400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Жомарттық пен кеңпейілділік 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзін – өзі тану сабағының жоспары


Мектеп №49 Мерзiм: 06.02.2019жыл №21сабақ

Мұғалiм: Султанова О Сынып: 3 «А»

Тақырып: Жомарттық пен кеңпейілділік

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдылық, кешірімділік, достық


Сабақтың мақсаты: Кеңпейілділік пен жомарттықтың маңыздылығы туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға кеңпейілділік пен жомарттылықтың маңыздылығын ұғындыра отырып,бауырмалдылық касиеті туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды кешірімділікпен қарым-қатынас жасауға дағдыландыра отырып, достық қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды бауырмалдылыққа, ақкөнілдікке, достыққа тәрбилеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

эссе жазу, ми шабуылы, дәйексөз,  пікірталас

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5Т-ны сақтау


2. Үй тапсырмасын тексеру М. Әлімбаев «Досым және мен» өлеңін жатқа сұрау

Әр оқушының жеке пікірін тыңдау

3.Дәйексөз. Адамның қадірлісі- жомарт кісі. Ж. Баласағұни

Хормен қайталап, мағынасын сұрау

4.Әңгімелеу. Бірге оқимыз. «Атымтай Жомарт»

• Атымтай жомарттықты қалайша түсіндірді?

• Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады?

• Жомарт адам юолу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар?

• Сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады?

5.Мұғалім сыйы: Бейнефильм Жомарт пен Сараң


Сабақта ұжымдық тыңдауға жайлы жағдай тудыратын ойлау және тілдік әрекет

Оқушылармен пікірлесу, мәселені талдау, ой қорытындысын шығару

6.Жаңаны білеміз

Кеңпейілділік- бұл ниеті түзулік, мінезі ашықтық, жүрегі жұмсақтық. Кеңпейіл адам ешкімнің ала жібін аттамайды, барлық адамдарға қол ұшын беруге даяр, жомарттыққа бейім болады.

Кеңпейілділік туралы қазақ халқы «Кең болсаң, кем болмайсың» деп тауып айтқан.


7.Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді түйінді сөздерді түйіп жазыңдар.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал- мәтелдерді жазыңдар.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Екі мәтіннің ерекшеліктері мен екеуіне ортақ тұстарын тауып, дәптерге жазыңдар.

Оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды, ынтымақтастық, іс әрекеттегі келісімділік дамиды.

8.Топпен ән айту:

Біз өмірдің гүліміз. Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі, Әні Б.Ғизатовтікі

Музыкасын қосу

9.Үй тапсырмасын беру. Атымтай Жомарт аңыз әңгімесін оқу


Күнделікке жаздырту

10. Сабақтың қорытынды сәті. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі