқушыларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады

  • Қожа Ахмед Йассауи туралы не білесіңдер?

  • Атақты Темір қандай іс жасады?

  • Адамдар бір-біріне неліктен құрмет көрсетеді деп ойлайсыңдар?

  • «Ұлыдан –ұлағат »дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің тарихи ескерткіштерді қалай құрмет тұтып жүрсің?



Жаңа ақпарат

Қазақ даласы тарихи мәдени ескерткіштерге өте бай. Елімізде тарихи мәдени ескерткіштердің түрі көп.Адам өміріндегі оқиғаларды , бір елдің ,халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды қастерлі мұраларды ескерткіш деп атайды. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекет қамқорлығына алынған. Тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттеу арқылы еліміздің тарихын терең білеміз.Рухани нәр,үлгі –өнеге аламыз.Ескерткіштерді сақтау, қастерлеу ұрпаққа парыз болып саналады.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта берілген отандық және әлемдік мәдени мұраларға салыстырмалы түрде сипаттама беру үшін мынадай сұрақтар қойылады:

1-тапсырма

Тарихи және мәдени ескерткіштерді мұқит қараңдар, ондағы ұлы тұлғалар туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

2-тапсырма

Халқымыздың тарихи мұрасымен таныс болыңдар. «Алтын адамның »бас киімін, бешпентінің белдігінің суреттерін дәптерлеріңе әшекейлеп салып көрсетіңдер.

3-тапсырма

Өздерің тұратын аймақтағы (ауылдағы, қаладағы )тарихи және мәдени ескерткіштердің атын жазып, олар туралы білетіндеріңді ортаға салып айтыңдар.

Ә. Табылды «Атамның өсиеті» өлеңімен танысу.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады

7.Дәптермен жұмыс

Тыйым сөздерді оқып, естеріңе сақтап, оларды дәптерлеріңе жазыңдар.


8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Анамның тілі –аулы үні » Сөзі: Ш.Смаханұлы , әні: Ә.Тінәлиев



9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Серік Нұғыман «Бәсіре »повесінен үзінді оқу



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.07.2021
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі