400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Көркем әдебиет."Кішкентай бағбан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Мәдіхат Төрежанов (әңгіме) "Кішкентай әңгіме" Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Балалармен әңгіменің мазмұнымен таныстыру.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Жанузакова Гулнар Жалгасовна

Атырау облысы,Жылыой ауданы, «Аққайың» бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: Қатынас. ҰОҚ: Көркем әдебиет Апта тақырыбы: «Кішкентай көмекшілер». Тақырыбы: «Кішкентай бағбан»(әңгіме)М.Төрежанов Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Балалармен әңгіменің мазмұнымен таныстыру.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін дамыту. Қажетті құралдар: Жылжымалы тақта,көрнекі суреттер, Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру.

ҰОҚ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрып,амандасады.

Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Амандасып құрметпен Бас иеміз біз, Армысың-Көк аспан Армысың-Жер ана Армысың достарым Сендерді көрсем қуанамын!!


Балалар шеңберге тұрып амандасады.









Ұйымдастырушылық –


ізденістік

Тәрбиеші балаларды орындарына отырғызады.Балалардың назарын жылжымалы тақтаға аударып,балалармен күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеседі.

-Балалар,қазір жылдың күз мезгілі екенін білеміз,кәне,күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайық.

-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі,күн суытып жаңбыр жауады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Адамдар жылы киіне бастайды.

-Күзде жемістер мен көкөністер піседі.

-Жемістер қайда өседі?

-Көкөністер қайда өседі?

-Олай болса балалар,жемістер туралы кім тақпақ біледі?

-Жарайсыңдар!

-Балалар сендер жемістер туралы тақпақтар білесіңдер екен,ал мен сендерге жеміс туралы әңгіме айтып берейін. Оны жазған жазушы Мәдіхат Төрежанов.

«Кішкентай бағбан».

Кішкентай Арман жолда ойнап жүріп, бір өрік дәнін тауып алды. Өрік дәні үлкен екен, шағып жеуге көзі қимады. Атасына келіп: «Осыны ексем,шыға ма?-деп сұрады. «Шыққанда қандай! Зор өрік болады. Тұқымы таза екен»,-деді атасы. Ол әлгі тұқымды егіп, баптап тұрады.Жас шыбық әдемі болып жайқалып өсті. Екі-үш жылда балдай тәтті жеміс салды. Содан соң, ол басқа жеміс-жидек тұқымын тапса, егетін болды. Қазір бағына көр-шілер қатты қызығады. Қауын-қарбыз ұрығын да әкеліп еге бастады. Қазір жұрт Арманды «Кішкене бағбан»деп атайды.

Тәрбиеші әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

-Балалар әңгіме сендерге ұнады ма?

-Кішкентай Арман ойнап жүріп не тауы алды?

-Атасы оған не айтты?

-Арман дәнді не істеді?

-Арманның өсірген дәні қандай жеміс ағашы болы өсті?



-Арманды көршілері кім деп атады?

-Жарайсыңдар,балалар!

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Су құйғанда өседі



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Күздің ерекшеліктерін суреттерге қарап әңгімелейді.




Балалар ертегідегі кейіпкерлермен таныса отырып,

сұраққа жауап беріп,қайталайды.



-ағашта

-жерде



Балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтады.













Балалар әңгіме мазмұнымен таныса отырып,

сұраққа жауап беріп,қайталайды.








Сергітуді іс қимылмен жасайды



Ұнады.


Дән тауып алды.


Арманжан,бұл-өріктің дәні,ексең үлкен болып өседі,дәні зор екен.


Дәнді жерге егіп,күтіп,баптап

өсіреді.

Үлкен өрік ағашы болып өседі.


Кішкентай бағбан.



Сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.


Рефлексиялық-түзетушілік



Дидактикалық ойын:

«Ретімен орналастыру».

Балалар әңгіме көрнекіліктерін

рет-ретімен орналастырып,әңгімелейді.

Балалалар ойынды қызығып ойнайды,әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:

Түсінеді: Жемістер туралы,оларды күтіп баптап,өсіру арқылы мол өнім алынатынын,еңбектену қажеттілігін.



Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
2851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі