Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Майлау-салқындату сұйықтары (МСС) төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс: – кесу аспабы (абразивті дөңгелек дәндері) мен дайындаманың өңделетін бетінің арасындағы жанасуға кедергі болатын кесу аумағындағы қорғаныш қабыршағының пайда болуын; – пайда болатын жылудың кесу аумағынан әкетілуін; – өңдеу қалдықтарын кесу аумағынан әкетуді (әсіресе, ажарлау кезінде); – Майлау және салқындату үшін іс жүзінде төмендегілер қолданылады: – антикоррозиялық және жуу қасиеттерін жоғарылатуға арналған құрамында қышқылды металл тұздарының едәуір үлесі бар сулы химиялық ерітінділер, мысалы, кальцийленген сода, калий тұзы, натрий нитриті, тринатрийфосфат, триэтаноламин және т.б.; – суды эмульсолға қосу арқылы алынатын сулы майлы эмульсиялар, сульфофрезол. Бұлардың ерекшеліктеріне коррозияға орнықтылықты, жоғары жылулық тұрақтылықты және өңделетін бет сапасының жақсаруын жатқызуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары

Сабақтың мақсаты: Маманданудын жеке тұлғасын қабілеттілігін ынғайлау, икемділігін қамтамасыз ету. Жоспарға сай оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.Төрт тактілі бензинді қозғалтстын жұмысын студенттерге әрекет ету қағидаттарын таныстыру. Өз мамандығының, жауапкершілігін ұғындыра білу.Жұмыс істеу барысында біліктілігін, дағдысын қалыптастыру .Өз елін сүйер жақсы маман қылып қалыптастыру

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

КОТ, дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, лабораториялық сабақты өткізу әдістерін пайдалану, лабораториялық таратпалар, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру;

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өндіру және жөндеу технологиясы негіздері

Т.М.Мендебаев Машина жасау технологиясының негіздері

Деграф Г.А., Əнуарбеков М.А. «Мəшине сенімділігі жəне жөндеу»

Техникалық құралдар, материалдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу;

-Аудитория тазалығын қадағалау;

-Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;

-Сабаққа назарларын аударту;

-Дәптер тексеру;

2.Үй тапсырмасын орындауын тексеру

Беттерді ажарлау. Ажарлау түрлері мен тәсілдері. Ажарлаудың ең көп тараған түрлеріне дөңгелек, сыртқы, ішкі және жазық ажарлау жатады. Дөңгелек ажарлаудың түрлері: осциллирлейтін және кірекесетін. Осциллирлейтін ажарлау – абразивті аспап немесе дайындама айналмалы қозғалыспен қатар ілгермелі-қайтармалы қозғалыс жасайтын ажарлаудың түрі. Кіріп кесетін ажарлау – беріліс қозғалысы тек қана өңделетін бетке перпендикуляр бағытта жүретін ажарлаудың түрі.

Дайындамаларды ажарлау (шлифование) — бұл бөлшектің беткі қабатын тегістеу және нақты өлшемге келтіру үшін қолданылатын механикалық өңдеу процесі.

Негізгі әдістер мен кезеңдер:

  1. Дөрекі ажарлау: Артық материалды (қатпарларды) алу және негізгі пішінді қалыптастыру үшін ірі түйіршікті абразивтер қолданылады.

  2. Тазалай ажарлау: Беттің кедір-бұдырын азайтып, тегістік пен дәлдікті қамтамасыз етеді.

  3. Өңдеу түрлері:

    1. Жазық ажарлау: Тегіс беттерді өңдеу үшін.

    2. Дөңгелек ажарлау: Цилиндрлік және конустық бөлшектердің сыртқы немесе ішкі жағын өңдеу.

    3. Орталықсыз ажарлау: Жоғары өнімділік үшін жаппай өндірісте қолданылады.

Қолданылатын құралдар:

  • Ажарлау станоктары (қолмен немесе бағдарламалық басқарумен).

  • Абразивті дөңгелектер (дискілер), таспалар және егеуқұм қағаздары.


  • Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау;

  • Өткен тақырып бойынша берілген тапсырмалар жолын көрсету;

Қосымша сұрақтар қою;Бағалау шартымен таныстыру

3.Білім алушылардың негізгі кезеңде жұмысқа дайындығы

Қажетті мәлеметті іздей біліп, ақпарат ала білуге үйрете отырып,өз бетінше жұмыс істеуге баулу

4.Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін қалыптастыру  

Майлау-салқындату сұйықтары (МСС) төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс: – кесу аспабы (абразивті дөңгелек дәндері) мен дайындаманың өңделетін бетінің арасындағы жанасуға кедергі болатын кесу аумағындағы қорғаныш қабыршағының пайда болуын; – пайда болатын жылудың кесу аумағынан әкетілуін; – өңдеу қалдықтарын кесу аумағынан әкетуді (әсіресе, ажарлау кезінде); – Майлау және салқындату үшін іс жүзінде төмендегілер қолданылады: – антикоррозиялық және жуу қасиеттерін жоғарылатуға арналған құрамында қышқылды металл тұздарының едәуір үлесі бар сулы химиялық ерітінділер, мысалы, кальцийленген сода, калий тұзы, натрий нитриті, тринатрийфосфат, триэтаноламин және т.б.; – суды эмульсолға қосу арқылы алынатын сулы майлы эмульсиялар, сульфофрезол. Бұлардың ерекшеліктеріне коррозияға орнықтылықты, жоғары жылулық тұрақтылықты және өңделетін бет сапасының жақсаруын жатқызуға болады

Салқындатпай жонумен салыстырғанда соданың судағы ерітіндісімен салқындату өңдеуге жоғары сапа береді. Шойынды механикалық 78 өңдеу кезінде бет қабатының тазалығына керосинді қолдану тиімділігі өте жоғары. Легірленген, төменлегірленген, аспапты болаттардан жасалған дайындамаларды өңдеу кезінде салқындату үшін эмульсия мен сульфофрезол қолданылады. Қаралтым өңдеу кезінде кесу аумағына берілетін МСС-ң көлемі 10л/мин төмен болмауы, ал таза өңдеу кезінде – эмульсия 10 л/мин, сульфофрезол – 3 л/мин аз болмауы тиіс. Тесіктерді өңдеу кезінде салқындату. Көміртекті, легірленген болаттардан жасалған дайындамалардың тесіктерін кеңейтіп бұрғылау үшін эмульсия, өсімдік майы, сульфофрезол, компаундирленген майлар қолданылады. Шойыннан жасалған дайындамалар тесіктерін салқындатусыз немесе сурен майын қолдану арқылы өңдейді, ал бұрғылау мен үңгілеуді эмульсиямен немесе керосинмен салқындатып немесе салқындатпай жүргізеді. Қоладан, жезден жасалған дайындамаларды салқындатусыз немесе эмульсиямен салқындатып өңдейді, ал алюминийден жасалған дайындамаларды керосинмен салқындатып өңдеп, бұрғылау мен үңгілеуді салқындатусыз жүргізеді. Ажарлау кезіндегі салқындату. Сода ерітіндісімен салыстырғанда эмульсияның майлау қабілеттілігінің жоғары болуына байланысты оны бет кедір-бұдырлығы мен өңдеу дәлдігіне жоғары талап қойған жағдайда қолданады, ал хлор қоспалары мен күкірт араласқан майды ажарлау дөңгелегі профилінің дәлдігін ұзақ уақыт сақтау үшін (мысалы, бұранданы ажарлау, тісті дөңгелектерді, оймакілтекті біліктерді профильді ажарлау кезінде және т.б.) қиын өңделетін болаттар мен қорытпалардан (мысалы, ыстыққа төзімді) жасалған материалдарды ажарлау кезінде қолданады. Дайындамаларды сыдырып өңдеу кезінде жақсы салқындатқыш қасиеті бар МСС-лар пайдаланылады да, таза өңдеу мен бұранда жасау кезінде жақсы майлау қасиеті бар МСС-лар қолданылады. Салқындату сұйық ретінде кальцийленген сода (1%) мен қалғаны судан тұратын соданың сумен ерітіндісі; шаруашылық майынан (0,5...1,0%), кальцийленген содадан (0,5%), қалғаны судан тұратын сабынның судағы ерітіндісі; ұнтақтан (2,0...2,5%), кальцийленген содадан (0,5%), қалғаны судан тұратын эмульсия қолданылады. Ажарлау тиімділігіне әсер ету үшін өңдеу аумағына МСС-ын жеткізудің бірнеше тәсілдері бар: құю, қысымды, ағынмен, шаңдату, дөңгелек түйіршіктері арқылы. МСС-ны құю арқылы жеткізгенде оның көлемі ажарлау дөңгелегінің еніне байланысты және оның орташа шамасы дөңгелектің 1 мм еніне 0,6 ...1,0 л/ мин құрайды. Сұйық ағыны мықты және бірқалыпты болуы тиіс, сұйық ағынының ені дөңгелек енінен кем болмауы тиіс. Ал сұйықты қысым ағынымен жеткізген кезде қысымның көмегімен ол ажарлау дөңгелегінің кесектерін тазалайды. МСС тиімділігін ажарлау дөңгелегіне ультрадыбыстық тербелістер беру арқылы жоғарылатуға болады. 20...40 кГц арасындағы диапазондағы ультрадыбыстық тербелістердің бастапқы көзі болып магниттік түрлендіргіш саналады. Ультрадыбыс сұйық көмегімен дөңгелек бетінен жұлып алу арқылы металл бөлшектеріне әсер етеді де, оны сұйық өз ағынымен алып кетеді. Дөңгелек кесектерімен жоңқалар да сұйықпен бірге ағып кетеді. Бұның өзі кесу аумағында жылу бөлуді азайтады, дөңгелек төзімділігінің периодын ұлғайтып, өңдеу сапасын жақсартады. МСС-ті үнемдеу мақсатында металл кескіш станоктарға магниттік айырғыштар орналастырылады, олар МСС-ті ферромагниттік қоспалардан автоматты түрде тазартады. Магниттік айырғыштарды пайдалану деталь беттерінің өңдеу тазалығын жоғарылатуға, жұмыс органы абразивті материал болып келетін ажарлау және жануыштау станоктарында салқындатқыш сұйықтарды бірнеше қайтара қолдануға мүмкіндік береді.

Металды кесіп өңдеудегі майлау-салқындату сұйықтары (МСС) кесу кезіндегі қызуды азайтып, аспап пен дайындама арасындағы үйкелісті азайтатын, сонымен қатар өңделген беттің сапасын арттыратын, аспаптың тозуын баяулататын және кесу аймағында қорғаныш қабаты түзу арқылы жұмыс істейді. Олар су негізіндегі эмульсиялар, синтетикалық сұйықтар, минералды майлар және т.б. болып бөлінеді, әрқайсысының өз міндеті бар (мысалы, сулылар салқындатады, майлылар майлайды). 

Негізгі функциялары:

  • Салқындату: Кесу кезіндегі жоғары температураны төмендетіп, аспап пен дайындаманың пішінін сақтайды.

  • Майлау: Аспап пен дайындама арасындағы үйкелісті азайтып, энергияны үнемдейді және өңделген бетті жылтыратады.

  • Қорғау: Коррозиядан қорғайды және кесу аймағындағы қалдықтарды кетіреді. 

Түрлері:

  • Эмульсиялар: Су мен майдың қоспасы, жақсы салқындатады.

  • Синтетикалық сұйықтар: Химиялық компоненттерден жасалған, өте тиімді.

  • Майлар: Минералды немесе синтетикалық, жақсы майлайды.

  • Ауа: Қажет болған жағдайда кептіру және қызуды төмендету үшін қолданылады. 

Бұл сұйықтар металдың түріне (болат, алюминий, мыс) және өңдеу түріне (жонау, тесу, фрезерлеу) байланысты таңдалады. 

5.сабақ бойынша рефлексия

Сөздік жүргізу,Не білдім,нені игердім.сұрақтарына жауап іздеу

6.Үй тапсырмасы 

Тақырып бойынша жаңа мәлеметтер іздеу


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12