400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Ойындар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Аяқталмаған сөздер"

    Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.

Ойынның ойналу әдісі. Тақтаға 2 бағанға сөздер жазылады. 1-бағанға жуан, 2-бағанға жіңішке сөздер жазылады. Сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың орнына нүктелер қойылады. Балалар берілген дауысты дыбыстар арқылы сөздерді табады. Бұл ойынды жазбаша түрде жүргізуге болады, не болмаса топпен жарыс түрінде де өткізуге болады. Дұрыс жауапқа ұпай сандары беріледі. Тақтадағы мысалдар:

. т б . с .                          ж . ң . ш к .

қ . р . н д . с . м                к . з . л д . р . к

б . л . б . қ ш .                  . й н . к

. л т т . қ                          ш . й н . к

. л т . ң б .                        к . с .

    Ойынның нәтижесі: бұл ойын балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттырып қана қоймай, жаңа білім алуы үшін де жақсы. Тапсырмалар орындай отырып, мынадай сұрақтарға жауаптар да алады. Дауыстылар мен дауыссыздар не үшін керек, қандай дыбыстардың мағыналық ерекшеліктері үлкен? Қорытындылай келе, дауыссыздар мен дауыстылардың ерекшеліктерінің, маңыздылығының бірдей екендігін түсінеді. Қатаң дауыссыздар мен ұяң, үнді дауыссыздарды қайталап, есте сақтауда "Құрылысшы" ойынын да балалар бар ынталарымен ойнайды.




"Құрылысшы"



     Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады.

Мысалы: қ, р, л, ғ, ж, ш, т, с, з, б, м.

Сөздер: қар, қас, қара, қал, қарға, қарлығаш, аға, ағаш, ат, тас, таза, әлем, түзу, сөз, сүт, түс, білім, әже, ет, тізе, тіс, бет, ер, жер, су т.б.

Ойынның нәтижесі: балалардың шапшаңдығын, тез ойланып, тез жауап беруге дағдылануын қалыптастырады. Оқушылар бұндай тапсырмалардың көптеген викториналарда, сайыстар мен КТО-ларда қажет болатынын түсінеді.




"Кім жылдам?"



    Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы ойындардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.

    Ойынның ойналу әдісі: Тақтаға сөздер жазылады. Балалар сол сөздердің бір буынын алып, берілген уақыт ішінде басқа сөздер құрастырады. Кім бірінші болса, сол ұтады. Мысалы:

Мемлекет                              Қазақстан

Кітапхана                              Табиғат

Кеме                                     Жануарлар

Білім                                     Ақпан

Теңіз                                     Адамзат

Мектеп                                  Отбасы

Түркістан                               Астана

Көктөбе                                 Алматы

Дүние                                    Ғалам

  Мысалы, Алматы сөзі Ал-ма-ты деген үш буыннан тұрса соның Ал буынынан алма, алтын, алқа, алпыс, алғыр, алыс, алақан, алқызыл, алақай, т.б. көптеген сөздер құруға болса, қалған –ма және ты буындарынан да бірнеше сөздер құруға болады. Яғни балалардың көп сөз құруына көп көңіл бөлінеді.

    Ойынның нәтижесі: балалар өздерінің алған білімдерін көрсетеді. Сонымен бірге балалардың тез ойлануына, сөздік қорларын молайтуына көп көмектеседі.



"Егіз сөздер"



зверь – аң,                         подушка – жастық

пыль – шаң,                       урожай – астық

Зверь – аң,                        молодость – жастық

Закон – заң,                       начальник – бастық

Восемь – сегіз,                   три – үш

Близнец – егіз,                   сила – күш

Восемь – сегіз,                   голова – бас

Основа – негіз,                  камень – тас

Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.



1 – КӘРТІШКЕ

1. Дауысты дыбыстарды қойып, көшір.

Қ...тар, қ...тар өседі

К...кті б...йлап көк терек.

К...ннің н...ры – т...сегі

Т...ла бойы к...кпеңбек.

2. Дауыссыз дыбыстарды қойып көшір.

Қа.аз, кө.тем, а.аш, ша.ғы, ұш.ыш, көбе.ек, сыр.анақ, жұмы., жемі., биі., же.іс, пара., о.ушы, оры.дық, то.ыз, мы., қыр.үйек

2 – КӘРТІШКЕ

1. Керекті әріптерді қойып, сұрақтарға жауап бер.

М.нау қандай к.тап? Сен неші.ші сы.ыпта оқ.сың? Сен қа. к.шеде т.расың? Сен неш.нші ж.лы т.ылдың?Әке.нің аты к.м ?

Шеше.нің аты к.м?

Тиісті әріптерді қойып, аудар.

Ү.рек не істейд.? Ү.рек суда ж.зеді К.тап қа.да жат.р? К.тап үст.лде жат.р Б.л не? Б.л – д.птер

3 – КӘРТІШКЕ

1. Дауысты жіңішке дыбыстарды қойып, мәтінді аудар.

К.з к.лді. Жапырақтар сарғайды. Олар үз.л.п ж.рге т.сті. Балалар әр т.рлі жапырақтарды жинады. Оларды к.тап арасына салды.

Сөздерді оқып, аудар. Сөйлемдер құрастыр.

Тігінші, орындық, өсімдік, қызғалдақ, кекілік, жарыс, көгілдір, жұмысшы, бесінші, арық, екі мың жетінші жыл.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі