жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.Көкірекше мен белдемшенің қосылуы. Бұйымның бел сызығын өңдеу.
ф-019-072
“Сырдария” университеті
“Өнер” факультеті
“Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасы
Тақырыбы : Көкірекше мен белдемшенің қосылуы. Бұйымның бел сызығын өңдеу.
Өткізуші : оқытушы: п.ғ.магистры Сүттібаева Ж.Қ.
Пән: «Тігін бұйымдарының композиция негіздері»
Жетісай 2017 ж
Ашық сабақ жоспары:
Тақырыбы : Көкірекше мен белдемшенің қосылуы. Бұйымның бел сызығын өңдеу.
2.Сабақтың мақсаты. Студенттерге өз бетінше киім пішу ережелерімен таныстыру, көйлек көкрекшесі мен белдемшесінің қосылу жолдарын меңгерту. Бұйымның бел сызығын өңдеу тәсілдерін үйрету.
Білімділігі: Студенттерге киім пішу мен тігу технологиясы әдіс-тәсілдері жолдарын меңгерту.
Дамытушылығы: Тәрбие жұмысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формаларын ұйымдастыру. Студенттердің қабілеттері мен пікірсайыс, дебат, дөңгелек үстел және т.б. іс-шараларды өткізуге қойылатан талаптар, педагогикалық талдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Студентердің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі арқылы және шығармашылық ізденісі арқылы эстетикалық тәрбие беру, сол арқылы олардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ІІ. Сабақтың түрі: практика
ІІІ. Әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап.
ІV. Көрнекілігі: интерактивті тақта.
V. Сабақтың барысы:
VІ. Ұйымдастыру.
а) Студенттермен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару, сабаққа қатысуын тексеру –1 мин.
б) Топ студенттерімен өтілген алдыңғы тақырыптарды еске түсіру және жаңа тақырыппен байланыстыру – 5 мин.
в) Жаңа өтілетін тақырыптың аты және жоспарымен таныстыру – 2 мин.
г) Тақырыпты берілген жоспар бойынша баяндау – 30 мин.
д) Өтілген сабақты қорытындылау –5 мин.
е) Студенттердің тақырыпты игеруін сұрақтар бойынша анықтау – 5мин.
ж) Негізгі және қосымша әдебиеттер және бақылау сұрақтарымен таныстыру –3 мин.
Жоспары:
1. Өлшем нышандарын алу жолдары.
2. Өлшем бойынша есептеп көйлек пішу ережелерін анықтау.
3. Қыздар жазғы көйлегінің көкірекшесі мен белдемшесінің қосылу жолдары.
4. Әйелдер жазғы көйлегінің бел сызығын өңдеу.
5.Белдемшенің модельдену ерекшелікерін үйрету.
Мәтіні:
Құрастыру бөлімі - киімді жобалаудың негізгі бөлігі. Ол екі этаптың қосындысынан тұрады: нақты ұстаным мен шығармашылық.Оларға құрастыру әдісін таңдау, техникалық жобадағы және эскиздік көлемдегі бұйымның сызбасын өңдеу жатады.
Киімді конструкциялау - ол жалпылама киім дайындау өндірісі үшін оның конструкциясын құруда тиімді жобалау сұрақтарымен айналысатын ғылым.
Конструкциялау - киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Конструкциялаудың негізгі екі жүйесі қолданылады:
- муляжды әдісте күрделі конструкциялық форманы және үлгінің жеке элементтерін шешу үшін;
- графикалық – есепті әдісте өлшемдерге қосымша қосу арқылы.
Белдікті бұйымдарды конструкциялау – оның құрылымы мен пішімін анықтайтын процесс.Үлгілеуші – суретші сұлба мен пропорция, тұлғаға байланысты пішім сызықтарын, қымтырма мен қатпарлардың бағытын, майда бөлшектердің:белдікше,қалта, қақпақшаның орналасуын анықтайды.
Киім конструкциясын кез келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішіміне қарай сипаттайды, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады.
Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөлшектерін өлшеудің үш тәсілі бар:
бірінші тәсілі арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді:
екінші тәсілі арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді:
үшінші тәсілі арқылы дене бітімінің үстін өлшейді.
Декоративтік-конструктивтік сызықтар - екі қызметті біріктіреді - декорациялық және конструкциялық қажеттіліктер. Оларға жол кесте, бау, баукесте, тағы басқа арқылы безендірілген сызықтар жатады. Осындай жағдайда эстетикалық қызметті конструкцияның өзі атқарады.Декоративтік сызықтар ешқандай утилитарлық-практикалық қызметті атқармайды. Бұл киімнің кестелеу жолақтары, шілтері, мережка, баулары, кестесі, таспасы сияқты әр түрлі әрлеу сызықтарының сызбалық сипатын құрайды. Көлденең (горизонталь) сызықтар бұйымның енділігін көрсете отырып, толықтық, тыныштық, тұрақтылық елесін береді.
К
иім
силуэтінде негізгі бес көлденең
сызықтарды ажыратады: иық, кеуде, бел,
мықын, етек сызықтары. Тік (вертпикалъ)
сызықтар бұйымның ұзындығын көрсетеді,
төзімділік, беріктік, негізділік әсерін
береді. Мұндай сызықтар бойдың
биіктігін, яғни бойшаңдықты көрсетеді.
Негізгі конструкциялық тік сызықтар
белдемше ұзындығын, арқа немесе шалбар
ұзындығын, жең ұзындығын белгілейді.
Қисык сызық - киімнің конструктивтік-композициялық сызықтарының ішіндегі ең бір бастысы, тек сол киімде ғана адам дене бітімінің кескін-келбеті анықталады, бұлар: белден мықынға, белден кеудеге тарайтын сызықтар, қолтық ойындысы. Қисық сызықтар киімнің жекеленген бөлшектерінде де кездеседі. Сынық сызықтар жаға, қалта, жаға қайырмасы сияқты киім бөліктерінің конструкциясында жиі пайдаланылады. Аралас сызықтар реглан, нымша, иініш конструкцияларында кездеседі. Диагоналъ сызықтар әр түрлі тілікшелік бөлшектерге, бүрмеде, аяқ киімде, киім бүкпесінде, т.б. кеңінен қолданылады. Бірінен-біріне ауыса отырып, бүл сызықтар көлденең және диагональ сызықтардың қасиетіне ие болады, пішін мен көлемді бағыт сипатына қарай үлкейте немесе кішірейте алады. Параллелъді және қиылысатын сызықтар - негізінен сәндік, әшекейлік, әрлеу сызықтары. Түзу сызыққа қарағанда иілген сызықтар киімге анағұрлым сәнділік пен әшекей береді .Киімнің тігілу технологиясы
Әйелдердің сәнді киімі - әркімнің өзіне тән ерекшелігімен, стандартты және басқаларға ұқсамайтындығынмен сипатталады. Сәнді киімнің бірнеше арнайы түрлері болады. Олар демалыста киінетін жаздық сәнді киім; кез-келген маусымға арналған кешкі сәнді киім; салтанатты жағдайларда киінетін киім. Киіну мақсатына қарай түрлі маталардан тігіледі. Олар: табиғи және жасанды жібек, жүн мата, түрлі талшықтардан жасалған трикотаж және арнайы кештерге арналған - жібек, барқыт, парша, жылтырақ жібі бар маталар, т.б. Демалыста киілетін киімдер күнделікті киімнен анағұрлым сәндірек болады. Ол-соңғы модаға сәйкестендірілген, өте ұқыпты тігілуі керек, алайда формасы жағынан бұлар жұмыс жағдайында киілетін кәдімгі көйлектер, костюмдер мен комплектілер болып табылады.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қолтық ойындысына, мойындыққы, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай). Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
Омырау букпесін ауыстыру ережесі.
а) бүкпенің жаңа орнын белгілейді. б) бүкпені кеседі.
Модельдеу омырау бүкпесін ауыстыру әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
1. түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.
2. нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бойының жартысын қияды.
3. жаңа бүкпені орналастыратын орынды белгілейді.
4. белгіленген сызықтар бойымен қияды.
5. алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.
6. омырау бүкпесін нобайсызығына сәйкес ауыстырады: а) бүйір; ә) қолтық ойындысына; б) мойындыққа; в) бел сызығына; г) алдыңғы бойдың ортасына қарай.
Белдемше – бұл әйел қаруы және әйел адамына тән биязылық пен нәзіктікті айқындап тұратын да осы белдемшелер. Алайда, түрлі үлгідегі белдемшелерді басқа киімдермен үйлестіре алу да маңызды рөл атқарады. Белдемше киюдің де өз ережелері бар екенін ұмытпайық. - Ұзын белдемше бейнеге сымбаттылық береді, сырт көзге белді сәл тартып көрсетеді және мүсінді сәл ұзартады.
Белдемшеңіз кеңірек болған сайын, үстіңізге киетін жейде қарапайым әрі шағын болғаны дұрыс.
Қысқа белдемше үстіңгі бөліктің барынша жабық болуын қалайды. Кеудесі ашық және еліктіретін топтармен үйлескен белдемшеңіз сізді сәнқой арудан бірден жеңілтек аруға айналдырады. Сондықтан мини-белдемшелерге жабық жібек блузкаларды, кең стильдегі жейделерді киген дұрыс.
Бұйымдарды өңдеу уақыты әртүрлі болғандықтан, оның түрінде, құрастыруында, матаның түріне және бұйымға қойылатын техникалық талаптарға байланысты өзгеріп отырады.
Мысалы, қормен немесе арнайы машинамен қайып тігу орнын, жеңнің төменгі қиындысына, желімдік қатырманы желімдейді.
Бұйымдардың бөліктерін өңдеу және бір-бірімен қосу үшін қолмен жіне машинамен жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ бұйымдардың бөліктерін желіммен біріктіру әдістері де қолданылады.
Қолмен жүргізілетін жұмыс түрі көп, ол бұйымды әзірлеуде өз бетінше жұмыс (бұйымның төменгі қиығын бүгіп тігу) немесе оны әсемдеу (өңдеу жұмыстары) сонымен қатар машинамен қосымша жұмыс жүргізу болып бөлінеді.
Машина тігіс түрлерінің бөлінуі.
№ |
Операция |
Операцияның аты |
Кездесетін жері |
1 |
Қайып тігу |
Екі немесе бірнеше бөлікті жалғап тігу |
Иық, бүйір тігістерінде кездеседі. |
2 |
Қосып тігу |
Үлкенді – кішілі бөліктердің қосылып тігілуі |
Манжетті жеңге, қақпақшаны алдыңғы бойға қосып тігу. |
3 |
Жөрмеп немесе айналдырып тігу |
Екі бөлікті жөрмеп тігу, соңынан оң бетке айналдыру |
Қақпақша, жаға, белдік, өңір астары. |
4 |
Қондыру |
Екі бөлікті ойынды бойымен (бір-біріне қондырып тігу) |
Жеңді қондыру қолтық ойындысына,жағаны мойын ойындысына қондыру |
5 |
Бастырып тігу |
Екі бөлікті бірінің үстіне бірін салып, қабаттап бастырып тігу |
Жапсырма қалтаны бастырып тігу |
6 |
Айырып тігу |
Тігіске берілген қосымшаны бөліктің оң бетінен екі жаққа айырып,үстінен бастырып,айырып тігу,бекіту тігіс жиектерін екі айырып,екі жаққа (қаратып жатқыза үтіктеп, үстінен тігу) |
Бұл үтіктеудің орнына жүреді. |
7 |
Бүгіп тігу |
Шеті қайтарылған бөлікті, ашық қиықпен немесе жабық қиықпен бүгіп тігу. |
Етек қайтару, жеңін бүгіп тігу |
8 |
Сәндік тігіс |
Бөлікке оң бетінен сәндік тігіс салу. |
Жаға, манжет, өңір. |
Бақылау сұрақтары.
Конструкциялау дегеніміз не?
Конструкциялау барысында қандай тәсілдер қолданылады?
Декоративтік-конструктивтік сызықтар дегеніміз не?
Адам өлшем нышандарын қалай алынады?
Қисық сызықтар дегеніміз не?
СӨЖ тапсырмалары:
Үлгіні негізгі жіптің бойымен дұрыс орналастыру.
Жағаны өңдеуге технологиялық карта.
Жапсырмалы түзу, овалды иініштердің алдыңғы немесе артқы бойларымен өңделуі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Б. Сатыпалдинова. М. Сәлімбаева «Тігін өндірісінің технологиясы» Фолиант баспасы. Астана-2008.
А.Асанова, Ж. Айдынбекова, С. Нұрпейісова «Киімді конструкциялау» Фолиант баспасы. Астана-2008.
С.Асанова «Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы » Фолиант баспасы. Астана-2008.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген