400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:"Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Керекті деректерді алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану

Сыныбы: 5

Мерзімі: 19.10.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы:«Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, Shape1 қозғалысы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысShape2 ы туралы оқушыларға түсіндіру.Shape3 Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету. 

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Дүние жүзінің картасымен глобустың көмегімен оқушыларға Жердің пішінін, көлемін таныстырып, ой-өрісін дамыту


Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге, қарым-қатынас жасауды үйрету, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгіме-дәріс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карта, глобус, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) топтастыру, Галактика және Күн жүйесі.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексеру.

Тақтада ілінген жұлдызшалардың ішінде сұрақтар берілген, екі топтан оқушылар тақтаға шығып, үйге берілген тапсырмаға жұлдызшаларда берілген сұрақтарға жауап береді.



Shape4 Shape6 Shape7 Shape11 Shape12 Shape13 Shape16 Shape19 Shape20 Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Shape25





Shape26













1.Қай жылы бірінші рет Жердің жасанды серігі ұшырылды?

(1957ж. 4 қазан.)

2.Алғашқы ғарышқа ұшқан ғарышкер кім?

(1961ж, 12 сәуір Ю.А. Гагарин. «Восток» атты кемемен Жерді айнала ұшып ,

алғаш рет Жерді ғарыштан көрді. Ұшу уақыты 1 сағ. 48 мин.)

3. Айға қай кезде және кімдер бірінші болып қонды?

(1969 жылы 21 шілдеде Нил Армстронг және Эдвин Олдрин бірінші болып Ай

бетіндегі «Спокоиствие» теңізіне арнайы Айда жүретін кішігірім кемемен

қонып, Айдың топырағын, тасын зерттеу мақсатында өздерімен бірге алып

келді.)

4.Қазақстанда ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?

(Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ұшты.)

5.Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?

(Т. Мұсабаев ғарышта 3рет болды. 1994 жылы ғарыш кеңістігінде 126 тәулік болды.

6.Оптикалық телескоптар дегеніміз не? (жарықты линзаға немесе айна табақшаға жинау арқылы көріністі анықтайды)

7.Радиотелескоптар дегеніміз не?(ғарыштық нысандардан бөлініп шығатын дыбыстар мен импульстерді табақшасына жинау арқылы жұмыс істейді)

8.2001 жылы қандай тарихи оқиға болды? (Талғат Мұсабаев экипаж командирі ретінде және алғашқы ғарыштық туристі алып ұшты)



Тұлғаны танып білу әдісі .

Оқушылар суреттегі тұлғалардың аттарын атап береді.

1. Ю.А. Гагарин 4. Т Әубәкіров

2. В. Терешкова 5. Т. Мұсабаев

3. Нил Армстронг 6. Галилео Галилей

ІІІ. Сергіту сәті .

Оқушылар сергіту сәтінде Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» әніне қимыл қозғалыс арқылы билеу.

ІV. Жаңа сабақ

Жер шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын пайда болған. Жер дегеніміз Күн жүйесіне кіретін 8 планетаның бірі.Сегіз планетаның ішінде Жерде ғана тіршілік бар. Жер - қатты, сұйық заттармен газдардан тұратын алып шар. Жер Күнге жақын 3 – ші ғаламшар. Жер өз осін әрбір 23 сағ. 56 минутта, ал Күнді 365 күн 6 сағатта айналып шығады. Жер бетінің 3/4 бөлігін су, 1/4 бөлігін құрлық алып жатыр. Глобус деп Жердің кішірейтілген үлгісін айтамыз.

Мәтінмен жұмыс

Галактика тобына

А)Жердің пайда болуы мен пішіні өлшемі.

Күн жүйесі тобына

Ә)Жердің қозғалысы.

Оқушылар жаңа сабақты оқып , әр топ өзінің тақырыбын қорғап шығады.

V. Сабақты бекіту

Картамен жұмыс

1.Картадан Оңтүстік Жартышар мен Солтүстік Жартышарды көрсету.

2. Батыс пен Шығысты көрсету.

3.Экватор сызығы қайсы ?, оның ұзындығы қанша ?

4. Полюсті картадан көрсету.

5. Жер шарында қанша материк бар ?

6. Жер шарында қанша мұхит бар ?

7. Біз қайсы материкте тұрамыз ?

8. Еуразия материгі қайсы жарты шарда орналасқан ?

9.Жалпы Жер көлемі қанша ?

10. Құрлықтың көлемі қанша ?

VІ. Қорытындылау.

Синквейн әдісі.

VІІ. Білімдерін бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, Shape27 қозғалысы . Кескін картаға глобусты түсіру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі