400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Жанды және жансыз табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәнінен өткізілген ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімі:Жолдас Жанар

Пәні:жаратылыстану

Сынып:3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат


Сабақтың мақсаты :Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығын түсіндіру;


Сабақтың міндеттері :Табиғаттағы жанды және жансыз нысандар туралы ұғым қалыптастыру.Табиғатты сүюге,қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже :Оқушылар табиғаттың екі түрін ажырата алады (жанды,жансыз)

Табиғатқа тән белгілерді (өседі,көбейеді,қоректенеді,тыныс алады,өледі) атайды.

Топпен жұмыс істей алады,өз ойын еркін жеткізеді

Әдісі:белсенді оқу әдісі

Пәнаралық байланыс:Жаратылыстану,дүниетану,математика

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Біз қандаймыз?

-Біз қандаймыз?

-Әдемісің,әдептісің

-Біз қандаймыз?

-Сенімдісің,талаптысың

Біз қандаймыз?

-Ақылдысың,тәртіптісің

Біз қандаймыз,қандаймыз?

-Көңілдісің,көріктісің

Біз бәріміз қандаймыз?

-Тәп-тәтті балдаймыз.

Топқа бірігу «Фонарик» әдісі арқылы топқа бірігеді.

Оқушыларды топқа бөлу

1-топ «Ауа» тобы

2-топ «Тау» тобы

3-топ «Жапырақ» тобы


«Ой қозғау» әдісі

Тыңдалым

«Жыл мезгілдері»

Жапырақтар сарғайып,айнала алтын түске боялды.Жерге алтын кілем төсегендей болады.Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген.Құстарда жылы жаққа ұшып барады.Балалар бұл жылдың қай мезгілі?

-Жарайсыңдар

-Бұл күз мезгілі.

-Балалар,айналамызға қараңдаршы.Біздің қоршаған ортамыз,жан-жануарлар мен өсімдіктер,жер мен ай,күн,алыстағы жұлдыздар осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді екен.


Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі

Табиғат екіге бөлінеді.Жанды табиғатқа: адамдар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер жатады. Жансыз табиғатқа: аспан, күн, ай, жұлдыз, тау, тас, құм, су жатады.Жанды табиғат өседі,өзгереді.Жансыз табиғат өзермейді.Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты,жансыз табиғат жанды табиғаттың өмір сүруіне қажет.Өсімдіктер мен жануарларға күннің жарығы мен су,ауа қажет.Егер жансыз табиғат болмаса,жанды табиғат өмір сүре алмайды.Сондықтан біз табиғатты қорғап,аялауымыз қажет.Сонда ғана табиғат бізге таза ауа,су,жеміс-жидек,көлеңке,әдемі көрініс береді.

1-тапсырма.Тәжірбие жасау

Суретпен жұмыс

1-гүлге Күнмен су жеткілікті берілген,күнге қойылады,су құйылады.

2-гүлге Су берілмейді.құрғақ күйінде қалдырылады.

3-гүлге Қараңғы жерде сақталады,күн сәулесі түспейді,бірақ су құйылады.

-Балалар,қай гүл жақсы өсіп тұр?(Иә,1-ші тұрған гүл жақсы өсіп тұр)

-Себебі оған күн мен су уақтылы берілді.

-Ал,қай гүл солып қалды?

-иә,екінші тұрған гүлге су берілмегендіктен,гүл сола бастады.

-3 ші гүлге су құйылса да,жарық жетпегендіктен,өспей қалды.

-Балалар,жанды табиғатқа су ғана емес,күн ,ауа сияқты жансыз табиғаттың әсері қажет екенін түсіндіңдер?

Дәптермен жұмыс

Топтық жұмыс

1-топ «Ауа» тобы «Табиғат –біздің достарымыз» тақырыбында эссе жазу

2-топ «Тау» тобы «Табиғаттағы көрініс!» сурет салу

3-топ «Жапырақ» тобы. Постер қорғайды (Жанды табиғат әлемі.Мысалы:адамдар,жануарлар,өсімдіктер,белгілері:өседі,тыныс алады,көбейеді,өледі) (Жансыз табиғат әлемі Мысалы:су,ауа,тас,күн,топырақ)

Сергіту сәті:-ән

Ұшқыр ой: « Wordwall» ойынымен пысықтау

Cабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:


  • Табиғат дегеніміз не?

  • Табиғат нешеге бөлінеді, түрлерін ата.

  • Жанды табиғатқа нелер жатады?

-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

Оқушыларды бағалау

Сабаққа кері байланыс: «Оюлар» әдісі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
50
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі