жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:«Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті.Есептер шығару.»8 сынып
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті.Есептер шығару.»
|
Бөлім: |
Термодинамика негіздері |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Умбетова Гулдидар Абдиганиевна |
|
Күні: |
24.11.2021ж |
|
Сыныбы: 8 «а» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.3.2.19-жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау; 8.3.2.21-жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну. |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Жылу қозғалтқыштарының түрін ,құрылысын анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптерін және ПӘК-інің формуласын түрлендіреді. Кейбір оқушылар үшін: Білім алушылар жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентінің формуласын түрлендіріп,есептер шығаруда қолдана алады. |
|
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, топпен жұмыс жасау арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге баулу. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 3 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. |
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. |
Оқулық, жұмыс дәптері Интерактивті тақта. |
||
|
Жаңа сабаққа кіріспе 12 мин |
«Bingo» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1.Термодинамиканың бірінші заңы? 2.Клаузис тұжырымдамасы? 3.Ішкі энергия қандай әріппен белгіленеді? 4.Жылу қозғалтқыштары дегенімізне? 5.Іштен жану қозғалтқышы неше тактіден тұрады? 6.Пайдалы әрекет коэффициенті қандай әріппен белгіленеді? 7.Алғашқы бу машинасын кім ойлап тапты? 8.Бензинмен жүретін маторлардың артықшылығы мен кешілігі? 9.ПӘК-нің формуласы қандай? 10.Жылу мөлшері қандай әріппен белгіленеді? 11.Іштен жану қозғалтқыштарының бөліктерін ата? 12.Термодинамиканың екінші заңы? 13.Жұмыс қандай әріппен белгіленеді? 14.Температура қандай әріппен белгіленеді? 15.Дизельмен жүретін матордың бензинмен жүретін матордан айы рмашылығы? 16.ПӘК-нің өлшем бірлігі? 17.Іштен жану қозғалтқышының үшінші тактісі не деп аталады? 18.Р.Дизель нені ойлап тапты? 19.Неліктен автокөлік санының артуы көптеген экологиялық мәселелер туғызады?
20.Дизельді
қозғалтқыштарды ПӘК –і 150 |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Өзіне қойылған сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзі және 3 –ұпай қойылады. |
Презентация және “Bingo” қорапшасы және ойын даптары. |
||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 25 мин. |
«Жаңғақ жинаймыз!» әдісі арқылы оқулықтағы және қосымша есептерді жаңғақ тәрізді карточкалар арқылы оқушыларға таратады. |
Карточкалардағы есептерді жеке өздері дәптерлеріне шығарады. 1.Іштен жану қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті 25% .Ол нені білдіреді? 2.Егер турбинаға температурасы 480 0С бу еніп,сыртқа шыққанда 300 0С -қа дейін суитын болса,онда су турбинасының ПӘК-і неге тең?(37,5%) 3.Қыздырғышы 2270С, салқындатқышы 270С жылу машинасының макс ПӘК-і неге тең? (40 %). 4. Жылу қозғалтқышы бір циклде жылтқыштан 1000 Дж энергия алады да тоңазытқышқа 800 Дж энергия береді. Жылу қозғалтқышының ПӘКі қандай? 5.Жылумашинасықыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаныңПӘК-і қандай?(30%) 6. 18,9*106 Дж жұмыс жасау үшін 1,5 кг дизель отынын қажет еткен трактор қозғалтқышының ПӘК-ін анықтаңдар. (q=42,7*106 Дж/кг) |
Дескриптор: 1.Есептеің шартын дұрыс жазса-1 ұпай 2.Формуланы дұрыс қолданса -1 ұпай 3.Формулаға өрнектерді дұрыс қойса -1ұпай. 4.Жауабы дұрыс болса -1 ұпай Жалпы:4 ұпай Дұрыс жауап берілген кезде әр топ өзге топтың жұмыстарын тексереді |
Презентация Карточкалар, оқулық. |
||
|
|
«Миллион кімге бұйырады» ойын әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар береді. |
Оқушылар топпен бірге жылдам ақылдасып жауап береді мұнда топтар бәсекеге түседі. 1.Төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының қай тактісінде екі қақпақша жабылады? 2. Тұрақты 4 МПа қысымдағы газ 3 литрден 10 литрге дейін ұлғая отырып, қанша жұмыс жасайды. 3. Машинаның қозғалтқышында 0,33 Г Дж пайдалы жұмыс өндіру үшін 3 кг бензин жұмсалды. Осықозғалтқыштың ПӘК – ін табыңдар. |
Дескриптор 1.Бірінші сұраққа -1 ұпай 2.Екінші сұраққа -2 ұпай 3.Үшінші сұраққа -3 ұпай. |
Интерактивті тақта. Жұмыс дәптерлері. |
||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Кері байланыс. 5 мин. |
«Білім ағашы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабақта қол жеткізген жетістіктері мен қиын болған жағдайларды стикерлер арқылы анықтайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақта мақсатқа жетү үшін берілген тапсырмаларды орындауда жеткен жетістіктерін және түсінбеген жағдайларын стикерге жазады. |
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай мадақтау сөздерін айтады. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
||
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөзі» әдісі |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
||||
|
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
||||||
Түркістан облысы ,Келес ауданы
№54 «Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті.Есептер шығару.»
8 - сынып

Мұғалім:Умбетова Гулдидар Абдиганиевна
2021-2022 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген