400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Менің қауіпсіздігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін графикалық түрде елестету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»



Мерзімі:


Сынып: 3


Мектеп:

Мұғалім:


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің қауіпсіздігім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.4.1 Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін графикалық түрде елестету


Сабақ мақсаттары

Электр құралдарын қолдану ережелері туралы біледі;

Электр құралдарын қолдану ережелерін графикалық түрде бейнелеуге үйренеді.


Бағалау критерийлері

Электр құралдарын қолдану ережелерін біледі;

Электр құралдарын атайды (5-тен кем емес);

Электр құралдарын қолдану ережелері бұзылғанын анықтайды;

Электр құралдарын қолдану ережелерін графикалық түрде бейнелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Әр түрлі электр құралдарын қолдану мақсатын түсіндіреді;

Ауызша сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді.

Терминология:

Электр қуаты;

Электр құралдары;

Пайдалы сөз тіркестер:

Электр қуатының арқасында ....

... білу маңызды.

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – электр құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;

Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану: «электр қуаты» ұғымы, «электр құралдары».

Көркем еңбек: электр құралдарын қолдану ережелерін графикалық түрде көрсету.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар қолайсыз және қолайлы табиғи жағдайлар туралы білімдері бар. Қауіпсіздік ережелерін құрастыру тәжірибесі бар. Табиғи апаттардың түрлерін ажырата алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы





















































Сабақ ортасы















Шаттық шеңбері

«Электр көмекшілері» топтарға бөліну

- Оқушылар тұрмыстық техниканың түрлі бөліктерін жинап, бір суретті жинайды. Солар бойынша топтарға бөлінеді: теледидар; тоңазытқыш және шаңсорғыш.

- Әрбір топ өз құралдары туралы әңгімелейді: бұл не және ол қалай жұмыс істейді. «Электр құралдары» ұғымы енгізіледі.

Ой толғаныс

Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Электр тогы)

Бейне ролик

Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер:

Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз деп ойлайсыңдар? (электр жайында)

Электр күші мейірімді күш пе, мейірімсіз бе?

Жауаптары:

егер электр күшін дұрыс қолдана білсең, ол – мейірімді күш!

электр қуаты – әлемдегі ең жақсы көмекші!

электр тогы – қауіпті әрі қорқынышты жау!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін біз электр күшін қалай дұрыс пайдалану керек және біздің қауіпсіздігіміз жайлы сөз ететін боламыз.

(Ұ, Ж)

Бүгінгі сабағымыздан біз не білеміз, нені үйренеміз, қалай ойлайсыңдар? Сабағымыздың мақсатын анықтаңдар.

Оқушылар:

Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады

Сабақ мақсаты ұсынылады:

Электр құралдарын қолдану ережелері туралы білу;

Электр құралдарын қолдану ережелерін графикалық түрде бейнелеу.

Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс жасаймыз.

Суреттерге қарап шығыңдар. Электр қуатымен жұмыс істейтін тұрмыстық құралдарды атаңдар. Олар қандай қызметтер атқарады? Бұл құралдарға тән ұқсастықтар қандай?

Тақырыпқа кіріспе (ұжымда)

- Мұғалім «Электр қуаты деген не?» деген сұрақты қояды. Жаратылыстану пәні бойынша білімдерін қолдана отырып, ұғым туралы айтуды ұсынады.

-Мәтінмен жұмыс (жұпта)

Мәтінді өз бетімен оқып шығып, жұбына бір сұрақ қою ұсынылады.

Жіңішке сұрақтар:

Электр қуаты деген не?

Оны қайдан, қалай аламыз?

Жуан сұрақтар:

Электр қуаты несімен қауіпті?

Электр тоғынан сақтануда не үшін кейбір қағидаларды қатаң ұстану қажет?


Электр құралы -электроприборы - electrical devices электр – электричество - electricity


Мұғалім: Электрмен, электр құралдарымен байланысты болатын қауіптер тек қана сыртта жүргенде, көшеде болмайды, ондай қауіптер үйде де, пәтерде де болуы мүмкін.



4-6 бөлікке бөлінген қима суреттер













































































































«Қай ереже бұзылған?» тапсырмасы (топта)

Әрбір топқа тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері туралы сюжетті суреттер таратылады. Топта суреттердегі ереже бұзу фактілерін табу керек. Содан кейін әрбір топ орындаған жұмыстарын түсіндіріп береді.


Дескриптор:

Электр құралдарын қолдану ережелері бұзылғанын анықтайды;


«Графикалық белгілер» тапсырмасы (топта)

Әрбір топ электр құралдарын пайдалану ережелерін зерттейді және ережелердің біріне графикалық кескін салады. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды, онда олар жақсы жақтарын айтып, жұмысты жақсату бойынша ұсыныстар айтады.

Дескриптор:

Электр құралдарын қолдану ережелерін графикалық түрде бейнелейді.


«Бір минут» дидактикалық ойыны (ұжымда)

Оқушыларға 60 секунд ішінде өздері білетін және бүгін білген электр құралдарының аттарын парақтарына жазу ұсынылады.

Оқушылар партамен көршілес жұбын бағалайды. Олар өзара дұрыс жауапты 1 ұпайға теңестіріп, ұпайларын санап, парақтарына жазады. Ұпай саны жоғары оқушы жеңіске жетеді.

Дескриптор:

Электр құралдарын атайды (5-тен кем емес).


«Сенің таңдауың» тапсырмасы (жеке)

Оқушыларға таңдауға 2 тапсырма ұсыныңыз:

«Электр елі» тұрғындары электр құралдарын қолдануды қалай үйренгендері туралы ертегі ойлап тап.

Дескриптор:

Электр құралдарын қолдану ережелерін біледі;

«Электр елі» тұрғындары үшін қауіпсіздік ережелерін графикалық түрде бейнелеп құрастырыңдар.

Дескриптор:

Электр құралдарын қолдану ережелерін графикалық түрде бейнелейді.

Жұмыстарының нәтижесін сабақтың соңында мұғалім бағалайды.




Әрбір топқа арналған сюжетті суреттер











Әрбір топқа арналған сюжетті суреттер






Қағаз жолақтар, қалам









Дайын парақтар

Сабақтың соңы


Рефлексия «Білім теңізіндегі кеме» (жеке)




Слайд



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Сенің таңдауың» тапсырмасы таңдау жасау арқылы саралауды меңзейді. (гуманитарлық бейінді оқушылар ертегі ойлап табуды, ал математикалық бейінді оқушылар график түрінде бейнелеуді таңдаулары әбден мүмкін). Қабілеті жоғары оқушыларға сауалнама жүргізіп, үйде/мектепте электр қуатын үнемдеудің қажеттілігіне диаграмма құрастыруды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Ереже бұзушылықты көрсет», «Графикалық белгілер» тапсырмаларында оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды, онда олар жақсы жақтарын атап, жұмысты жақсату бойынша ұсыныстар айтады.

«Бір минут» ойынында жұптар өзара бағалау жүргізеді. «Сенің таңдауың» тапсырмасындағы әр жұмысты мұғалім толық жазбаша пікірімен бағалауы қажет болады.

Сынып бөлмесіндегі тұрмыстық құралдарды пайдалану жөнінде айтыңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі