400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Математика пәні.Жазбаша көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып ұстаздарына қажет болуы мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

«№42 жалпы білім беретін орта мектеп»мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Күні:20.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Кузембаева Айнур Нурдельдаевна

Сыныбы: 3 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ортақ тақырыбы

«Өнер», «Атақты тұлғалар»

Бөлімі:

3С Жазбаша көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы:

Жазбаша түрде қалдықпен бөлу.

Ғарышты зерттеушілер

Оқу мақсаттары:

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Күтілетін нәтижелер:

Барлық оқушылар:

Екі ,үш таңбалы сандарды жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды үйренеді.


Көптеген оқушылар:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін қолданады.


Кейбір оқушылар:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін түсінеді,түсінік береді.



Бағалау критерийлері

  • Екі ,үш таңбалы сандарды жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін біледі,түсінеді,қолданады.

  • Есептеу үшін жазбаша немесе ауызша тәсілдердің қайсысын қолданған дұрыс екендігін анықтайды.

  • Жазбаша есептеу тәсілдеріне өрнектер құрастырады.Есептеулердің дұрыс орындалғанын тексерді.


Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

• Қамтиды:

• бөлу, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, толымсыз бөлінгіш;

• көбейту, көбейткіш, туынды;

• түсіндіру, есептеу, анықтау;

• алғашқы, одан кейін, келесі, алдыңғы, соңғы;

• бастау ... онда ... соңында ...

математикалық тілде сөйлеу

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсете білу,сыпайылықты сақтау,тыңдау,тәртіп сақтау.


Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ-ны қолдану дағдылары

Сабақ барысында қолдану

Алдыңғы білім

Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу.




Жоспар



Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Амандасу

2.Психологиялық дайындық

-Балалар біз бүгінгі сабағымызда тек есептер шығарып қана қоймай,ғаламшарларға зерттеу жүргіземіз.Яғни,аспан әлеміне саяхат жүргіземіз.

3.Жаңа топ құру.

-Біз бүгінгі сабағымызда алып ғаламшарлар арқылы топқа бөлінеміз. Алып ғаламшарларды білеміз ғой....

1-топ: Юпитер

2-топ: Сатурн

3-топ: Уран

4-топ: Нептун

(Топ басшыларды сайлаймын)

Ендеше,сабағымызды бастаймыз;


Сабақтың ортасы

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу.

Ал,бүгінгі сабағымыздағы мақсатымыз не екен?(оқулықтан оқып береді)

-Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгортмін қолдануды үйрену.

Біздің бүгінгі сабағымыз ғарышпен байлангысты болғандықтан біз бүгін ғарыш әлеміне зерттеу жүргізген ғ атақты тұлға Галилео Галилей неміс ғалымымен танысатын боламыз.

(Галилео Галилей туралы мәлімет слайдпен көрсетіледі.)

-Ендеше барлығымыз оқулығымызға қараймыз:

Суреттен не көріп тұрмыз балалар:

-Телескоп,Астрономиялық сағат.

Оқулықта берілген қалдықпен бөлуді орындасақ осы атақты тұлға Галилео Галилейдің қандай құрылғы ойлап тапқанын білетін боламыз:

26:3=8 (2қ)

38:5=7 (3қ)

28:6= 4 (4қ)

Енді көбейтеміз:

2*3*4=24

-24 Телескоп

Телескопты не үшін пайдаланады екен?

-Жұлдыздарды зерттеу үшін пайдаланамыз.

-Жарайсыңдар,өте жақсы балалар.

Ал,енді оқулықтағы №2 қалдықпен бөлудің қалай орындалғанын білетін боламыз.

(Өзім түсіндіремін)




Ал,енді ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз балалар

Осы күн жүйсіндегі орналасқан алып ғаламшарларымызда сендерге арналған тапсырмалар бар,осы тапсырмаларды алу үшін топ басшылары келіп алып,ғаламшарларды алыңыздар;

№3 тапсырма топтық ретінде :

Юпитер: 564:5

Сатурн: 467:2

Уран: 937:3

Нептун:478:4

Ал,жақсы енді топтардан бөлек кімдер Марс,Шолпан ғаламшарларын зерттегісі келеді?

-балалар шығады.

Марс:638:3

Шолпан: 583:4

-Балаларды мақтау,мадақтау.

ҚБ: Жұлдызшалар тарату.,мадақтау.

Өзара бағалау: Бағдаршам әдісі арқылы

Критерий:

-Қалдықпен бөлудің орындалу алгоритмін сақтайды;

-Көбейту арқылы тексереді;

-Бөлгіш пен қалдықты салыстырады.

-Көбейтіндінің мәніне қалдықты қосады.

Дескриптор:

-Қалдықпен бөлудің орындалу алгоритмін сақтады;

-Көбейту арқылы тексерді;

-Бөлгішпен қалдықты салыстырды;

-Көбейтіндінің мәнін қалдыққа қосты.

-Яғни есеп дұрыс шықты.

Ал, енді Юпитер қандай ғаламшар екен?

Юпитер-Ең үлкен ғаламшар

Сатурн-Сақиналар жүйесі бар ғаламшар

Уран-негізінен мұздан тұратын көгілдір түсті ғаламшар.

Нептун-Күннен ең алыс орналасқан өте қатты жел болып түратын ғаламшар.

-Жақсы,азда болса алып ғаламшарлар туралы мәлімет алдық.

-Ендеше,біз №4 –есепке де келіп қалыптық.

Біз нені көріп тұрмыз?

-Расытхананы.

Ендеше осы расытханада да сендерге арналған есеп бар екен.Соны шешсек,расытхана туралы мәлімет алатын боламыз.

Ұжымдық жұмыс:

Оқулыққа мән береміз.

Алдымен шартын оқимыз.

Шарты:

Бір жыл ішінде расытханаға 369 оқушы келді.Бұл саяхатқа келген үлкендерге қарағанда 3 есе артық.

Бір жыл ішінде расытханада барлығы қанша саяхатшы болды?

Яғни бізде не белгісіз?

-Үлкендердің қанша екені белгісіз


Ал,ендеше ол үшін қандай өрнек құрастырамыз?

Шешуі: 369+ (369:3)=492

ҚБ:отшашу арқылы

Критерий:

-Есептің қысқаша шартын құрастырады;

-Шешуіне өрнек құрастырады;

-Есептеуді тексереді;

-Есепті қатесіз шығарады;

Дескриптор:

Есептің қысқаша шартын құрастырды;

-шешуіне өрнек құрастырды;

-есептеуді тексерді;

-есепті қатесіз шығарды.

-Сонымен қатар,күнге ең жақын орналасқан Меркурий және өзіміз өмір сүріп жатқан жер ғаламшарларына зерттеу жүргізуіміз қажет.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:

Меркурий:

10:3=

16:5=

17:4=

Жер:

22:3=

25:6=

29:7=

Плутон:

40:7=

19:8=

13:7=

Жақсы,сонымен меркурий қандай ғаламшар екен?

Ең жеңіл,әрі күнге ең жақын ғаламшар.

Жер-Таңға жуық және кешке қарай көрінетін жұлдыз.

Плутон: Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ең кішкентай ғаламшар.

ҚБ: тапсырманың орындалуына қарай бағалау.

Мадақтау :Жарайсың,Керемет,Жақсы,Талпын.

-Жақсы жарайсыңдар балалар.

-Олай болса, аспан әлемінде біз білетін,алыстан болса да көріп жүрген жұлдыздар бар.Ендеше жұлдыздардың түрлері өте көп екен.Соның ішінде біз бүгін үркер,жеті қарақшы,сүмбіле деген жұлдыздар бар екен.

Осы жұлдыздарды кімдер зерттеп білгісі келеді? Бұл жерде №5 есеп шығарылады.

-Балалар осы шыққан есептің бәрін ретімен жазып отырамыз.

Үркер-

b-70*3=345

жеті қарақшы-

а: (400—300)=8

сүмбіле

45:5*b=900

Үркер-өте алып және өте жарық жұлдыз.

Жеті қарақшы- шөміш бейнесіндегі ең жарық жеті жұлдыз.

Сүмбіле-Жерден қарағанда ең жарық көрінетін жұлдыз.

Критерий:

-Күрделі теңдеуді жай теңдеуге айналдырады;

-Белгісіз санды табады.

-теңдеуді дұрыс,қатесіз шығарады.

Дескриптор:

-Күрделі теңдеуді жай теңдеуге айналдырды;

-Белгісіз санды тапты

-теңдеуді дұрыс және қатесіз шығарды.

-Жарайсыңдар балалар!










Сабақтың соңы







-Балалар бізде бүгінгі сабағымызда өте жақсы қатысып отырған балалар жұлдызшамен бағаланады.

Кері байланыс: Бас бармақ әдісі арқылы.

ҚБ: жұлдызшалар арқылы.



Қосымша мағлұмат



Дифференциация –

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті

жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қанша- лықты меңгергенін

қалай тексересіз?








Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ

бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз














Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және

оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма

дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі