400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау.жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсыну 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Термодинамика негіздері

Мұғалімнің аты-жөні: Набатбек А.А.

Сынып: 8

Күні:

Оқушы саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.19 – жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаты

  • жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін біледі

  • жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсынады

Бағалау критерийлері

  • Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципін біледі

  • ПӘК формуласын біледі және есептер шығаруда қолданады

  • Термодинамиканың екінші заңының жылу двигателіне қатысты қалай қолданылатыны туралы дұрыс сипаттама береді

  • жылу қозғалтқыштарының жақсарту жолдарын ұсыну

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға,сыни ойлау дағдысын дамытуға және коммуникативтік дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Бастапқы білім


Алдыңғы сабақта оқушылар термодинамиканың бірінші және екінші заңымен танысты және сол теориялардың негізінде мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес деген қорытынды жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар








Сабақтың басы


0-10 минут

















Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, арнайы геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.





Өткен сабақты еске түсіру: Бинго ойыны арқылы

Сұрақ жауап: жылу қозғалтқыштары

  1. Q әріпімен қандай шама белгіленеді? Жылу мөлшері

  2. Температураны өлшейтін құрал? Термометр

  3. Ешқандай сырттан энергия алмай жұмыс жасайтын қозғалтқыш? Мәңгі

  4. Газ, сұйық, қатты заттардың қандай күйі? Агрегаттық

  5. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? Джоуль

  6. 1000 метрге қандай қашықтыққа тең? Километр

  7. Q=U+A формуласы термодинамиканың қай заңына қатысты? І заңы

  8. 32 градуста су қатады, қай шкала бойынша? Фаренгейт

  9. А әріппімен қандай физикалық шаманы белгілейді? Механикалық жұмыс

  10. У әріппімен белгілейтін физикалық шама? Ішкі энергия

  11. Темір заттың қандай агрегаттық күйіне жатады? Қатты

  12. Масаның өлшем бірлігі? Килограмм

  13. 1000 кг/м3 судық қандай тұрақты шамасы болып табылады? Тығыздығы

  14. Газдың н/е будың ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған қозғалтқыш түрі? Қалай аталады? Жылулық

  15. Біздің елімізде қолданатын шкала түрі? цельсий шкаласы

  16. 1000 кг/м3 судық қандай тұрақты шамасы болып табылады? Тығыздығы

Ой қозғау Жаңа тақырыпты анықтау үшін:жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін жұмыс істеу принціпін түсіндіретін «эксперименттік әдіс» арқылы мұғалім көрсеттеді








Таратпа материалдар және зертханалық құрал




































Негізгі бөлім


11-36 минут












Жаңа тақырыпты талқылау: пазыл әдісі, әр топ пазылды құрау арқылы, пайда болған (төмендегі)сұраққа оқулықты пайдалан отырып жауап береді

-Жылу қозғалтқыштарын жетілдірудің жолдары?

-Дизель отынымен жұмыс істейтін қозғалтқыш?

-Болашақ қозғалтқышы?

-Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і, формулалары

-Идеал жылулық мәшиненің ПӘК-і, формулалары

Критерий: Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципін біледі

Дескрипторлар:

-Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-інің анықтамасын біледі

-Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-інің формуласын жазады және тісінеді

-Әр түрлі жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін біледі

жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынады



Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, оқушылар талдау жасайды. Оқушыладың ойын тыңдаған соң мұғалім кері байланыс жасай отырып, Карно циклін түсіндіреді.





Карно циклi.

Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа Q2 жылу мөлшерiн бередi, ал (Q1 – Q2) айырымын Aп жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi. Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады. Идеал жылу машинасы, оның ПӘК-і




Сабақты бекіту. ПӘК формуласын біледі және есептер шығаруда қолданады.


Есптер шығару

А-деңгейі

  1. 300 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (Таскөмірдің меншікті жану жылуы q=30*106 Дж/кг) жауабы: 9000*106 Дж

  2. 10 кг дизель отыны толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (дизель отыны меншікті жану жылуы q=42,7*106 Дж/кг) жауабы: 427*106 Дж

  3. В-деңгейі

  4. Механикалық жұмысы 400 Дж жасауға қозғалтқышқа 850 Дж жұлу мөлшері берілді, Қозғалтқыштың пәк-і ? жауабы: 47%

  5. Қозғалтқышқа 800 Дж жұлу мөлшері берілгенде, қозғалтқыш 200 Дж жұмыс жасады, қозғалтқыштың пәк-і қанша болатынын есептеңіз ? жауабы: 25%


С –деңгейі

  1. Қыздырқыштың температурасы 75◦С, ал суытқыштың температурасы 40◦С , Идеал мәшиненің пәк-і қанша ? жауабы: 46,6%

  2. Іштен жану қозғалтқыш 3 кг бензин жұмсап, 69 МДж-ға тең пайдалы жұмыс жасады. Ол қозғалтқыштың пәк-ін табыңдар ? (бензинның меншікті жану жылуы q=46*106 Дж/кг)

жауабы: 50%


Критерий: ПӘК формуласын біледі және есептер шығаруда қолданады

Дескрипторлар:

-есептің берілгенін жазады және ХБЖ-ға айналдырады.

-Формулаларды жазады және түрлендіре алады.

-Есептің шешімін есептеп, жауабын анықтайды.


























Таратпа материалдар




















Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия: Мұғалімге смс әдісі арқылы оқушылардан бүгін өткізілген сабаққа кері байланыс алу















Үйге тапсырма:

§16 оқу, 11 жатығу есептерін шығарды























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
1008
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі