жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ"Жүк машинасы"
БҚО, Бәйтерек ауданы Новенький ауылы «Бүлдіршін» бөбекжайы МКҚК әдіскері
Галиева Ботагөз Кенесқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: «Жүк машинасы»
Мақсаты: Көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту, құрылыс материалдарын пайдалана отырып, жүк машинасын құрастыра білуге үйрету. Өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: жүк машинасы-грузовая машина
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: машина түрлері туралы әңгімелесу
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ-жауап, сергіту, ойын.
Көрнекілік: Көлік түрлері суреттері, кубик, конструктор, слайд, машиналар.
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Баланың іс-әрекеттері
|
Мотивациялық қозғаушы |
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Аптаның қай күні? -Күз мезгілі сендерге ұнай ма? -Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Бірнеше көлік түрлерінің суреттері ілінеді. -Балалар қараңдаршы, суретте қандай көлік түрлері бар. Жеңіл машина, жүк машинасы, жедел жәрдем машинасы, Өрт сөндіруші машинасы,полиция қызметкері машинасы, ұшақ, тік ұшақ, кеме, қайық т.б. -Балаллар бұл аталған көліктер су көлігі, әуе көлігі, жерді жүретін көліктер болып бөлінеді.(бөліп атау) –Бұл көліктерді не үшін пайдаланады? Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасау. -Қандай бөліктері бар? Қорабы, кабинасы, дөңгелегінің түстері қандай? -Балалар сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? -Онда біз көлік тұрағына саяхатқа барайық. -Балалар тұрақта машиналар өте көп екен. Тұрақта қандай көлік түрлері бар екен. Қасында поезд да бар екен. Ол бөлек тұр. Неліктен ол машиналардан бөлек тұр деп ойлайсыңдар? |
-Сәлеметсіз бе! -Күз. -Жұма. -Ия, ұнайды. -Жаңбыр жауады, күн салқындайды.
Көлік түрлерін атайды. Көліктердің қажеттілігін айтады. Жеңіл машина, жүк машинасы, ұшақ, жедел жәрдем машинасы, трактор, полиция қызметкерінің машинасы, өрт сөндіруші машинасы, велосипед.
Бөліктерін атайды. Қорабы, кабинасы, дөңгелегі. Балалар жүк машинасының бөлшегінің түстерін айтады. -Ия.
Тұрақтағы көліктерді атайды.
Поездың қандай көләк екенін айтады.Себебі ол шойын жолмен жүреді. |
Ізденуші ұйымдастырушы
|
(Көлік жүргізушісі) -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер көлік тұрағына қонаққа келдіңдер ме? -Балалар менің көлігім сынып қалып еді, жөндеуге көмектесесіңдер ме? -Балалар оның көлігінен танып көрейік. -Бұл кісі қандай көліктің жүргізушісі екен. -Машинасына қарайық. Бұл қандай машина? (Жүргізуші көлігін көрсетеді.) -Ендеше , балалар, жүргізушіге машинасын жөндесуге көмектесейік. Сіреңке қорабынан жүк машинасын жасайық. Дидактикалық ойын: «Ұшады, жүреді, жүзеді» Шарты: Көліктің түрлері туралы айтылады. Жүретін көлік болса, қолдарымен дөңгелетіп айналдырады, әуе көлігі болса, қолдарын жоғары көтереді, су көлігі болса, қолдарын үшбұрыштап, көрсетеді. Сергіту сәті: Қане, кімнің бойы ұзын? Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Ал, паравоз, баста алға, Бәрімізді басқар да Пш-пш, пш-пш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Гу-гу, гу-гу,гуілде, Қалып қойма бәрің де, Пш-пш, пш-пш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Жүк машинасы жүргіушісімен бірге ойын ойнайық. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы текше» Шарты: Текшенің қолына ұстап лақтырады. Көліктің қай түрі түссе, көліктің атауын атайды, не үшін қажет екенін айтады. Дидактикалық ойын: «Жасырынған көлікті ата» (слайд арқылы) Шарты: Жартылай көрсетілген көлікті жұмбақ шешу арқылы тауып атау. -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін тапсаңдар жасырынған суреттің не екенін көресіңдер. Арқасында ауыл жүр, Ала тайым жауып жүр. (автобус) Ауылды жалғар қалаға, Қаланы жалғар ауылға Төрт аяқпен зулайды, Жаунда да, дауылды. (жеңіл машина) Қазша қанатын жаяды, Үйрекше мойнын созады. Құсша қонады. (ұшақ) Үстіне не салсаңда тиеп алып, Қара інген ботасымен зулайды. (пойыз) Өзі пілдей батыр, Керек кезде, су бүркіп жатыр (өрт сөндіру машинасы) Кеудесінде толған күш, Бітіргені іс. (трактор) Екі аяқты арба, Зарылдайды шапшаң. (мотоцикл) Үлкен темір балық, Суда жүзер шалқып (кеме) Аң да емес, құс емес, зымырайды, Моторлы да шуылдап, зырылдайды. Кеудесі мен орасан зор басы бар, Және де бар төрт дөңгелегі, Жүк салып арқасына дөңгелейді. (жүк машинасы) Екі аяқты «шайтан», Маймаңдар қайқаң-қайқаң. (велосипед) Тырылдап көкте инелік, Инелік емес, үй делік (тік ұшақ) Құмды жиған- Тұмсығы диван (бульдозер) Қос күрекпен еседі, Су көлігі деседі (қайық) Аспанда бір алып құс, Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсаң ғажайып, Соңында із қалады (зымыран) -Балалар сендер көліктердің түрлерін таниды екенсіңдер, жұмбақты да жақсы табады екенсіңдер. -Менің көлігімді жөндеп бергендерің үшін рахмет! -Сау болыңдар балалар! -Сау болыңыз! Енді балалар өзіміздің тобымызға пойызбен қайтайық. Қане, кімнің бойы ұзын? Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Ал, паравоз, баста алға, Бәрімізді басқар да Пш-пш, пш-пш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Суретпен жұмыс: «Кім қандай машинамен жүреді?» Шарты: Суретте берілген көліктермен кімдер жүреді соны сызық арқылы қосу. Суретпен жұмыс: «Жүк көлігін тап» Шарты: Суретте берілген көліктердің арасынан жүк көлігін тауып қоршау. -Енді балалар, суреттен жүк көлігін табыңдар. Оны фломастермен қоршап қойыңдар.
|
-Сәлеметсіз бе! -Ия.
Балалар көмектесуге тырысады.
-Жүк машинасы Балалар машина бөліктерін қарастырады.
Балалар сіреңкенің қорабынан жүк көлігін жасайды.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Өлең жолдарын қайталап, паравоз болып қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Жұмбақтарды шешіп, көліктерді атайды.
-Сау болыңыз!
Балалар суреттегі көліктермен кімнің жүретінін сызық арқылы қосады.
Суреттен жүк машинасын тауып, қоршайды.
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
-Балалар біз бүгін қандай көлік түрлерімен таныстық? -Ол көліктер не үшін қажет? -Қандай әуе көліктерімен таныстық? -Қандай су көлігі және жерде жүретін көліктермен таныстық? -Балалар бүгін оқу іс-әрекетіне өте тамаша қатыстыңдар!
|
Балалар өз білгендерін қорытады. Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көлік түрлері туралы және жүк машинасының негігі бөліктерінің атауларын;
Игереді: жүк машинасының қажеттілігін;
Меңгереді : конструктор бөлшектерінен жүк машинасын құрастыруды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген