Ашық сабақ:"Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:"Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа керекті əдіс тәсілдер бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:29.ХІ.2016 жыл


Ашық сабақ тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер, бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы түсінік қалыптастыру, олардың пайдасы мен зияны, зардаптары жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Жанартаулардың географиялық координатасын анықтау арқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай дамыту, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты сүйюге баулу, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру

Құрал-жабдықтары: физикалық жартышар картасы, атлас, кескін карта, суреттер, слайдтар

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, көрнекілік, қосымша ақпарат жинақтау.

Сабақтың формасы: жеке, топпен.

Пәнаралық байланыс:  жаратылыстану, тарих


Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабағымызды «Нағыз білім атаулысына өздігінен білім алу арқылы ғана жетеді» (Н.А.Рубакин) деген әдемі сөзбен бастағым келіп отыр. «Тәуелсіздікке тілек» арқылы психологиялық қолайлы ахуал туғызу. Бірнеше оқушы өз тілектерін айтады: (Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Халқымыз гүлдене берсін! Тәуелсіздік құтты болсын! Үнемі биіктен көрінейік! Баршаңызға сәттілік тілеймін!)

б) топтастыру, Гейзер және Жанартау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қарлы кесек» әдісі

Оқушылар қағазға сұрақ дайындап, бір-біріне лақтырады және сондағы жазылған сұраққа жауап береді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай осы кезге дейінгі өтілген тақырыптар бойынша жиырма бес термин сөздікті қайталаймыз.

1.Физикалық география 11.Меридиан сызықтар 21.Биосфера

2.Орбита 12.Паралелль сызықтар 22.Мантия

3.Астероидтар 13.Географиялық координаталар 23.Ядро

4.Планета 14.Географиялық ендік 24.Магмалық

5.Кібісе жыл 15.Географиялық бойлық тау жынысы

6.Азимут 16.Градус торы 25.Эпицентр

7.Масштаб 17.Карта

8.План 18.Атмосфера

9.Горизонталь сызықтар 19.Гидросфера

10.Глобус 20.Литосфера


ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.

а) Әңгіме-дәріс.

Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары 
Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсеңдейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады

Кесте арқылы жанартау құрылысы түсіндіріледі.


Лава

Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылатын магма


Көмей

Магма ошағынан жоғарыға қарай өтетін өңеш


Кратер

Көмейден жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы




Гейзерлер — жер астынан мезгіл-мезгіл фонтан тәрізді атқылап шығатын ыстық бұлақтар. Гейзер Камчатка түбегінде (Ресей), Исландияда, АҚШ-тағы Йеллоустон ұлт паркінде, Калифорнияда, Канадада, Қытайда, Жаңа Зеландияның солтүстік аралында және Жапонияның кейбір жерлерінде кездеседі. 
Гейзер – оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі (қайнар, бұлақ). Магма ошағынан үздіксіз жылу келіп тұратын жанартаулық әрекеті тоқтамаған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда кездеседі. Гейзердің (исландша geysa – саулау, шапшу) сырт пішіні кішігірім қиылған конус, аласа, жайпақ шұңқыр, кейде от түрінде болуы мүмкін. Атқылау циклінің (оралымының) ұзақтығы тұрақты гейзерді жүйелі гейзер, өзгермелісін – жүйесіз гейзер деп атайды. Атқылау циклінің ұзақтығы минуттармен және ондаған минуттармен өлшенеді, тыныштық кезеңі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе күндерге дейін созылады. 
Бұлақ (көз, бастау, қайнар) - жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Бұлақтар әр түрлі белгілері бойынша тұма, қайнар, термалды бұлақ, жалғасты бұлақ және т.б. делініп бірнеше топқа бөлінеді. Суы тұщы, әсіресе мол өнімді Бұлақтар елді мекендерді ауыз сумен, шаруа қожалықтарын керекті сумен камтамасыз етуге, жер суаруға кеңінен пайдаланылады. Минералдылығы 1 г/дм3-ден астам жылы және ыстық бұлақтың суы санаторийлер мен емдеу орындарында түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. 
Мұндай су көзінің өнімі, температурасы, минералдық тұмаға қарағанда тұрақты келеді. Сонымен қатар әктасты, гипсті, карсты таулы аймақтарда, қыраттарда жер астындағы кең көлемді жарықтарды бойлай өзен секілді ағып, жер бетіне шығып жататын бұлақтың ерекше түрі воклюз деп аталады. Суы мол, өнімі тұрақты воклюздер Қазақстан жерінде Қаратауда, Шыңғыс тауында, Жайық бойындағы Индер тауында, Үстіртте, т.б. аудандарда кездеседі. 
Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары суландырылады. 
Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі


в) Топпен жұмыс (постер қорғау)

Гейзер тобына. Жанартаулар, олардың пайда болуы, құрылысы, сөнген және сөнбеген жанартаулар.

Жанартау тобына. Гейзер, ыстық бұлақтар, олардың шаруашылыққа маңызы.


с) Сергіту сәті


МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА, 
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
 
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
 
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА
СОЛ АРМАНҒА ЖЕТУ ҮШІН БІРАҚ ТА
ОҚУ МЕНЕН БІЛІМ КЕРЕК ӘМАНДА!!!.


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Картадан жанартаулардың географиялық координатасын анықтап, кескін картаға белгілеу.


V. Қорытынды.

Жанартау және гейзер бар жерлерді кескін картаға түсіру.


Рефлексия.

Оқушыларға әр түрлі түсті стикерлер таратылады. Олар 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы тақтадағы гейзер суретіне жапсырып, сабақтан алған әсерлерін жеткізеді.


VІ.Бағалау. 


VІІ.Үйге тапсырма: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер тақырыбын оқу,

кескін картаға жанартаулар және гейзерлерді толықтыру, олар туралы қосымша мәліметтер іздену.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі