400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ,Көңілді тапқырлар, мектепке дейінгі даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Аралас сандарды қосу және азайту, оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: Қатынас .Таным.

Бөлімдері: Сауат ашу негіздері. ҚМТҚ

Тақырыбы: Көңілді тапқырлар

Мақсаты: Сауат ашу негіздері пәнінен және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан алған білімдерін пысықтау.

Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Аралас сандарды қосу және азайту, оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу

Дамытушылық: Есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, ойын

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, суреттер.


Тәрбиеші: Уайтбаева А.Д

Балалар, бүгін біздің сынып балаларының арасында «Көңілді тапқырлар!» атты сайысы өткізіледі. Осы сайысқа сынып балалар ішінде екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

  1. Тапсырма. «Құрастырма сурет»

Топтарға сурет бөліктері геометриялық фигуралар түрінде беріледі. Топтар сол геометриялық фигуралар бөліктерді құрастыру арқылы жасырынған буындардан сөздер құрастыру керек. Қай топ бөліктерден бірінші болып суретті табатын болса, сол топ жеңімпаз атанады.

2. Тапсырма. «Гүл құрастыр»

Тақтаға шеңберде 9- 10 сандары ілінеді. Үстел үстінде қосу амалы жазылған гүлдің күлшелері болады. Балалар күлшелерден қосындысы 9-10 саны шығатындай гүл құрастырады.

  1. Тапсырма. «Орнын тап»

Орындары ауысқан әріптерден сөз құрау.

Л, А,Қ, Б, Ы (Балық)

Ғ, А, С, З, Ы (Сағыз)

П, А,Т, К, І (Кітап)

А,Л,М,Қ,А (Қалам)

Сергіту сәті.

«Как живешь?»

4. Тапсырма.

«Заттар не істейді?» Слайд көрсетеді.

Суреттегі заттары атап, не істейтінің атайды.

Мысалы: Балта-шегені қағады. Сабын- қол жуады.

5. Тапсырма.  «Логикалық тізбектер» 
Өсу ретімен орналастыр: 
4 3 5 2 1
Кему ретімен орналастыр: 
10 8 6 9 7
6. Тапсырма. «Жоғалған әріпті тап»

Тақтаға үйдің суреті ілінеді. Үйде әріптері түсіп қалған сөздер жазылған. Балалар сздерді оқып, керек әріпті табады.

Балаларға сұрақ қойылады:

-Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетіміз ұнады ма?

-Қандай тапсырма ұнады?

Балаларды мақтау, мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:. Дыбыс пен әріп туралы біледі. Сандарды таниды.

Түсінігі : Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажыратады.

Орындай алады: Тапсырманы орындайды. Өсу, кему ретін біледі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі