400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Мысығым менің керемет

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге,балаларға үй жануарларымен таныстыру,салыстыру сурет бойынша,айырмашылығын тауып атау,зейінділікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тақырыбы

« Мысығым менің керемет»

Мақсаты

-балаларды үй жануарлары- мысықпен таныстырып,оның қимыл -іс-әрекеті,пайдасы жайында түсінік беру;

-үй жануарларына мейірімді болуға тәрбиелеу;

-айналадағы қоршаған ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталандыру.

құрал-жабдықтар

көрнекіліктер

үй жануарларының суреттері,мысықтың суреттері,себеттегі жіптер,

тышқан мен мысықтың атрибуттары

Сөздік жұмысы

мысық

Билингвалды компонент

мысық-кошка,үй жануары-домашние животные


іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:«Табиғатым тамаша»

Балалар,бүгін күн ерекше,табиғаттың өзі сендерді аялы алақанына салып еркелетпекші,қане,бәріміз шеңберге тұрайық.


Шаттық шеңберін жасайды


Ұйымдастыру-іздестіру

Бүгін біз үй жануарларының бірімен танысамыз,ол қандай жануар екені әзірге құпия,тек мен айтқан бір жұмбақты шешсеңдер ғана білетін боласыңдар.

Жұмбақ: Өз құйрығын өзі құып ойнайды,

Допты көрсе домалатып қоймайды,

Беті-қолын қайта-қайта жуады

Тышқандарды үйімізден қуады.

Жарайсыңдар,балалар,енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді?

Ендеше біз тақтада тек мысықтың суретін қалдырайық.

Мысық-үй жануары,оның пайдасы көп,ол жүрген жерде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш,бала-

лармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады.Өзіне жарасар дауысы бар,қандай?

Мысықты«кис-кис»деп шақырып,сипап,кішкене сүт құйып береміз.Оның жүні тақыр болады,құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын мына суреттегідей.Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып,құйры-

ғынан сүйреп жәбірлеуге бола ма?






Балалар,мына екі мысықты салыстырайық та ерекшелігін айтайық.

Жарайсыңдар,енді мына суреттегі мысыққа қарайық,оған не жетіспейді?

Керемет әдемі мысық болды,ол жайында білетін тақпағымызды айтайық.

1-бала:Бала мысық батыл-ақ,

Тышқан ұстау талабы.

Сылдыр етсе жапырақ,

Тісі оның қышып отыр.

Ойын:«Жіп шатастыру»

Әжелеріміздің шұлық тоқитын жіптерін домала-

тып,шатастырып ойнайды,әзір біз мысық болып,

жіптермен ойнаймыз.

Ойын шарты:«1-2-3 ойынға түс!» -дегенде мына себеттегі жіптерді шашып домалатып жібересіңдер,

сосын оларды тауып қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар.Кім тез жинаса,сол жеңімпаз мысық болады.

Ойын:«Байқағыш»

Ойын шарты:Мысықты ойлап,көздеріңе елестетіп,

еске түсіріп,менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

1.Мысықта қанша құлақ бар?


2.Мысықта қанша аяқ бар?



3.Мысықта қанша құйрық бар?

4.Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзын ба?







Сергіту сәті:

Кәне,сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз,тұрамыз

Сергітуге мың алғыс.

Енді бөспе тышқан ертегісін тамашалаңдар.

2-бала:Іші әбден пысқан,

Деді бірде тышқан.

Тышқан:Мысықтарды түнде,

Қуып жүрем күнде.

Қорыққаннан қазір,

Жатыр шықпай інде.

(осы кезде 2бала жылап кіреді)

3-бала:Апай,шкафтағы етікті,

Тышқан тесіп кетіпті.

Аямастан ойыпты,

Үлкен тесік қып қойыпты.

4-бала:Ой,ой,ой!

Пакетімді қиыпты,

Шұлығыма тиіпті,

Курткамды шайнап,

Кетіпті ойнап.Ух!

Тышқан:Не бопты соншалық,

Бәтеңкеңнің бауын қидым.

Шулығыңды тестім.

Серуенге өзім шықтым.

5-бала:Тышқан солай бөсті,

Соғым алып төсті.

Мысық келді естіп

Оның үні өшті.

Мысық:Мияу!Ұстап аламын тыңқанды!

Тышқан:Құтқарыңдар!Құтқарыңдар!(әрең қашып құтылады мысықтан)

Мысық:Енді тышқан келмейді,

Шұлықтарды жемейді,

Иісін сезіп мысықтың,

Қорқып қашып жүр енді.

Балалар,сол үшін мысыққа не дейміз?


Мұқият тыңдайды.



Жұмбақты шешеді.

Мысық



Мынау мысық.












Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Мияу!




1.Мына суретте мысық

тың мұрты жоқ,ал мына мысықта бар.

2.Біреуінің құйрығы жер-

де жатыр,ал екіншісі құйрығын көтеріп алыпты.

3.Мойнына байланған бантиктерінің бұршақтары

біреуінде жасыл,біреуінде қызыл.

Мысықтың құрығы жоқ.






Тақпақ айтады.




Ойын ойнайды.








Балалардың жауабы.





Сергіту сәтіне қимыл- қозғалыстар жасайды.







Тақпақ айтады.







Тақпақ айтады.





Тақпақ айтады.



Тышқан(бала) тақпақ айтады.





Тақпақ айтады.




Мысық(бала) тақпақ айтады.


Рақмет!



Рефлексивті -түзетушілік

-Тышқанның жауы не екен?

-Мысықты жақсы көргенімізді қалай білдіреміз?

-Мысық қандай жануар?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-

әрекетін аяқтайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

үй жануарларын ажырата алуды.

Нені игереді

мысықтың қимыл іс- әрекеті, пайдасын.

Нені біледі

үй жануарларына мейірімді болуды.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі