Ашық сабақ:"Оңтүстік Американың ішкі сулары"7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:"Оңтүстік Американың ішкі сулары"7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Керекті мәліметтерді пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары

Мақсаты 

Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Американың өзен мен көлдеріне түсінік бере отырып, ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін анықтау


Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, қорытынды жасауға теориялық білімдерін қолдануға жағдай жасау. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.


Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, өзен-көлдерді ластанудан қорғауға тәрбиелеу


Құрал-жабдықтары: физикалық жартышар картасы, кескін карта, суреттер, слайдтар

Сабақтың түрі: ашық сабақ


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, көрнекілік, қосымша ақпарат жинақтау.

Сабақтың формасы: жеке, топпен.


Негізгі ұғымдар: Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Игуасу, Анхель, Титикака.

Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты 3 топқа бөлу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

«Таза тақта ойыны» арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1)Материкке қандай ауа массалары әсер етеді? Экваторлық, тропиктік, қоңыржай

2)Материктің климатына қандай мұхит әсер етеді? Себебін түсіндір! Атлант мұхиты


3)Материкті қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді? 6 климаттық белдеу. Экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай, биік таулы климат.

4)Экваторлық климаттық белдеуде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері қандай? +25 градус. 1500-3000 мм жауын-шашын

5)Ауыспалы ылғалды климат дегеніміз не? Субэкваторлық белдеуде жазы ылғалды экваторлық, ал қыста тропиктік ауа массалары әсер етуінен қысы құрғақ,жазы жаңбырлы болады.

6) Тропиктік климаттық қай аралықта жатыр? Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарды алып жатыр.

7)Субтропиктік климаттық белдеу қай ендіктер аралығында жатыр? 30 градус және 40 градус оңтүстік ендік аралығында жатыр

8)Материктегі ең төменгі – 33 градус температура қа йклиматтық белдеуде қалыптасты? Қоңыржай климаттық белдеу

9)Анд таулары қандай климатқа жатады? Биік таулы климат

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.                                                                         


ІV.Жаңа сабақты меңгеру.

1.Мақал мәтелдер мағынасын ажырату

а) Сулы жер-нулы жер

б) Судың да сұрауы бар


2.Әңгіме-дәріс.

Өзендері.  Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам салалары бар, оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз-сәуір айларында айрықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың (ол қандай құбылыс?) әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (пороруку) деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.Амазонка мен оның салалары тіршілікке бай. Өзеннің суы тымық бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық –ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапаима және жыртқыш ұсақ пиранья балықтары, электрі су жыланы, тұщы су дельфині –иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенінің жойқын күші мен оның алабындағы қорыс батпақтары, қалың ну ормандардың құпиясы әлі толық ашылмағандықтан адамдарға үрей мен қорқыныш туғызады.

Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы – су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд тауцлары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Оның ең ірісі – Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөліп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырамалардың бірі болып табылады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мұхитына құяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бұл екі өзенде су қуатының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.

Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі – Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Оңтүстік Американың өзен алаптарын түсіндіру.


Оңтүстік Американың өзен алаптары


Shape1 Shape2

Shape5 Shape6

Ішкі

тұйық

алабы


Shape7

Тынық

мұхиты

алабы

Атлант

мұхиты алабы



алабы





Shape8

Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена т.б. өзендер жатады.

Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері жатады.

Анд таулары-

ның батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды.









4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Оңтүстік Американың көлдерін түсіндіру.


Титикака

Анд тауындағы ірі тектоникалық көл.

Поопо

Титикаканың оңтүстігінде орналасқан, жазда кеуіп қалатын тұзды көл.

Маракайбо

Материк жағалауынан мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көл.



ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

1.Артық сөзді табу (Тақырыпта өтілген атауларды ашық тұрған бағанға толтыру, артық сөздердің астын сызу)

1

Уәдтер, Амазонка, Эйр, Анхель, Чад




2

Тана , Титикака, Үлкен артезиан, Ориноко, Ніл




3

Конго, Игуасу, Куперс-Крик, Муррей, Поопо




4

Маракайбо, Виктория, Замбези, Криктер, Магдалена




5

Танганьика, Нигер, Парана, Сенегал, Уругвай





2.Ассосация логикалық ойлау арқылы сөздерді пайдаланып, жасырынған сөздерді табу керек.

А)500 сала.Виктория-регия.Кариб теңізі.-Амазонка өзені

Б)Ла-Плата ойпаты.Игуасу.Бразилия үстірті.-Парана өзені

В)Анхель.Гвиана таулы үстірті.Атлант мұхиты.-Ориноко өзені

Г)Қалайы алаңы.8300 км квадрат.Анд тауы.-Титикака көлі


3.Терме диктант.

А) ................. төменгі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220 000 м куб су ағып өтеді.

Б) Амазонканың салаларын суының түсіне қарай ............. және ................. деп атайды.

В) ...................... орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі.

Г) .................... өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік сарқырама орналасқан.

Д) Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагунаплық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі - ............................


4. «Адасқан объектілер» сәйкестендір.

Ориноко                                       1. Сарқырама

Маракайбо                                   2. Өзен

Игуасу                                          3. көл

Парана                                          4. Өзен

Амазонка                                      5. Сарқырама

Анхель                                          6. Өзен

Поопо                                           7. Көл

V. Қорытынды.

28 қаңтарда Антарктида материгінің ашылғанына 195 жыл толуымен ғаламшар тұрғындарын құттықтаймыз!!!!

Оңтүстік Американың ішкі суларын кескін картаға белгілеу

VІ.Бағалау. 

VІІ.Үйге тапсырма: Оңтүстік Американың ішкі суларын оқу, кескін картаға өзендері мен көлдерін түсіру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі