Ұйымдастырылған оқу
қызметі
Білім беру
саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат
ашу.
Тақырыбы: О дыбысы мен
әрпі.
Мақсаты: О әрпімен балаларды таныстыру.
Құрамында О
дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысы бар сөздерге сөз, сөйлем
ойлау. Балалардың ойлау қабілетін
дамыту.Еңбекке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап,
жұмбақ.
Мотивациялық
қозғаушылық:
Шаттық
шеңбер
Дөңгеленіп
тұрайық,
Шеңберді біз
құрайық,
Қол ұстасып
бәріміз.
Ақ тілекті
жолдайық,
-Әлемді нұр
тыныштық,
Әрбір бейбіт күн
ыстық
Қайырлы таң
бақшамыз,
Қайырлы таң
қонақтар!
Қайырлы таң
достарым.
ІІ. Өткенді
қайталау.
Сұрақ -жауап арқылы
бастау.
Сауат ашу оқу-қызметінде нелерді
үйренеміз?
-Дыбыстар мен әріптердің айтылуын.Көркем
жазуды,сауатты оқуды.Сөздерден сөйлем құрауды
үйренеміз.
-Дыбыстар дегеніміз не?
-Дыбыстарды
естиміз,айтамыз.
-Әріптерді?
-Жазамыз,
көреміз
-Дыбыстар неше
бөлінеді?
-Екіге.Дауысты
дыбыстар.Дауыссыз дыбыстар.
Дауысты дыбыстар қандай
текшемен белгіленеді?
-Қызыл
текшемен
Ал, дауыссыз
дыбыстар?
-Көк
текшемен
Жақсы
балалар.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
— Балалар,бүгін біз
«Әріптер бағындағы» танысатын дыбыс пен әріпті жұмбақ арқылы
таныстырғым келеді.
-Ендеше орнымызға
жайғасамыз.
— Ал,балалар,ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1.
Аналар оны бастарына тартқанда,
Сұлуланып
кетеді.(Орамал)
2.Ол болмаса столда,
Отыра алмаймыз біз
дастарханға(Орындық)
3.Жабайы аңдардың
мекені,
Білесіңбе сен
оны.(Орман)
-Жақсы балалар, ал айтыңдаршы
балалар бұл жұмбақтың жауабы қай әріптен басталып
тұр?
О әріпінен басталып
тұр
-Дұрыс айтасыңдар балалар
ендеше бүгінгі біздің танысатын әріпіміз ол О
дыбысы.
-Қәнекей балалар О дыбысын
бәріміз айнаға қарап айтайықшы
ОООООООООО
-О дыбысын айтқан кезде О
дыбысы кедергіге ұшырап тұр ма?
Жоқ
-Қалай айтылып
тұр?
Әндетіп,
созылып
-Дұрыс
айтасыңдар
-Ендеше О дыбысы әндетіліп,
созылып айтылса, ол бізде дауысты дыбыс
болады.
-О дыбысы бізде дауысты
дыбыс.
-Ендеше теледидарға назар
аударайық
Видео О
дыбысына
О дыбысы сөздің басында,
ортасында және соңында кездеседі
екен.
(Суретін көрсету, От,
доп,пальто,)
-Балалар О дыбысын ауада
жаздырту.
- О дыбысын балалар алдарыңда
тұрған геоконт арқылы жазайық.
-О дыбысы балалар неге
ұқсайды?
Допқа, жұмыртқаға, тоқашқа
, сақинаға т.б
Тіл
жаттығуы
Ор-ор-ор – орақпен шөпті
ор.
От-от-от – лаулап жанды
от.
Ой-ой-ой – қызықты өтті
той.
Он-он-он – бұл қалың
тон.
Блалар тон дегеніміз
не?
Тон қыс мезгілінде киетін
киім.
От және тон сөзіне дыбыстық
талдау жасату
О дыбысы қай жерде кездесіп
тұрғанын айтқызу, буынға бөлгізу.
Осы екі сөзге сөйлем
құрату.
Тон қыста киетін
киім.
От лаулап
жанды.
Сергіту
сәті
(О дыбысы топқа кіріп
келеді)
Рефлексиялық
түзетушілік:
О: Сәлеметсіңдер ме,
балалар
Сәлеметсізбе
О: Балалар мен өзімнің атымды
естіп сендерге келдім, сендер мен жайлы айтып жатқан сияқтысыңдар.
Балалар мен жай келмей, сендердің білімдеріңді тексеруге келдім.
Дайынбыз ба,менің тапсырмаларымды
орындауға?
Иә
дайынбыз
О:Бүгін қандай дыбыспен
таныстыңдар?
О
дыбысымен
О: О дыбысы қандай
дыбыс?
Дауысты
дыбыс
О: Неге мен дауысты
дыбыспын?
Өйткені әндетіліп, созылып
айтылады.
О: Ал О дыбысынан басталатын
қандай сөзді білесіңдер?
Орман, орындық, от, ою
т.б
О: Ал мені басқа дыбыстарға
қосып оқи аласыңдар ма?
Иә
Ендеше қанекей тексеріп
көрейін, орнымызға жайғасамыз.
От, Он, Ор, То,
Тон,
О: Тамаша балалар, біледі
екенсіңдер, ендеше соңғы тағы бір тапсырмам бар. Балалар сендер
маған дейін бірәз әріптерді үйреніп тастапсыңдар. Үйренген
әріптеріңді жаза білесіңдер ме?
Иә
Ендеше мен сендерге мынандай
әдемі мәр-мәр тастарды алып келдім, осы тастар мен әріптерді
құрастырып жазыңыздаршы. Дауысты дыбыстарды қызыл таспен ал
дауыссыз дыбыстарды көк таспен. А, Т, Н, Ғ,
Р
О: Керемет балалар сендерге
өте риза болып тұрмын. Білімдерің әрі қарай асқақтай берсін.
Сендерге құр келмей өзімнің сыйлығымды да ала келдім. Әрқашанда осы
смайлик сияқты көңілдерің көтеріңкі болып, ҰОҚ жақсы көңіл күйде
болуларыңа тілектеспін. Рахмет балалар сау
болыңдар!
Тәрбиеші
балалармен
Барлық әріп бағалы.
Айтып әділ бағалы.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
Назарларыңызға
рахмет
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: жаңа дыбыстан басталатын
сөздерге мысал келтіреді, өлең мазмұнын түсініп, жаттап алады,
сөздерді буынға бөледі, қысқа буындарды
оқиды.
Игереді: дыбыстар айырмашылығын, сөз
буынын, буын дыбыстардан құралатынын, жаңа дыбысқа сөз ойлай
білуді.
Меңгереді: кеспе әріптерімен дыбыстарды
қосып айтуды, сөз жарысында жылдам ойланып, бірнеше сөз айта білу
дағдыларын.