400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ.Жуан және жіңішке дауыстылар. Сөз сиқырын ұға біл.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне сөздерді сатылай кешенді талдауды оқыту технологиясымен жұмыстануға көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімді ғылыми негізде, сатылай, жүйелі, кешенді, меңгеруді ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге пәнді сауатты меңгеруге негіз қалау.

Дамыту міндеті: Қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби жазу дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік міндеті: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттерді сіңіру

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді талдау" технологиясы, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, тілдік талдаулар жасау

Пайдаланылған әдебиет: Н. А. Оразақынова "Практикалық қазақ тілі"

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Сабақ мақсатын хабарлау

III. Дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру (әр оқушының қалауы бойынша дыбыстарды талдау)

1. Ө - □ бұл - дауысты дыбыс. Себебі: бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке. Себебі: бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді.

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай; жартылай ашық. Себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.

4. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік. Себебі: бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді.

Сергіту жаттығуы

Күнмен бірге тұрамыз ,                
Құспен бірге ән саламыз            
Қайырлы таң! Ашық күн!          
Көңілді біз тұрамыз.               

Күлім қағып қолымды,
1,2,3, деп соғайын

*****************


V."Атырау" сөзіндегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге дыбыстық мінездеме береді)

Берілгені: Атырау ○= □=?△

Мұнда неше дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін менен сұрайды

Шешуі: Атырау сөзінде

6 ○= 3(2а, ы)□ себебі;

3 (т, р, у)△ себебі:

□1. Себебі: бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады

2. Тілдің қатысына қарай: 2а, ы тіл арты немесе жуан □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай 2(а) ашық □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып ауа еркін шығады, (ы) қысаң □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.

4. Ерін мен езудің қатысына қарай:(а, ы) езулік □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

VII. Туған жер, Отан және ана тілі туралы мақал - мәтелдер айту, жалғасын табу

1. Туған жердей -...........

2. Өзге елде сұлтан болғанша -.............

3. Батыр майданда шынығады -........

4. Отансыз адам -.................

5. Өнер алды -........

6. Отан елдің анасы -.........

VIII. "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында жазған оқушылардың шығармашылық жұмысын тыңдау.

IX. Сабақты қорытындылау. Сонымен,бүгінгі сабағымыздне үйрендік?Әр оқушы өзінің есімінде кездесетін дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

X. Үйге тапсырма: дауысты, дауыссыз дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясымен дыбыстық талдауды жалғастыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі