400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:"көліктер және оның түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5-6 жастағы балаларға арналған.. Көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту . Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (әуеде, суда, жерде) топтастыру. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Көліктер және оның түрлері

Мақсаты:

1. Көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту

2. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (әуеде, суда, жерде) топтастыру. 

3.  Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру.

Үштілдігі: көлік-машина-machine ,

Көрнекілігі: көліктердің, автобус,жеңіл көліктер және жүк көлігінің суреттері.

Әдіс-тәсілдер:

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық дайындық

Сәлем достым (қол беріп амандасу)

Сен қалайсың (иықтарын қағады)

Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (қатты құшақтайды)

Жарайсыңдар ,балалар!

-Балақайлар сендер жұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?

-Ендеше мен сендерге дайындап келген жұмбағым бар:

Бір көзім “кідір” дейді

Бір көзім “жүгір” дейді

Бір көзім “абайла” дейді

Қарап ал маңайға” дейді (Бағдаршам)

-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл бағдаршам.

Бағдаршамның неше түсі бар екен?Жарайсыңдар!

-Қызыл түсі жанғанда не істеу керек?

-Ал сары түсі жанғанда не істейміз ,балалар?

-Жасыл түсі нені білдереді?

-Қызыл,сары,жасыл түстерді орысша,ағылшынша айтайықшы ,балалар!

-Ендеше ,біз осы үш түс бойынша үш топқа бөлінеміз.Кімге қандай түс түссе,Бағдаршамның жанып тұрған түсіне отырамыз.

ІІ.Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар барлығым назарымызды тақтаға аударайық.(тақтадан көліктер туралы видео- ролик көрсетіледі)

-Балалар тақтадан не көрдіңдер?

-Көліктердің адамға қандай пайдасы бар?

Көліктердің түрлеріне тоқталу. Әуеде,суда,жерде

Әуеде: ұшақ,тікұшақ

Суда: кеме,қайық

Жерде: автокөліктер,автобус,поезд,жедел жәрдем және өрт сөндіруші көліктер

-Балалар мен сендерге «Автобустағы оқиға» туралы әңгіме оқып беремін.Әр топ өз түсініктерін атады.

«Автобустағы оқиға»

Бір күні қария шал автобусқа отырады.Автобуста мүлдем отыратын орын жоқ екен.Ең соңғы орындықта екі ұл бала отыр екен.Ата солардың қасына барып тұрды.Екі ұлдың біреуі атаны көріп,орнынан атып тұрып орын береді.Қасындағы ұл бала соны көріп,неге орын бересің,біз ғой бірінші осы орынға отырған дейді.Сол кезде бала атаны отырғызып былай жауап береді. «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» деген сөз бар емеспе? Үлкен кісілерді құрметтеп сыйлауымыз керек.Сол кезде ғана бізді ата-анамыз мақтан тұтады-деп жауап қайтарады.Орын бермеген бала не айтарын білмей,беті қызарып отыра береді.

-Балалар сендер қалай ойласыңдар,қай баланың іс-әрекеті дұрыс?

ІІІ.Сергіту сәті (автобус туралы сергіту сәті)

ІV.Топпен жұмыс.«Құрастыру»

Үш топқа мозайка құрастыру беріледі.Бірінші топ; автокөлікті,екінші топ: ұшақты,үшінші топ:қайықты құрастырады.Көліктің қай түріне жататынын атап өтеді.

VІ.Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі 3-тапсырманы орындайды.Тапсырмада көліктердің суретін жалғастырып аяқтау қажет.(камаздың дөңгелегін,тікұшақтың ебелегін,автокөліктің жартысын,қайықтың ескегін салу керек.)

VІІ.Рефлексия.

Балалар тақтада ілулі тұрған поездің вагондарына ұнады,ұнамады деген қолдарды салады.

Қорытынды.

1.Балалар бүгін немен таныстық?

2.Көліктердің неше түрі бар?

Уақыт қалса (көліктердің дауыстарын естіртіп,тауып алу қажет.)



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі