400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Жаһандану күрделі үдеріс. 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзгеше әдіс тәсілдер іздеген мұғалімдерге көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 07.03.2019

Сынып: 9

Мектеп: «Бозанбай орта мектебі» КММ

Мұғалімі:Қысатай Алибек Талғатұлы

Қатысқан оқушылар саны: 18

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Жаһандану мәселелері

Сабақтың тақырыбы

Жаһандану-күрделі үдеріс

Оқу мақсаттары

9.О1. Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу.

9.ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаты

Барлығы:Тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру

Көпшілігі:Тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді өңдеу.

Кейбіреуі:Тілдік ережелерге сүйене отырып кестені толтырады

Бағалау критерийлері

- Тұтас емес мәтіндегі мәліметтерді салыстырады

- Тұтас емес мәтіндегі мәліметтерді өңдейді

- Ережелерге сүйене отырып кестені орфографиялық нормаға сай толтырады.


Осыған дейін меңгерген білім

Жаһандану-жаңа заман тегершігі

Пәнаралық байланыс

География

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Ел, бұл- Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік, өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут






































Сабақтың ортасы

10 минут







Үй тапсырмасын сұрау. «Челлендж» әдісі.

Мұғалім үй тапсырмасын бір оқушыдан сұрайды, ол оқушы жауап берген соң, эстафетаны келесі оқушыға (кез-келген, өзі қалаған) табыстайды. Осылай «Челленджге» айналады.

Психологиялық ахуал туғызу: «Көңіл-күй галереясы» әдісі. Оқушыларға стикер таратып беріп, олардан дәл қазіргі көңіл-күйін жеткізетін сурет салуды ұсынамын. Ол стикерді партасына жабыстырады.


Топқа бөлу: Оқушыларға «69», «94», «117» сандары жазылған карточкалар таратылады. Сосын видеоролик көрсетіледі. Осы видеодағы мәліметтер бойынша 69 санын таңдағандар «Экономистер» тобына, 117 санын таңдағандар «Әлеуметтанушылар» тобына, 94 санын таңдағандар «Саясаткерлер» тобына бірігеді.



Стикер




Карточкалар




Видеоролик https://www.youtube.com/watch?v=uCf_rTkKKHs











Тұтас емес мәтіндер

































Тұтас емес мәтіндер



























Тұтас емес мәтіндер
























Ширату жаттығуы: «Жүзіп шығу» әдісі.

Көрсетілген видеоролик бойынша сұрақтар қойылады.

Сұрақтар: - ҚР жаһандану үдерісі бойынша әлемде нешінші орынды иемденеді? (82 орын)

-Жаһандану рейтингісін қай қалада түзген? (Цюрих)

-Рейтинг жаһанданудың қанша, қандай түрлерін қамтыды? (3 түрін, Экон. Әлеум. Саяси)


Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Әділетсіз сайлау» әдісін пайдаланып, оқушылар топпен жұмыс барысында ең сылбыр жұмыс атқарған оқушыны өзара дауысқа салу арқылы таңдап, топ жұмысын қорғау ісін жүктейді. Ойлау деңгейі: түсіну, қолдану

Тұтас емес мәтіндерді толық мәтінге айналдырып, салыстырады, өңдейді.


«Экономистер» тобының тұтас емес мәтіні











«Саясаткерлер» тобының тұтас емес мәтіні






«Әлеуметтанушылар» тобының тұтас емес мәтіні.























3 минут



















10 мин






















































































4 минут











Ақ қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар














Мәтін


Дескриптор:

-Екі тұтас емес мәтіндегі ақпаратты салыстырады

-Өңдеп, тұтас, толық мәтінге айналдырып жазады


Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.


Сергіту сәті. «Көршімнің суреті» әдісі.

Оқушылар қағазды өз басына қойып, жұбының суретін салады. Оны сыйға береді.


Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Үш топтағы әр жұпқа әртүрлі мәтін беріледі. Тапсырманы жұп болып орындайды. Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздерді тауып, түзетіп, қандай ережеге сүйеніп тұрғанын дәлелдеп, кестеге түсіреді.


Қате жазылған сөз

Дұрыс нұсқасы

Қай ережеге сүйендің?





1-жұптың мәтіні

Әділетті әлем үшін халықаралық қоғамының төрағасы, белгілі малайзиялық қоғам қайраткері және саясаттанушы чандра мұзаффардың айтуынша, «жаһандану адамзаттың алдына қойылған ең салмақты талаптардың бірі болуы мүмкін». Шындығында, үшінші мыңжылдықтың басында мұсылман әлемі дәл осы жаһандану үдерістерінің ықпалынан туындаған түбегейлі өзгерістердің белдеуінде тұр. Оның қазіргі кезеңінде қатынастарының жаңа құралдары саласындағы технологиялық прогрестің нәтижесінде мүмкін болған халықаралық исламдық ұйымдардың әрекетінің едәуір кеңейуі етек алуда. Бұрын тек жергілікті қауымдарға ғана бағдарланған көптеген діни орталықтар мен қозғалыстар жаһандық деңгейге шығотырып, өз мүмкіндіктерін кеңейтті. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде басталған бұл ірі ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мұсылман әлемі халықтарының қоғамдық өмірінде діннің рөлінің едәуір артуына әкелді және бұл қоғамның рухани өмірінде тікелей көрініс тапты.


2-жұптың мәтіні

Қазіргі заман жағдайында тілі ретінде ағылшын тілі қызмет етедін, ұлттық мәдениеттен жаһандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Американдық доллар барлық әлемде қолданылады, батыстық көпшілік мәдениет біздің өмірімізге айтарлықтай еніп келеді. Жаһандану ұлттық тілдер мәртебесының төмендеуіне, мәдениет аралық өзара байланыстың жалғыз құралы ретінде ағылшын тілін бекітуге әкелуде. Алайда, бұл тілдің жер шарындағы 380 млн. тұрғынның ғана туған тілі екені белгілі. Қазіргі кезде кітәп, газет пен журналдардың көп бөлігі ағылшын тілінде басылып шығарылады. Ғаламторға орналастырылған мәліметтердің 80% көбі ағылшын тілдес мәтінде. Тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде Бұұ ресми тілдері болып табылатын тілдердің біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара жатқанын көрсетуде. Бұл тілдердің таралу аймағы біртіндеп тарылуда, бұл тілде сөйлейтіндер саны азайуда, белсенді қолданылатын сөздік қоры күннен-гүнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жазбаша мәтіндер шет тілден енген, көп жағдайда, өз тіліміздің сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме сөздермен толығуда.


3-жұптың мәтіні


Жаһандану үрдісі үлкен сынға ие және де бұл сынды тек жаһандануға қарсы пікірдегі адамдар ғана емес, саяси қайраткарлардың бірқатары, сондай-ақ экономисттер мен оқымыстылар да білдіріп жатады. Мысал ретінде жаһандануға қарсы өткір сындарға толы бірқатар кітәптар жазған, әйгілі экономист Джозеф Стиглицты келтіруге болад. Стиглиц көптеген деректер мен мысалдар келтіре отырып, оның өндірісті құртатынын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуіне ықпал ететінін, ғылыми-техникалық прогрессті тежейтінін және әлемдегі экологиялық апаттарды шиеленістіретінін дәлелдейді. Бірғатар афторлар жаһанданудың бала туу деңгейінің төмендеуіне әсер ететінін көрсетеді. Ал өзгелері болса, жаһандану АҚШ-та өзінің гео саяси қарсыластарын әлсірету және құрту құралы ретінде қолданылатынын тұжырымдайды. Және осындай пікірлер өте көп.



Дескриптор


-Қате жазылған сөздерді табады

-Орфографиялық нормаға сай түзейді

-Ережеге сүйенеді

-Кестеге салады


Тапсырманы орындап болған соң топ ішінде өзара тексереді, топтар бір-бірін бағалайды.

Топтар бір-бірін «Бағалау терезесі» әдісі бойынша бағалайды.



Қалыптастырушы бағалау. «Элективті тест» тәсілі.


Оқушыларға алдын ала А, Б, С, Д ерқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл стикерді таратамын. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. Кідіріп сыныптан тест жаубына сәйкес әріпті көтеруін сұраймын. Өзін өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе бұрыс жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды




Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Көңіл-күй галереясы» әдісі. Оқушыларға стикер таратып беріп, олардан дәл қазіргі көңіл-күйін жеткізетін сурет салуды ұсынамын. Сабақтың басындағы және соңындағы суреттерді салыстырып, айырмашылықтарын түсіндіреді, сабақтан алған әсерімен бөліседі.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Тұтас мәтінді тұтас емес(кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтінге айналдырып келу.




















Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

1-тапсырма. Оқушылар тапрсырманы топпен орындайды. «Әділетсіз сайлау» әдісі бойынша оқушылардың тапсырманы орындауға деген ынтасын артады. Сабаққа ең немқұрайлы қарайтын оқушының өзі белсенділік танытары анық.

2-тапсырма. Оқушылар тапсырманы алдымен жұппен орындап, сосын топта талқылайды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы бір-бірінің қатесін түзейді.

Мәтінде қате жазылған сөздердің біразын қою қарамен жазып қоямын. Оқушылар сол сөздердің дұрыс жазылу нұсқасын, ережесін жазады. Сонымен қатар кейбір қате жазылған сөздер қою қарамен айқындалып тұрмайды. Қалған қате жазылған сөздерді өздері табады, түзейді.


Критерийлер бойынша өзара бағалау («Бас бармақ» әдісі арқылы қатарластарын «Тамаша», «Орташа», «Ұнамады» сөздері арқылы бағалайды)

Өзін – өзі бағалау («Бағалау терезесі» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмыста орындаған тапсырмасында өзінің смайликтер арқылы бағалайды, қызығушылықтарын ынталандырады). Сонымен қатар қалыптастырушы бағалаудағы «Элективті тест» тәсілінен соңғы бағалау оқушылардың осы сабақтан қандай ақпаратты есте жақсы сақтап қалғандығын көрсетеді.

Пәнаралық байланыс-география пәні. Ол топқа бөлуде, «Жүзіп шығу» әдісінде, алғашқы тапсырманы орындату көрінеді. АКТны пайдалану ширату жаттығуында жүзеге аырылады.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Әділетсіз сайлау» әдісі бойынша топ жұмысын таныстыратын оқушыны сайлау сәті.

2: Кері байланыс: «Көңіл-күй галереясы» әдісі. Сабақ басындағы психологиялық ахуал туғызу сәтімен тізбектес болғандықтан нәтижені анықтауда зор септігін тигізді.

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқы туды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Бағалауды жетілдіру

2: Саралауды дамыту

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары негізінде құрылды. Сабақ үдерісінде қолданған белсенді әдіс-тәсілдер оқу мақсатына сай жоспарланды. Жұптық та, топтық та жұмыстар жүргізілді.

Нәтижеге бағытталған саралау жүзеге асты, оқушыларға бірдей көлемде тапсырмалар берілді, деңгейлеріне байланысты түрлі жауаптар күтілді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
10011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі