Ортаңғы «Ақ ерке» тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу
күні: 19.11.
2021
Тәрбиеші: Алдамұрат
М.Е
Білім беру
саласы: «Қатынас,Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің түрі: «Сөйлеуді дамыту,Мүсіндеу
.»
Тақырыбы:
«Нан дастарханға қайдан
келді?»
Мақсаты:
Балаларды нанның біздің
дастарханымызға қалай
келетіні
жайлы түсінік беру.Дәнді егуден бастап,нан болғанға дейінгі еңбек
түрлерімен таныстыру. Адам еңбегін құрметтеуді,нанды қадірлеуді
үйрету.
1)Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасауға
үйрету.
2)Дамытушылық
: Нанның дастарханға қалай келгені жайлы
мәліметтермен таныстыру.
3)Оқыту: Адам еңбегін құрметтеуді,нанды
қадірлеуді үйрету.
Педагогикалық
технологиялар: Ойындар.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: Суреттер:Нан
түрлері.
Билингвальдік
компонент: Нан –хлеб,
наубайхана -пекарная , бөлішке – булочка,
бидай-зерно.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы.
1)Ұйымдастырушылық кезені:
Шаттық шеңбер: Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой.
Ал,кәнеки
бәріміз,
Сәлем дейік
үлкенге.
Сәлеметсіздерме
қонақтар.
2) Негізгі
бөлімі: Бүгінгі
біздің өтетін оқу қызыметінің тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай
келеді?»
-Олай болса, бүгінгі
сабағымыз , нан біздің дастарқанымызға қалай келеді? - деген сұраққа
жауап іздеп көрейік.
- Балалар, айтыңдаршы
күнделікті біздің дастарқанымызда қасиетті, қадірлі қандай тағам
тұрады? Балалар қараңыздаршы менің қолымдағы не екенін білесіздер
ме? Ия бұл нан. Бұл қандай нан? Таба нан. Нанның пішіні қандай?
Дөңгелек. Нанның түсі қандай? Сары.Балалар кім нан туралы тақпақ
біледі?
Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Ендеше балалар Нан біздің
дастарханымызға келгенше кімдер еңбек етеді екенін білейік?
Слайдпен жұмыс: -Алдымен трактормен жерді
жыртады, диқандар ол жерге бидайдың тұқымын
тастайды. Оны күтіп, баптайды.
Тыңайтқыштар сеуіп, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін
басында жүреді. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды.
Бидайдың сабақтары пайда болады, оны диқандар үнемі суарып отырады.
Егін піскен кезде. Күзде астықты комбайндармен орады және үстерінен
бастырады. Бидайды диірменге апарып тапсырады. Аппақ болып ұн
дайындалады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар
мен ауылдарға жөнелтеді. Қап –
қаптармен ұнды қайда апарады? - Енді ұнды қайда апарады деп
ойлайсыңдар? - Наубайханаға. - Наубайханада наубайшы ұннан қамыр
илеп көп нандар,тоқаштар, печеньелер пісіреді.
Міне нан дастарқанға келгенше қаншама адам
еңбек етеді. Мұның бәрі – адам еңбегі.
Есік соғылады. - Балалар ,
есік соғып тұрған кім екен көрейікші. - Бізге қонаққа Наубайшы
келіпті.
Наубайшы:Балалар сіздер нанның жасалу жолдарын
білесіздерме? Ия. Ендеше қане барлығымыз кішігірім видеоролик
қарайық.
-Наубайшы:Балалар сіздер маған қамыр илеуге
көмектесесіздерме? Ия. Ендеше сіздер маған бауырсаққа қамыр илеп
беріңіздерші. Жарайсыздар балалар енді мен осы қамырлардан сіздерге
бауырсақ пісіріп алып келейін. Балалар сіздер қамыр илеп шаршаған
шығарсыздар кәне біз сіздермен сергіту сәтін
жасайық.
Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактормен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.
Наубайшы
бауырсақпен кіріп келеді.Балалар наубайшымыз біздің қамырдан
бауырсақ пісіріп алып келіпті. Наубайшы:Қане балалар кім бауырсақ
туралы тақпақ біледі.
Балаларға тортымыз
Барлық жұртқа құртымыз Балмен
піскен қуыршақ Балдай тәтті
бауырсақ
Жарайсыздар балалар енді біз нанның дастарханға қалай
келгені жайлы білеміз ия.
3)Қорытынды:
Балалар сонымен нанды кім пісіреді? Нан
неден жасалады? Ұнның түсі қандай? Бидайды немен орады? Балалар
сіздерге оқу іс-әрекет ұнады
ма?
Әдіскер: Айтпаева
Ж.К
Бекітемін
КМҚК
"Салтанат"
бөбекжайының
меңгерушісі
А.А
Баймбетова________
Ашық
сабақ
Қатынас,Шығармашылық
Тақырыбы:"Нан дастарханға
қайдан келді?"
Ортаңғы "Ақерке"
тобы
Өткізген: Алдамұрат
М.Е
2021-2022 оқу
жылы
КМҚК "Салтанат"
бөбекжайы
Ашық
сабақ
Қатынас,Шығармашылық
Тақырыбы:"Нан дастарханға
қайдан келді?"
Ортаңғы "Ақерке"
тобы
Өткізген: Алдамұрат
М.Е
2021-2022 оқу
жылы