Ашық сабақ.Жаратылыстану3 сынып"Тыныс алу мүшелері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Жаратылыстану3 сынып"Тыныс алу мүшелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың тыныс жолдары туралы түсінігін қалыптастыру, олардың жұмысы жайлы мәлімет беру;

  2. Таза ауаның тыныс алу мүшелері үшін маңызы туралы айту; тыныс алудың гигиеналық тәртібін қарастыру.

  3. Таза ауада көбірек серуендеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: «Тыныс алу мүшелері» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

-амандасу

-оқушыларды түгендеу

-сабаққа дайындықтарын тексеру

Психологиялық дайындық.

«Кім көп біледі» ойыны.

Балалар дені сау адамның белгілерін атап шығады (көңілді, сергек, оқтай түзу, дұрыс тамақтанады, терісі таза, спортпен шұғылданады және т.б.).

  • Балалар, адам тыныс алу үшін қандай газ қажет? (Оттегі)

Үй тапсырмасын тексеру.

-үйге берілген тақырыпты әңгімелету.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе әңгіме.

  • Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалып

көрейік. Не байқадыңдар? (Ауа жетпей, тынысымыз тарылды.)

  • Ауаның құрамы қандай?

Қорытынды. Адам тыныс алуы үшін оттегі қажет.

- Адам өмір бойы дем алады - ауаны жұтып, сыртқа шығарлды. Жұтқан кезде ауа мұрын қуысымен кеңірдек, көмекей жолдары арқылы өкпеге жетеді. Бұл мүшелердің бәрі бірігіп тыныс алу жүйесін құрайды.

Мұғалім «Тыныс алу мүшелері» кестесін көрсетеді, оқушылар осы мүшелерді тауып, есте сақтайды және сызба құрады:

Тыныс алу мүшелері:

Мұрын қуысы

Кеңірдек

Көмекей

Өкпе

1.Оқулық бойыншажұмыс:

а) Мақаланы оқып, жұптасып пікір алмасу;

ә) Тыныс жолдарын қорғаудың негізгі ережелерін анықтау.

Әрі қарай балалар мәтіннен мұрын қуысының маңызын біліп, адам денсаулығы үшін мұрын қандай рөл атқаратынын бығамдайды.

2.Сөздік жұмыс. Көмей, кеңірдек, өкпе.

3. Жағдайға талдау жасау.

Мерейтойы әжемнің:

Қонаққа толы үйіміз.

Күлкі, әзіл көбейді,

Бұрқыраған көк түтін.

Қонақтар аса көңілді,

Маған ғана күлкі жоқ.

Түтіннен әбден тұншықтым,

Маған мұнда орын жоқ.

- Темекі түтіні адам денсаулығына қандай зиян келтіреді?
- Осы өлең кейіпкерінің орнында сен болсаң қайтер едің?

4. «Дұрыс жауабын тап» ойыны.

- Сенің қасыңда біреу темекі тартып тұрса:

а) Былайырақ барып тұру қажет.
ә) Темекі тартпауын өтіну керек.

б) Темекі тартып тұрған адамға жақын тұру керек.
Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

- Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы қандай және ол қалай жұмыс істейді?

- Өкпе қандай бөліктерден тұрады?

- Өкпе көпіршіктері қандай қызмет атқарады?
Негештің сұрағы:

- Тұмау кең таралған кезде дүкен, емхана және басқа мекемеқызметкерлері неліктен аузы-мұрнына дәке байлап алады?

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі