жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.Кинетикалық энергия. 7-сынып
Сабақтың жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Энергия Сабақтың тақырыбы: Кинетикалық энергия. |
Мұғалімнің аты-жөні: Ақбаева Алмакул Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама сына сілтеме) |
7.2.3.2 – механикалық энергияның екі түрін ажырату; 7.2.3.3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Потенциалдық және кинетикалық энергияны ажыратады. Көпшілігі: Кинетикалық энергияның формуласын пайдаланып есептер шығарады. Кейбірі: Күрделі есепті шығару барысында, кинетикалық энергия туралы өз тұжырымын ұсынады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Механикалық энергияның екі түрін ажыратады. Кинетикалық энергия формуласын қолданады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Кинетикалық энергия, Джоуль, киловатт сағат, Энергияны білудің күнделікті тұрмыста маңызы қандай? Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия ... деп аталады Энергия-энергия-energy. Жылдамдық-скорст-velocity Кинетикалық энергия-кинетическая знергия-kinetic energy |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Биология: адамның энергиясы Математика: есеп шығаруды жүргізеді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Механикалық жұмыстың, қуаттың анықтамасын формуласын біледі. Орындалу шартын біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Топтарға бөлу. «Адасқан әріптер» Тақырыпқа байланысты «энергия» «жұмыс» «қуат» сөздеріндегі әріптердің орнын дұрыс орналастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
Сұрақ –жауап 1.Қуат ұғымы неліктен енгізілген? 2.Қуатты қалай есептеуге болады? 3.Қуат дегеніміз не? 4.Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады? 5.Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігі қалай аталады? 6.Қуаттың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі. ҚБ: Жұлдызша арқылы бағалау |
Әріптер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут
|
Білу және түсіну 2.Бейнекөрсетілім. «Ой қозғау»Топтық талқылау ( G). Диалог. 1.Бейнекөрсетілімнен не байқадық? Дененің массасы жылдамдығы үлкен болса, оның кинетикалық энергиясы үлкен болады. Бейнекөрсетілімде көргендерін топта талқылайды. Оқулықпен жұмыс жасайды. 3.Топтық жұмыс «Мағынаны тану» Мәтінмен жұмыс. 1-топ Кинетикалық энергия дегеніміз не? Өмірде қолданылу жағдайлары 2-топ Кинетикалық энергияның формуласы. 3-топ Кинетикалық энергия мен потенциалдық энергияның айырмашылығы. Кинетикалық энергия туралы білімдері толығады. ҚБ:Топтар бірін-бірі екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды. 4. «Жұптық жұмыс» (Р) Сәйкестендіру кестесі.
ҚБ: Cәйкестендіру кестенің дұрыс жауабы тақтадан тексеріліп оқушылар өзін-өзі бағалайды
Жеке жұмыс (I) 1-тапсырма: Дұрыс аяқталған сөйлемді көрсетіңіз.Дененің кинетикалық энергиясы
2 тапсырма: Жолаушы мен трейлерді қоса есептегенде автомобильдің кинетикалық энергиясы 320 кДж-ға тең. Жолаушылардың массасы m = 400 кг. Сөйлемдегі бос орындарды толтырыңыз.
Бағалау критерийі: Кинетикалық энергия формуласын есеп шығаруда қолданады Дескриптор: -Кинетикалық энергия формуласын есеп шығаруда қолданады |
Эл.оқулық
Сәйкестендіру кесте
Таратпа материалдар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі Оқушыларға сабақ басында түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
Кинетикалық энергия тақырыбын оқу. Жаттығу есептерінен №3,№4 есептерін шығару |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылар топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс орындап олардың білу, түсіну, қолдану деңгейлері артты. №1 тапсырма Жеңілден күрделіге қарай сұрақтар арқылы Топтық жұмыс барысында 3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі (Әр түрлі тапсырма) Жұптық жұмыс барысында ортақ тапсырма беріледі, нәтижесі әр түрлі болады
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген