400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ.""Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны".

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмегі тіп қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: М.Х.Дулати

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байтерекова Р.Ж.

Сынып:7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлім:Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны

Осы сабақ барысында жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О6-оқылым стратегияларын қолдану: комментарий /талқылау/ жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: оқылым стратегияларын қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқылым стратегияларын қолданып, комментарий жасап, іріктеп оқиды.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: мәтінге комментарий жасап,зерттеу жұмысын жазады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым мәтіні бойынша оқиғаның мазмұнына орай сұрақтарға жауап береді.

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып,оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

АКТ қолдану

  • АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интер белсенді тақта)

Сабақта қамтылатын

білім беру

құндылықтары

  • Мәтін мазмұнындағы адами құндылықтарды бойына сіңіру;

  • тыңдалым мәтінінде ұлттық ерекшеліктерді тану;

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет, ынтымақтастық және шығармашылық.

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

  • білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ойын еркін жеткізе алады.

Пән лексикасы және терминология: мәтін, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды, кейіпкер, басты кейіпкер және т.б

Осыған дейін меңгерілген білім

Ең көп қолданыстағы желілер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут




Ұйымдастыру кезеңі

Суретті таңдау арқылы 1-топ «Ауқымды желі», 2-топ «Компьютерлік желі», 3-топ «Интернет желісі» бойынша топтарға бөлінеді.

«Сұрақ ілмегі» әдісін қолдана отырып үй тапсырмасын сұраймын.

Қазіргі таңда ең көп қолданылатын қандай желілер?

Неге осы желілерді көп қолданады деп ойлайсыңдар?

Желілерді сабаққа байланысты қанша уақыт қолданасыңдар?

Етістіктің шақ дегеніміз не?

Осы шақтың түрлері қалай жасалады?

Сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын шақ түрі?

«Интернеттің пайдасы мен зиянын білесіз бе?» тақырыбында бейнетаспадан үзінді көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабақтың мақсатымен танысып, жетістік критерийлері оқушыларға таныстырылады.



1-топ «Ауқымды желі»

2-топ «Компьютерлік желі»

3-топ «Интернет желісі»

«Сұрақ ілмегі» әдісі

Сабақтың ортасы


8 минут










8минут






































14минут
















Оқылым

Жеке жұмыс

1-тапсырма. Мәтінді «Танысу үшін оқу және сканерлеу» әдісі арқылы оқып, мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп,өз ұстанымдарыңа қатысты ой-пікірлеріңді айтып,зерттеу жасаңдар. Дескриптор -мәтінді оқиды; -мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді;

-өз ұстанымдарына қатысты ой-пікірлерін айтады;

-зерттеу жасайды.

ҚБ Жұлдызша арқылы бағаланады.


Жағдаяттық тапсырма

Топтық жұмыс

2-тапсырма. Топтаса отырып,«Өкіл» әдісін қолдана орындап, 5 кеңес жазып,ойларыңды ортаға салыңдар.

1-топ. Сұраққа жауап беріп, «Бекболға 5 кеңес» жазыңдар.

Бекбол –үлгерімі жақсы оқушылардың бірі. Бірақ соңғы кезде сабақ үлгерімі төмендеп, мінезінің күрт өзгергені байқалды. Анасының айтуынша,үй тапсырмасын орындаймын деп күні бойы компьютердің алдында отырады екен. Тапсырма.Сіз олардың орнында  болсаңыз  не дер едіңіз? Қандай іс - әрекет  қолданар едіңіз? Осы жағдайдан  қалай  шығуға болады?

2-топ. Сұраққа жауап беріп, «Ахметке 5 кеңес» жазыңдар.

Ахметтің ата-анасы ұялы телефон сатып берді. Егерде сабақ үлгерімің төмендеп кетсе, ұялы телефонын алып қоятынын айтты. Бірақ сен уақыт өте өз уәдеңде тұрмадың. Сабағың төмендей бастады.

Тапсырма: Сен ата-анаңның орнында болғанда қандай әрекет жасар едің? Қандай кеңес берер едің?


3-топ. Сұраққа жауап беріп, «Сұлтанға 5 кеңес» жазыңдар. Сұлтанға жаңа ұялы телефон сатып әперді. Берілгенің соншалық - ұялы телефоныңызбен үлкен үзілісте ойнап жүріп, метептің қымбат стендін сындырып алдыңыз.
        Тапсырма:Сынып жетекшінің реакциясын  көз алдыңызға қалай елестетесіз?   Қандай жағдай болуы мүмкін? Ата - анаңыз не дер еді? Сіз олардың орнында  болсаңыз  не дер едіңіз? Қандай іс - әрекет  қолданар едіңіз? Осы жағдайдан  қалай  шығуға болады?

Дескриптор

-жағдаяттық тапсырманы орындайды;

-ойларын ортаға салады;

-5 кеңес жазады.

ҚБ Смайликтер арқылы бағаланады.



Әдеби тіл нормалары бойынша өткен шақтың қалай жасалатынына тоқталамын.



Бейнетаспа «Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны»


Жұптық,топтық жұмыс

4-тапсырма. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша оқылым және тыңдалым мәтіндерін негізге ала отырып, тапсырмаларды орындаңдар.

1-топ. Компьютер мен ғаламтордың пайдасы және зияны туралы ойларыңды өткен шақта 3-4 сөйлеммен жазыңдар.

2-топ. Интернеттің адам ағзасына пайдасы бар және интернеттің адам ағзасына зияны көп екенін «Пікірлер базары» әдісі бойынша дебатқа қатысып, өз пікірлеріңді жеткізіңдер.

3-топ. Бейнетаспадан көрген ақпаратты, оқылым мен тыңдалым мәтінін негізге ала отырып,өмірмен байланыстырып, «Борт журналы» әдісін қолданып, шағын мәтін жазыңдар.

Дескриптор

-бейнетаспаны көреді;

-тапсырманы орындайды;

-ойларын өткен шақта 3-4 сөйлеммен жазады; - дебатқа қатысады;

-өз пікірлерін жеткізеді;

-өмірмен байланыстырады; -шағын мәтін жазады.

ҚБ «Үш шапалақ » әдісі арқылы бағаланады.


«Танысу үшін оқу және сканерлеу» әдісі











































«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі



«Пікірлер базары» әдісі



«Борт журналы» әдісі




Сабақтың соңы

5 минут






Үйге тапсырма

Кері байланыс

Рефлексия. Бір тамшы ой. «Менің сабақтан кейінгі әсерім»



Жетістігім

Кедергілер

Болашақта




5-тапсырма. 95-бет.

Кері байланыс

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  • Әр оқушының жұмысына «түртіп алу» стратегиясы бойынша кері байланыс беру

  • Қабілеті жоғары оқушыларға «Кідіріспен оқу» стратегиясымен жұмыс кезінде бір сөйлемде бірнеше еліктеу сөздерді қолдануға ұсыныс жасауға болады.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзінің жұмысына берген кері байланыстары арқылы оқушының жеткен жетістігі бағаланады.

Өнер, бейнелеу өнері, сабақтарымен өте тығыз байланыстағы сабақ.

Сабақ барысында орындалатын жұмыстар оқушы өміріне қауіп тудырмайды, керісінше топтағы, жұптағы жұмыстар балалардың психологиялық жағымды жағдайда жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

АКТ слайд көрсету үшін қолданылады. Қажет болған жағдайда Presi com бағдарламасын қолдануға болады.

Оқушылар шығарма кейіпкерлерін талдай отыра, өздерінің өміріне қажет сабақ алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі