жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ"Жергілікті жерді бағдарлау" 2-сынып

Күні: Мектеп:
Сынып: 2 Мұғалімнің аты-жөні: Берікбаева Гүлжанат Бекболатқызы
Пәні: Дүниетану
Сабақтың
тақырыбы
Жергілікті жерді бағдарлау
Оқу мақсаты 2.2.1.1. тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
Сабақтың
мақсаты
Көкжиек бағыттарын білу, тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын
анықтау
Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтап, дәлелдеу.
Құмырсқаның илеуін және ағаштың сақинасын табу арқылы көкжиек
тұстарын анықтау.
Ойлау
дағдыларының
деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану
Бағалау
критерийлері
Көкжиек және оның бағыттары туралы біледі;
Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтауды үйренеді.
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:
көкжиек – горизонт – horizon
тұсбағдар – компас – compass
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер.
Тұсбағдар-бағытты анықтайтын құрал.
Талқылау сұрақтары:
-Көкжиек дегеніміз не?
-Көкжиектің негізгі тұстарын ата
-Тұсбағдар не үшін қажет?
Құндылықтарды
дарыту
Ынтымақтастық-топтық жұмыс кезінде.
Құрмет-бір-бірінің жауабын тыңдау кезінде дариды.
Пәнаралық
байланыс
Көркем еңбек-жұмыс дәптерінде оқушылар үйдің айналасында
орналасқан заттардың суретін салады және бояйды.
Тақырып
бойынша
алдыңғы білім:
Менің үйім (Өз мекен-жайын атайды және орналасқан жерін
сипатттайды)
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың
басы
4 мин
Ширату жаттығуы.
ҰЖ. «Сәлемдеме жіберіңіз» (Оқушылар ойын арқылы
жаңа сабақтың мақсатын анықтайды), (айтылым
дағдылары бойынша алдыңғы білімін еске түсіру)
Тапсырма: Оралған қағаздың ішіндегі сұрақтарға
жауап бер.
Нұсқау: Затты бірнеше қабат қағазға ораңыз.
Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған затты сынып
ішінде береді;
Музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Әр
қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ қойыңыз,
оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты әрі
қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше

жалғасады.
-Сенің үйің қай жерде?
-Сенің тұрғылықты жерің Қазақстанның қай
аймағында орналасқан?
-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа
тақырыбымыздың аты қандай болмақ?
Ынталандыру: Жарайсың! Сұрақтарға дұрыс жауап
бердің.
Жергілікті жерді бағдарлау
СБ хабарлау: сен тұсбағдар құралымен және
жергілікті белгілерге қарап, тұстарды анықтауды
үйренесің!
Топқа бөлу.«Белсенді әріптер». Балалар көкжиек
тұстары белгіленген әріпті таңдау арқылы топтасады.
1 топ – оңтүстік
2 топ – солтүстік
3 топ – батыс
4 топ – шығыс
Көкжиек
тұстарының
белгілері
жазылған
кеспе қағаздар

Сабақтың
ортасы
8 мин
6 мин
6 мин
ТЖ «Көзбен көру айғағы» тәсілі (Жаңа тұжырымды
қалыптастыру, зерттеу дағдысы, ынтымақтастық
құндылықты дарыту)
Тапсырма: Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата
Нұсқау: Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар іс-
қимылдар жасау арқылы көкжиек тұстарын
анықтайды.
Бақылау: Мұғалімнің бағыт-бағдарын тыңдайды.
Зерттеуді жоспарлау:
- Көкжиектің тұстарын қалай анықтауға болады?
Дереккөз жинау: (Оқушылар нұсқау бойынша мәлімет
жинайды)
Нәтиже: Нұсқау бойынша солтүстікті, оңтүстікті,
батысты, шығысты анықтайды. Көкжиектің тұстарын
қалай анықтау керек екенін түсінеді.
ҚБ. Көкжиек тұстарын анықтай алады.
ҰЖ. «Зерттеушілік жоба» әдісі. (Зерттеу дағдысын
қалыптасытру мақсатында)
Тапсырма: Сызбаны зертте.
Нұсқау:Мұғалім білім алушыларға тұсбағарды
үлестіреді.
Бақылау:
Зерттеуді жоспарлау: Көкжиектің аралық тұстарын
қалай белгілейді?
Дереккөз жинау: Тұсбағдар көмегімен көкжиектің
аралық тұстарын анықтайды.
Нәтиже: Солтүстік-шығыс - СШ, оңтүстік-шығыс -
ОШ, оңтүстік-батыс - ОБ, солтүстік-батыс - СБ. Бұлар
көкжиектің аралық тұстары
Дескриптор:
-Көкжиектің аралық тұстарын анықтайды.
ҚБ.Көкжиектің аралық тұстарын дұрыс таптың!
(ЖЖ) ҚБ тапсырмасы «Ойлан тап» әдісі (бақылау
дағдысын қалыптастыру)
Көкжиектің тұстарын анықтайтын құралды белгіле (+)
және атауын жаз.
Оқулықпен
жұмыс
тұсбағдар

Сабақтың
соңы
5 мин
Кері байланыс. «Стикер» арқылы
Сабақты түсінген болса күннің суретін, түсініксіздеу
болса бұлтты күннің суретін, түсінбесе бұлттың
суретін салып береді.
Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды
меңгеру деңгейін қалай тексеруді
жоспарлайсыз?
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасыны
ң сақталуы
Барлық оқушылар:
көкжиектің бағыттарын
біледі, тұсбағдар көмегімен
көкжиек бағыттарын
анықтайды
Көпшілік оқушылар:
тұсбағдар көмегімен
көкжиек бағыттарын
анықтап, дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
Құмырсқаның илеуін және
ағаштың сақинасын табу
арқылы көкжиек тұстарын
анықтайды.
Ынталандыру: Жарайсың! Сұрақтарға
дұрыс жауап бердің.
ҚБ. Көкжиек тұстарын анықтай алады.
ҚБ.Көкжиектің аралық тұстарын дұрыс
таптың!
Өзіндік жұмыс: Графикалық бағалау.
«жұлдызша» арқылы
Топаралық бағалау: «Жарайсыңдар!»
Кесілген ағаш сақинасының жылдық
шеңберлері нені білдіретінін білдіңдер!
Құмырсқаның илеуіне қарау арқылы
көкжиек тұстарын анықтадыңдар!
Қауіпсіздік
ережелерін
сақтау
Сабақ бойынша
рефлексия
Оқу мақсаты мен сабақтың
мақсаттары орындалды ма?
Бүгін оқушылар не
үйренді? Сабақ қалай өтті?
Қандай кедергілер болды?
Не сәтті өтті?
Жоспарланған саралау
жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды
ма?) уақытты қалай
пайдаландым? Жоспарыма
қандай өзгерістер енгіздім
және неге?
Оқу мақсаты мен сабақтың мақсаты шынайы, қолжетімді
болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.
Белсенді оқу тапсырмалары сәтті өтті. Сабақта саралап оқу
тапсырмалары дұрыс жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде уақыт
тиімді пайдаланылды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған
жоқ.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Топтық жұмыста «Көзбен көру айғағы» тәсілі бойынша берілген тапсырма

бойынша әрбір оқушы өз ойын қорытып, топ болып пікірлерімен бөлісуі;
2. Ұжымдық жұмыста «Зерттеушілік жоба» тәсілі бойынша тақырыпты түсіну
деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамыту.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Тиімді әдіс-тәсілдер көбірек қолданса.
2. Ақпаратттық-коммуникациялық технология қолданса.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар
аудару қажет?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген