400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Күрделі сөз.Ұшқыш болғым келеді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Қонысбай

Қатысқандар саны:14

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№52 Күрделі сөз. Ұшқыш болғым келеді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу;

4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжап, өз ойын дәлелдейді;

  • күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Оқушылардың көпшілігі:

  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

  • күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады;

  • кең жолды дәптерде каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

  • күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады;

  • кең жолды дәптерде каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжап, өз ойын дәлелдейді;

  • күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Күрделі сөз, бірбеткей, ұшқыш

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Хиуаз Доспанованың Халық қаһарманы дәрежесіне жетуіне қандай қасиеттері көмектесті деп ойлайсың?

  • Ұшқыш болу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?

  • Ұшқыш мамандығы несімен ұнайды?

Құндылықтар


Батылдыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу

Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Алдыңғы білім


Тұрақты сөз тіркестері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру

«Бір қадам алға» әдісі арқылы алдыңғы алған білімдерін

еске түсіру.

Сабақ тақырыбын ашу, оқу мақсатын хабарлау.







Сабақтың ортасы

30 мин.


4.1.2.1 ( Ө, Ж, Ұ )

19- жаттығу

Мәтіннің тақырыбы бойынша оның мазмұнын болжа. Содан соң мәтінді мұқият тыңда.

«Еркін жазу» әдісі

Хиуаз туралы не білеміз? 1 минут ішінде жазу, топта идея алмасу толықтыру. Сынып оқушыларымен топ жұмысын бөлісу.

Мәтінді мұқият тыңдап, жазған болжамдарымен салыстырады.

«Қағілез» сөзінің жазылуына назар аудару.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс: бірбеткей



Қосымша материал: Хиуаз Қайырқызы Доспанова

(15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

«Сұрақ- жауап» әдісі

  • Хиуаз Доспанованың Халық қаһарманы дәрежесіне жетуіне қандай қасиеттері көмектесті деп ойлайсың?

  • Ұшқыш болу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың?

  • Ұшқыш мамандығы несімен ұнайды?

Бағалау дескрипторы:

  • тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

  • өз ойын дәлелдей алады;

4.4.2.1, 4.3.6.1 ( МК, Ө, Ж, Т )

20-жаттығу


  • Екінші бағандағы сөздердің жазылуына назар аудар, мағыналарын түсіндір. Сөздерді көркем жаз.


Оқушылар күрделі сөз туралы ой қорытындысын шығарады.


Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз: Ақтөбе, ата-ана, мединститут

Сергіту сәті

Қандай мамандық иесі? ойыны

Топ оқушлары қимылмен мамандық иесінің іс –әрекетін көрсетеді. Келесі топ оқушылары табады. Осылай ойын жалғасады.

22-жаттығу «Галерея» әдісі

Күрделі сөздерді теріп жаз, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт

Топта бір –бірінің жұмыстарын тексереді.

. Оқушылар бір –бірінің жұмыстарын бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • күрделі сөздерді ажырата алады;









«Сиқырлы сандықшаға» жаңа сөздерді салу



оқулық































4-слайд



Қосымша








Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия Ұшақтарға стикерлер жабыстырады.

«Хабарлама» әдісі арқылы кері байланыс

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?













































































Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
2168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі