400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ;"Жүрек жылуы" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы Мақсаты: «Қайырымдылық», «Мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - Мейірімділік, қайырымдылық туалы түсініктерін кеңейту; - Қамқорлық жасауға жетелеу; - Мейірімділікке тәрбиелеу. - Көрнекі құралдар: дәптер , оқулық , суреттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы

Мақсаты: «Қайырымдылық», «Мейірімділік» адамгершілік құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Мейірімділік, қайырымдылық туалы түсініктерін кеңейту;

  • Қамқорлық жасауға жетелеу;

  • Мейірімділікке тәрбиелеу.

  • Көрнекі құралдар: дәптер , оқулық , суреттер


Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрады. Бір бірімен сәлемдесіп.

Балалар , қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге , қайырымға , махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір –бірімізбен бөлісейік.Мұғаліммен бірге Ж.Әбілжанқызының өлеңін қосылып айту.

Жан –жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.


Балалар адамдардың жүректері мейірімге, қайырымға махаббатқа жылы

сезімге толы екенін және жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын ұмытпаңдар.


Әңгімелесу

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқын келеді?

Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?


Мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтінді оқып беру. Балаларға оқыту.Балалар сұрақ бойынша жауап береді.

Сұрақтар

Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

Бұл оқиғадан не үйрендің?

Абзал мен Айнұрдың ой пікірлер туралы не айтасыңдар?


Дәйексөз

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі осындай..

Тактаға ілу.

«Табиғаттағы барлық жылу – күннен,

Өмірдегі барлық жылу - адамнан »


Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір –біріне қайырымдылық жасап жатса,әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.


Балалар дәптеріміздегі соңында берілген «»Менің дәйексөздерім» көрсетілген бетке жазу.

Оқулықтағы берілген суреттерге қарап, жағдаяттарды шешу.

  1. Сен бір құшақ газет- журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...........

  2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ............

  3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті................


Мейірімді адам өзге адамға , туған –туысқандарына , табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Сергіту сәті


Дәптермен жұмыс

Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы дәптерге жазу.

Ойын: Өзімді неге теңеймін?


Топтастыру

Ең жақын адамымыз ол кім? «Ана» Ендеше балалар «Ана »дегенде ойымызға не келеді. Соны топтастырамыз

Ана өз баласын аялап алақанында өсіреді. Баласының жақсы істеріне көмектескеніне, ана риза болады.

Екінші топқа « мен қандаймын?» әр бір бала өзі қандай соны жазамыз



Қағаз тарату сендермен тренинг өткіземін. «Досыңның есімі кім?,

досың қандай?, неге сен оны досың деп санайсын?»


Жүректен жүрекке

Шеңбер құру.

Жүректі ұстап балалар бір біріне тілектер айту.

Хормен.

Менің жылы жүрегіме рахмет!

Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

Менің жүрегімнің қуана білетіне рахмет!

Менің мейірімді жүрегіме рахмет!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі