400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Мен және менің мектебім 1 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Дүниетану

Күні:

Сынып: 1

Мұғалімі: Куандыкова Балжан Айжановна

Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:

Бөлімі

Мен және қоғам

Бөлімше

Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Ортақ тақырыбы

Менің мектебім

Сабақтың тақырыбы

Мен және менің мектебім

Осы сабақта қол жет-кізілетін оқу мақсатта-ры (оқу бағдарламасы-на сілтеме)

1.1.2.1. Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

1.1.2.3. Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау;

1.1.2.6. Мектептегі мінез – құлық ережелерін және олардың мағынасын баяндау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Суреттерді пайдаланып, мамандық иелерін ажырата алады. Өзінің мектеп оқушысы екенін біледі.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Мектепте кімдер жұмыс жасайтынын және қандай қызмет атқаратынын айта алады.

Кейбірі: Мектептің әр қызметкері маңызды екенін және олардың мектеп өміріндегі маңыздылығын айта алады.

Бағалау критерийлері

1. Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді;

2. Өзін мектеп оқушысы екенін сезінеді;

3. Мектептегі мінез – құлық ережелерін және олардың мағына-сын баяндай алады:

4. Мектеп қызметкерлерінің жұмыстарын ажырата алады;

5. Жетекші сұрақтар арқылы талқылай алады;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, үлкендерді сыйлауға, мектеп ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

сауат ашу, көркем еңбек,

АКТ қолдану дағдылары

слайд оқулықтағы суреттер мен тапсырмалар, моноблог,

Тілдік құзыреттілік

мұғалім, аспаз, кітапханашы, дәрігер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ынтымақтас-тық атмосфе-расын қалып-тастыру

5 минут

а/ Мұғалім өлең жолдарын оқып, мұқият тыңдап, не туралы? Кім туралы? деген сұраққа жауап алады.

Мектебіме арнаймын

Биыл ғана мектептің Партаға алғаш отырдым,

Табалдырығын аттадым. Бұдан асқан бақыт жоқ.

Әліппені қолға алып, Оқушы болдым мінекей,

Әріптерді жаттадым. Ойнауға енді уақыт жоқ.

Жақсы оқып келемін,

Сабақтан да қалмаймын.

Осы өлең жолдарын,

Мектебіме арнаймын.


ә/ Шаттық шеңберін жасап, З шапалақ әдісін жасайды. Аяқты еденге үш рет соғады. Алақанын үш рет соғады. Отырып тұрып үш рет соғады.

ҚБ.өте жақсы

б/ Топқа бөлу

Мамандық иелеріне байланысты топқа бөлу.

Мұғалім. Аспазшы. Дәрігер. Кітапханашы

сюжетті сурет

мектеп, әріптер, парта, асық, доп










шаттық шебері




А4 «мұғалім,

аспаз, дәрігер, кітапханашы» суреттері

Сабақтың ортасы


15 мин

а/ «Ойлан, ортаға сал» әдісі

Суреттерді не байланыстырады?




Сен мектепке келгелі, өмірің қалай өзгерді?


Дескриптор:

  1. Өз мектебі туралы әңгімелей алады;

  2. Суреттер арқылы әңгіме құрастыра алады;

Қ.Б. жарайсыңдар, жақсы.


ә/ (Т): «Кір жаяу» әдісі

Әр топ өздерінің аттарына байланысты суреттерді дұрыс сәйкестендіру қажет. Кім не істейді?

Мысалы: парта, бор, т.б мұғалім сөзіне орналастырады. Және сұраққа жауап береді. Мұғалім бормен тақ таға жазады.


Дескриптор:

  1. Суреттерді дұрыс орналастырады;

  2. Сұраққа толық жауап береді;

Қ.Б. Тамаша! Үш шапалақ


б/ Балалар, осы мектепте тағы кімдер жұмыс жасай-ды? Олардың қызметі қандай?

Суреттегі мамандық иелерін атап шығады. Мектепке осы мамандық және олардың қызметі керек пе? Не үшін керек? Мектеп ережесі деген сұрақтарға жауап алу.


Дескриптор:

  1. Суреттер арқылы әңгіме құрастыра алады;

  2. Сұраққа толық жауап береді;

  3. Мектеп ережесін айта алады;


Қ.Б. дұрыс ақ, топта өте жақсы белсенді қатысып отырған оқушыларға мектеп өміріне байланысты суреттер беру

Таныстырылым, интерактивті тақта, слайд




















суреттер, жіп, қыстырғыш.










слайд























Сергіту сәті

2 мин

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы


10мин

а/ (Ө)























Дескриптор:

1. Суреттер берілген сөздермен дұрыс байланыстыра-ды;

2. Суреттерді эстетикалық талапқа сай бояй алады;

Қ.Б смайликпен


ә/ Қызықты тапсырма:

«Мұғалімдер» тобына: «Сен білесің бе?» айдары. Бұл адам туралы не білеміз? Ы.Алтынсарин ең алғаш қа-зақ балаларына арнап мектеп ашты. Сол кездегі мек-теп өмірі туралы қысқаша дерек беріп, толықтыру айтып жіберемін

«Аспазшылар» тобына: Бірнеше көкөніс пен шикі тағамдар беріледі. Не жасап шығуға болады?

(жуа, сәбіз,су, күріш, қияр, қызанақ, тұз)


«Дәрігерлер» тобына: Не үшін қажет? Партаға дәрі -дәрмектер тастау (дәрілер, танометр, градустник)


«Кітапханашылар» тобы: Кітапханада не істеуге бо -лады? Не істеуге болмайды? ережесін құрып көрің-дер?

Қ.Б. саусақпен


слайд, жұмыс дәптері, бояу қарындаштары



























Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Мектептің әр қызметкері маңызды екенін және олар- дың мектеп өміріндегі маңыздылығын айта алатынын анықтау мақсатында әр балаға суреттері бар кестеге оқушылар өздерінің фотосын орналастырып шығады.

Барлығын толық білемін

Екі үшеуін білмеймін

Тең жартысын ғана білемін










Оқушылардың фотосы, кесте

Дифференциа-ция – оқушылар-ға көбірек қол-дау көрсетуді қалай жоспар-лайсыз? Қабілеті жоғары оқушы-ларға қандай тапсырмалар қоюды жоспар-лап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтар-мен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдер-дің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі