Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ:Жүрек жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Куропаткино орта мектебі»КММ









«Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақ

«Жүрек жылуы»












Өткізген: Сонгина Д.А.





Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы

Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік»

адамгершілік кұндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - мейірімділік, кайырымдылық туралы

түсініктерін кеңейту;

- камқорлық жасауға жетелеу;

- мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, тауық пен балапандардың

суреті, дәптер, оқулық, интерактивті тақта.

Ұйымдастыру сәті: 1) Оқушылардың назарын сабаққа

аудару.

2) Психологиялық дайындық.

3) Тыныштық сәті

4) Өткенге шолу.

Слайд 3 Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды

жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді

жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін

тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды

бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы

таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын

сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа,

мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы

екендігін сезінеміз. Енді көзімізді ашамыз. Бір

біріміздің қолымызды қатты қысып журектегі жылуды таратамыз.

Слайд 4

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды

Слайд 5

Әңгімелесу

  • 1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

  • 2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

  • 3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Слайд 6

Үй тапсырмасы:“Қайырымдылық”

  • Мәтінмен жұмыс, мазмұнын айту

  • Топпен жұмыс.

ойын –жаттығу (сұрақ-жауап,әр топ бір-біріне қар лақтырады,қарда сұрақ)

-Мұхтар қандай оқушы?
-Ол киімдерін неге ластады?
-Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
-Сенің де осындай қайырымдылық жасаған кезің болды ма?
-Айналамыздағы адамдарға сүйіспеншілікті қалай бере аламыз?
-Сен де өз жүрек жылуыңды айналаңдағыларға бере аласың ба?

Слайд 7 мұғалім сөзі

- Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын - туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір - біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытты өмір сүреді.

Слайд 8 Жаңа ақпарат

Дәйексөз:

Табиғаттағы барлық жылу –

күннен,

Өмірдегі барлық жылу - адамнан”.

Слайд 9 сахналық көрініс

В.Осееваның «Жай ғана әжей»

Слайд 10

сұрақ
• Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
• Бұл оқиғадан не үйрендің?
• Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасыңдар?

Слайд 11 Жағдаятты талдау:

1. Сен бір құшақ газет – журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің...

Слайд 12. Сен аулаға ролик тебуге шықтың ал досыңның ролигі жоқ...

Слайд 13. Анаң ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті....

Слайд 14 Сергіту сәті:Мейірімді жүрек

Жүректі жұбату.

Жүректі қуанту

1-2-3-4-5

Күн шығады келекес

Күн сәулесі төгілді

Балалар жүр көңілді.

6-7-8-9-10

Күн қарайды бізге оң

Біз ержеттік еркелеп,

Мектепке келдік еркелеп

Слайд 15 Жақсылық бәрібір оралады (видео)

Слайд 16 -Сіздерге фильм несімен ұнады?(Оқушылар түсінгендерін өз сөздерімен жеткізеді).
-Бала неге көршілерінен ұрыс естіді?
-Баланың бойынан қандай қасиеттер байқадың?
-Оған көмектескен аспазшының, оның қызының бойында қандай қасиеттер көрінеді?
-Өзің табиғатқа, жақындарымызға, таныс емес адамдарға қамқорлық көрсеткен кезің болды ма?
- Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесің?
-Біреуге жақсылық жасаған кезде қандай көңіл-күйде боласың?

Слайд 17 мұғалім сөзі

Мейірімді адам өзге адамға, туған - туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. Әрқашанда адамдар бір - біріне жылы сезімдерін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Слайд 18 Ойланайық ,пікірлесейік(топпен жұмыс)

Ана кім?

Слайд 19 Шығармашылық жұмыс (сабақты қорыту) Жүректен жүрекке.Оқушылар сабақ соңында, қағаздан жүрек жасайды,сол жүрекке өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен өз сөйлемдерін айтады:


Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

Менің жылы жүрегіме рахмет!

Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!

Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!

Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!

Менің жан-жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!

Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!

Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!Менің жүрегім туған туысқандарды сүйгеніне рахмет!Менің жүрегім достарымды сүйгеніне рахмет!Менің жүрегім елімді,жерімді сүйгеніне рахмет!

Топпен ән айту.
Х.Талғаровтың сөзіне жазылған Н.Нүсіпбаевтың
«Дос болайық біріміз» әнін орындау
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қ-сы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз,сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста,
Батыл бас,жасұлан.
Самға,биік алысқа,
Жұлдыздарға ғарышқа,
Бойда күш тасыған.

Слайд 20 назарларыңа рахмет







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.11.2018
734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12