400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Киелі сандар сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ 5-сынып оқушылыарына өткізілетін шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ


№13 ОРТА МЕКТЕП






Жаратылыстану-математикалық

бағыт

«Дарын» секциясы



Ғылыми жоба тақырыбы:

«Киелі сандар сыры және жай сандар туралы»





Орындаған: 8 «ғ» сынып оқушысы Нәдірәлі Анар

Жоба жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі

Жұмабекова Рыскүл Әмірбекқызы














ЖЕЗҚАЗҒАН 2010

Аннотация




Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.

Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы»,-деген қағидасын ұстанамын.

Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.

Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ.

Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.


























Мазмұны:



  1. Аннотация


  1. Кіріспе


  1. Киелі 3, 4, 5, 7 сандарының қасиеті


  1. Шехеризада саны


  1. Жай сандар туралы білетініміз


  1. Қорытынды



































Кіріспе




«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшелігі неде?

Жай сандар туралы не білетінімізді және нелерді білмейтінімізді барынша түсінікті түрде айту. Біз жай сандар туралы элементар арифметикада кездесеміз, олар математиканың басқа бөлімдерінде, негізінен сандар теориясы ме алгебрада маңызды роль атқарады.

Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Киелі сандар сияқты жай сандардың да ең маңыздысын, ең қызықтысын қатар қоя отырып, шешілмеген проблемаларды көрсеттік.





















Киелі сандардың қасиеті


Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Мәселен 3, 4, 5, 6, 7 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.

Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

Енді осыларды таратып айтсақ:

Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды.

Берсең жағасың,

Бермесең дауға қаласың

Өз жұртың – ағайын,

Бар болсаң көре алмайды

Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң күндейді,

Жаман болсаң жүндейді.

Нағашы жұртың:

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді.

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді.

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

Үш ғайып: қонақ несібе, ажал

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасы

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне сөз,

Тіл қазынасы – ескі сөз

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

4 санының қадір-қасиеттері:

Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ

Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли

Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа

Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил

Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран

Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,

Ұрының пірі – жалтақ ата

Шебердің пірі – тепшен ата

Кәрінің пірі – кекшіл ата

Төрт тұлға: от, су, жел, жер

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері

Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара

Жылқы пірі – Қамбар ата

Сиыр пірі – Зеңгі баба

Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу

5 санына байланысты:

Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш

Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз

6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал

Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма

Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:

  1. Бір-біріне сәлем беруге

  2. Шақырса баруға

  3. Кеңес сұраса ақыл қосуға

  4. Сұрағына жауап беруге

  5. Ауырып қалса көңіл сұрауға

  6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға

Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады.

Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады. Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны. 4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жарияеткісі келіп тұратындар. 9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.

Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, - деп есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.

Қазіргі дәстүр бойынша «0» және «5» санына аяқталған елеклі кезең аталып өтіледі. Республикамыздың егемендік алғанының 10 һәм 15 жылдыөтары тойланды. Елімізге еңбегі сінген тұлғалардың мерейтойлары аталып ететін болды. 20069 жылы «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі, халықтың біртуар перзенті ақын Олжас Сүлейменовтың 60 жылдығын мемлекет болып тойлаған болатынбыз. Дәл осы жылы Қазақстандағы қазақ халқының үлесі 60%-ға жетті.





























Шехеризада саны

1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшнлігі неде? Мұның ерекшелігі мынада: бұл 1001 саны, 7, 11 және 13 сандарына қалдықсыз бөлінеді немесе 1001=7 Х 11 Х 13 болады, бірақ бұл санның ерекшелігі бұл емес. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткенде шығатын көбейтіндіні осы үш таңбалы санды екі рет қайталап жазғанға тең.

873 Х 1001=873873

236 Х 1001=236236

Ал бұл санның қандай ғажап сыры бар екендігін дәлелдеп көрейік. Ол үшін «ойлаған санды табу» есебін шығарып көрейік. Ол үшін Іоқушығаүш таңбалы сан ойлауды ұсынады. Оны қағазға жазғаны дұрыс. Енді ойлаған санға осы санның өзін тіркеп жазып, сан жазылған қағазды ІІ оқушыға береді. ІІ оқушы қағазға жазылған санды 13-ке бөліп, шыққан санды ІІІ оқышыға береді, ІІІ оқушы 13-ке бөлінген санды11-ге бөліп, ІV оқушыға беруі керек, ал ІV оқушы ІІ-ге бөлінген санды 7-ге бөліп, шыққан санды оқуы керек. Бұл сан 1 оқушының ойлаған саны болады.

Мұнда ешқандай да құпия жоқ. Үш таңбалы бір сан ойлап, оны 1001-ге көбейтіп, қайта 1001-ге бөлдік. Нәтижесінде ойлаған санның өзі шықты.

Ойынды мысалмен көрсетейік:

І оқушы 871 санын ойлады дейік, оған 871 санын тіркеп 871871 түрінде жазып, ІІ оқушыға берді делік. Бұл 871 Х 1001-ге көбейтілгенде 871871 саны шығады. ІІ, ІІІ, ІV оқушының кезегімен 13, 11, 7-ге бөлуі, бұл санды 1001-ге бөлумен тең. Себебі, 13 Х 11 Х 7=1001 санын береді. Сонымен, 871 санын 1001-ге көбейтіп, қайта 1001-ге бөлгенде, бөліндіде ойлаған 871 саны шығады. Бұл саннан басқа да үш таңбалы кез келген сан ойлап, ойынды жалғастыруға болады.



















Жай сандар деген не?

Натурал, яғни бүтін оң сандарды көбейту сияқты элементар арифметикалық амалдарға байланысты ең қарапайым есептердің өзі жай сандар ұғымын тудырады.

Екі натурал санның көбейтіндісінің әрқашан натурал сан болатыны аян. Олай болса, екі натурал санның, көбейтіндісі болатын, бірден артық натурал сандар бар. Бірақ екі натурал санның көбейтіндісі болмайтын, бірден артық натурал сандар да бар, мәселен 2, 3, 5 немесе 13 сандары. Міне осындай сандарды біз жай сандар деп атаймыз.

Сөйтіп бірден артық екі натурал санның көбейтіндісі бола алмайтын, бірден артық әрбір натурал санды біз жай сан деп атаймыз.

Егіз жай сандар

Тетелес жай сандардың шектеусіз тізбегі, яғни 2, 3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 23, 29, 31, 41, 43, 47, ... тізбегі, жөнінде бірқатар сұрақ туады. Олардың тек кейбіреулеріне ғана оңай жауап беруге болады.

Мәселен, ең кіші жай сандар 2 мен 3, олар тетелес натурал сандар болып табылады. Екеуі де жай сандар болып табылатын басқа да тетелес натурал сандар бар ма деген сұрақтар туады. Ондай сандардың жоқ екенін дәлелдеу оңай. Шынында да, тетелес натурал сандардың әтбір екеуінің біріжұп, демек, егер ол 2-ден артық болса, ол құрама сан болады.

Дегенмен екеуі де жай сандар болатын көптеген тетелес тақ сандар пары бар, мәселен 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13, 17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43 парлары. Осындай пар сандарды біз егіз сандардың парлары деп атаймыз. 30миллионға дейінгі сандар ішінде осындай 152 892 пар сандар бар.

Гильбрайт болжамы

1958 жылы Н. Л. Гильбрайт мынадай болжам айтты.

Егер біз тетелес жай сандарды тізіп жазсақ, сонан соң бірінші жолға – тетелес жай сандардың айырмаларын екінші жолға – бірінші жолдағы тетелес сандардың айырмаларынынң абсолют шамаларын, үшінші жолға – екінші жолдағы тетелес сандардың айырмаларының абсолют шамаларын жазсақ т. т., онда әр жолдың алғашқы саны 1 саны болады.

Сөйтіп, мәселен, алғашқы 17 жол (тетелес жай сандардан кейінгі) мынадай болады.


2, 3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 23, 29, 31, 37, 41, 43, 47, 53, 59, 61

1 2 2 4 2 4 2 4 6 2 6 4 2 4 6 6 2

1 0 2 2 2 2 2 2 4 4 2 2 2 2 0 4

1 2 0 0 0 0 0 2 0 2 0 0 0 2 4

1 2 0 0 0 0 2 2 2 2 0 0 2 2

1 2 0 0 0 0 2 0 0 0 2 0 2

1 2 0 0 2 2 0 0 2 2 2 2

1 2 0 2 0 2 0 2 0 0 0

1 2 2 2 2 2 2 2 0 0

1 0 0 0 0 0 0 2 0

1 0 0 0 0 0 2 2

1 0 0 0 0 2 0

1 0 0 0 2 2

1 0 0 2 0

1 0 2 0

1 2 0

1 2

1



Жай сандар қандай цифрлардан басталады және аяқталады?

Бірден артық цифры бар жайсанның соңғы цифры жұп бола алмайды. өйткені онда сан 2-ден артық және жұп болар еді де, сондықтан ол құрама сан болар еді; соңғы цифры 5 те бола алмайды. Өйткені бұл жағдайда сан 5-тен артық болып және 5-ке бөлінер еді, демек, құрама сан болған болар еді. Сонымен 10-нан артық жай санының соңғы цифры тек 1, 3, 7 немесе 9 бола алады.

Жай сандарды екі квадраттың айырмасына жіктеу және басқа жіктеулер

Үш натурал санның квадраттарының қосындысы болатын шексіз көп сандардың, сонымен қатар мұндай қосынды болмайтын шексіз көп жай сандардың, сонымен қатар мұндай қосынды болмайтын шексіз көп жай сандардың бар екенін дәлелдеуге болады. 100-ден кем жай сандардың арасында үш натурал санның квадраттарының қосындысы болатын сандар мыналар:

3=12+12+12, 11=12+12+32, 17=22+22+32, 19=12+32+32,

29=22+32+42, 41=12+22+62=32+42+42, 43=32+32+52,

53=12+42+62, 59=12+32+72, 61=32+42+62, 67=32+32+72

73=12+62+62, 83=12+12+92=32+52+72, 89=22+22+92=

=22+62+72=32+42+82, 97=52+62+62.

Жай сандардан құралған сиқырлы квадраттар

Жолды сиқырлы квадрат деп (кең мағынада) әр түрлі натурал сандардан құралып жолға (сонша бағанға), жазылғанда әрбір жолдағы, әрбір бағандағы және әрбір бас диагоналдардағы сандардың қосындылары өз ара тең болатын таблицаны айтады. Тек жай сандардан құралған үш және төрт жолды сиқырлы квадраттар белгілі. Мәселен мына квадраттар:


569

59

449

239

359

479

269

659

149




17

317

397

67

307

157

107

227

127

277

257

137

347

47

37

367




Қорытынды

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.





































Пайдаланған әдебиеттер


  • Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы Алматы 2002


  • Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И.М. , Көкенова Ж. Алматы – 1974


  • Қырық қазына Ә. Доспамбетов Алматы 1987


  • Матеиатикалық кеш С. Елубаев, Н. Шәкуов Алматы 1971


  • Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз

В. Серпинский






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі