400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Мұрағат жасаудың кеңейтілген мүмкіндіктері және компьютерлік вирустар

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ №8


Сабақ өтілу күні:


Сабақтың тақырыбы: Мұрағат жасаудың

кеңейтілген мүмкіндіктері және компьютерлік

вирустар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мұрағаттаушы бағдарламалар. Мұрағат

жасаудың кеңейтілген мүмкіндіктері және

компьютерлік вирустарды студенттерге

үйретіп,білімдерінің негізін қалыптастыру

Дамытушылық: Студенттерді жақсы маман болуға баулу,

білімдерін арттыру, ой-өрісін дамыту


Тәрбиелік: Студенттерді жұмыс жасау кезінде ұқыпты

жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары: Интерактивті тақта, слайдтар, макеттер, пошта пакеттері, нұсқау карталары

Сабақта қолдалынатын әдіс-тәсілдер: Өндірістік оқыту сабағы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Студенттермен сәлемдесу

ә) ҚР Әнұранын орындау

б) Студенттердің өндірістік оқыту сабағына дайындығын тексеру

(арнайы жұмыс киімінің, оқу құралдарының, жұмысқа қажетті

құрал жабдықтардың болуын қадағалау)


  1. Кіріспе нұсқау

а) студенттерді сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

ә) студенттерге сабақтағы жұмыс тәртібін түсіндіру

в) жаңа тақырыпты түсіндіру








Мұрағаттаушы бағдарламалар

Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатымен мұрағаттау қолданылады. Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.

Мұрағат-қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта (қысылған файлда) бірнеше файл немесе тіпті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде немесе дискетте көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.

Мұрағаттаушылар - мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Мұрағаттаушылар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Мұндайда файлдың өлшемі кішірек көшірмесі жасалады.

Недәуір кең тараған мұрағаттаушы бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады және барлық параметрлері жағынан бір біріне артықтығы жоқ: бір бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істесе, екінші біреуінде файлдарды қысу деңгейі жоғарырақ. Тіпті бағдарламаларды тек қысу деңгейі бойынша ғана салыстырсақ та, олардың ішінде нақты көшбасшысы жоқ: түрлі файлдар түрлі бағдарламаларда ерекше атап көрсетуге болады. Мұрағаттаушы бағдарламаға қарай мұрағаттық файлдардың нақты белгіленген түрі. Недәуір жиі кездесетін мұрағаттар типтері zip,rar, arj болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab,lzh,tar,gz,uue,bz2,iso және т.б мұрағаттар қолданылады.

WinZIP,WinRAR мұрағаттаушыларымен тәжірибелік жұмыс

WinRAR бағдарламасын іске қосу үшін Бастау-Барлық бағдарламалар- WinRAR әмірлерін қолдануға немесе Жұмыс үстеліндегі бағдарлама белгішесін екі рет шертуге болады. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін бірден файлдарды басқару режімі

орнатылады.

Мұрағаттаушы терезесінде амалдық және құралдар үстелдері, сонымен қатар күй жолағы бар. Амалдық мәзірдің негізгі әмірлері құралдар үстеліндегі батырмаларда қайталанады. Терезенің орталығында қандай да бір диск немесе қалтадағы файлдық нысандардың тізімі орналасады. Бұл тізім мұрағатталуы тиіс қалталар мен файлдарды таңдауға арналған. Мұрағат жасау үшін Үстеубатырмасы, мұрағаттан шығару үшін Бөліп алубатырмасы қолданылады. Бұл батырмаларды басқан кезде өзіне сәйкес сұхбат терезелері ашылады.


Компьютерлік вирус

Басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды «бүлдіретін» компьютерлік шағын бағдарлама (1—2 Кб) немесе макрос. Зақымданған мәліметтерді жедел жадқа жүктеуде онда орналасқан басқа файлдарға өтіп, оларға да зақым келтіре алады. Вирустардың мәлімет түтастығын жоятын көптеген қауіпті қосымша әсерлері бар, олар — қатқыл дискінің қүрылымдық бөлімдерін (бөлімдердің түпкі кестесін бұзу арқылы) бүлдіреді, қатқыл дискіні қайта пішімдеп жібереді, файлдарды өшіріп тастайды немесе құрамын өзгертіп жібереді және т.б.;

Қалжың үшін немесе зиянкестік үшін жасалған бағдарлама. Басқа программалардың қүрамына еңіп, содан кейін жағымсыз, ал кейде тіпті қауіпті әрекеттер жасай отырып тарайды. Вирус пайда болғанда экранда қалжың хабарлардың пайда болуынан бастап жүйедегі, күрделі ақауларға немесе қатқыл дискідегі барлық ақпараттың жоғалуына дейінгі оқиғалар болады.Shape1

Компьютерлік вирустрадың жіктелуі

Компьютерлік вирустардың бірнеше онмыңдаған түрлері белгілі.Компьютерлік вирустарды жіктеуге болатын бірнеше қағидалар бар:

  • операциялық жүйелердің таралуы бойынша;

  • зақымдалған нысандар бойынша;

  • қолданылатын технологиялар бойынша;

  • жасау құралы бойынша;

  • зақымдалу амалдары бойынша.

Вирустар 4 түрге жіктеледі:

  • Макровирустар,

  • Полиморфты,

  • Құрт секілді вирустар (червь),

  • Трояндық вирустар.

Макровирустар

Макровирустар құжаттарды зақымдайды.Құжаттар мәтіннен өзге кірістірілген нысандардан, форматтау сипаттамасынан, макростаттардан құралады.

Полиморфты вирустар

Олар өз беттерінше кодтарын өзгертуге алады.Олар өз денелерінде шифрланған бөлік пен шифрден тұрады, әрі шифрді ашушы автоматтты түрде генерацияланатын әр данасында әртүлі.

Құрт секілді вирустар

Құрт вирустар олар қолданушының қатысунсыз программалық қамтамасыз етудегі қателер мен кемшіліктердіпайдалана отырып таралатын вирустар.

Трояндық вирустар

Басқа программалардың ішінде тығылып тұрады және көбінесе компьютерге жүктелетін программалар. Олар мәліметті жою, өзгерту мен көшіруге, бұғаттауға әкеліп соқтырады.

ІІІ. Ағымдағы нұсқау

а) студенттерді орындалатын тапсырманың мазмұнымен

таныстыру

ә) нұсқау-технологиялық карталар тарату

б) еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін қайталап, бекіту

в) студенттерді жұмыс орындарына орналастыру

г) студенттердің жұмысын бақылау


1-ші мақсатты айналым. Студенттерді айналып өтіп, еңбек қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау, тапсырманы орындау дұрыстығын қадағалау;

2-ші мақсатты айналым. Студенттердің тапсырманы орындауына жәрдем беру;

3-ші мақсатты айналым. Студенттердің тапсырманың дұрыс орындауына көңіл бөліп, қажетті жағдайда көмектесу;

4-ші мақсатты айналым. Студенттердің жіберген қателіктерін анықтау және оларды жою амалдарын түсіндіру;


ІV. Қорытынды нұсқау

а) өтілген тақырыпты бекіту

ә) студенттердің жұмысын сипаттау, талдау

б) тапсырманы дұрыс орындаған және қатесі бар студенттерді атау

в) студенттерді бағалау

г) үй тапсырмасын беру:


Үйге тапсырма: Папка және файлдар құру



Аға шебер: Сәбден М.Ш.

Өндірістік оқыту шебері: Кайназаров Н.К.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі