Ашық сабақ:Өсімдіктер әлемін қалай сақтауға болады?

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Өсімдіктер әлемін қалай сақтауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімі:Жолдас.Ж

Пәні: Жаратылыстану

Сынып: 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемін қалай сақтауға болады?

Сабақтың мақсаты:

• Өсімдіктердің табиғаттағы маңызын түсіндіру;

• Өсімдіктерді қорғау жолдарын анықтау;

• Табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Құндылық: Табиғатты аялау, жауапкершілік

Күтілетін нәтиже:

өсімдіктердің адам өміріндегі рөлін біледі;

өсімдіктерді сақтаудың жолдарын атайды;

табиғатты қорғауға қатысты өз ойын білдіреді;

топта, жеке және зерттеу жұмыстарын орындай алады.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

«Табиғатты қорғайық» атты қысқа тілек шеңбері.

ІІ. Топқа бөлу . «Қоржын» әдісі

1-топ «Ағаштар» тобы

2-топ «Гүлдер» тобы

3-топ «Шөптесін өсімдіктер» тобы

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау . «Тақтадағы сұрақтар» ойыны

1. Өсімдік дегеніміз не?

A) Табиғаттағы жансыз дүние

B) Тірі ағза, өзі өсіп, дамитын тіршілік иесі

C) Тек адам үшін ғана өсетін тіршілік

2. Өсімдіктердің қандай түрлері бар?

A) Тек жабайы өсімдіктер

B) Тек мәдени өсімдіктер

C) Жабайы және мәдени өсімдіктер

3. Өсімдікке не қажет?

A) Су, жарық, жылу, ауа, топырақ

B) Тек су

C) Тек жарық

4. Жабайы өсімдіктер деген не?

A) Адам өсіретін өсімдіктер

B) Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктер

C) Үйде ғана өсетін өсімдіктер

5. Мәдени өсімдіктер деген не?

A) Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер

B) Орманда өсетін өсімдіктер

C) Тек ыстық жерде өсетін өсімдіктер

6. Адам өсімдіктерді қалай пайдаланады?

A) Тамақ, дәрі-дәрмек, құрылыс, киім үшін

B) Тек әсемдік үшін

C) Пайдаланбайды

7. Өсімдіктер қандай маңызды экологиялық рөл атқарады?

A) Ауаны ластайды

B) Су буын көбейтеді

C) Көмірқышқыл газын сіңіріп,оттегін бөледі

8. Ұн негізгі қай дақылдан алынады?

A) Бидай

B) Күнбағыс

C) Картоп

ІІІ. Жаңа сабақты ашу

Ой қозғау

Егер жер бетінде өсімдіктер жойылып кетсе не болады?(Оттегі азаяды,егер өсімдіктер жойылса,атмосферадағы оттегі азайып,жануарлар мен адам өмір сүре алмайды.Көмірқышқыл газы көбейеді,тағам тізбегі бұзылады,ауыл шаруашылығы тоқтайды, адамдар өсімдіктерден нан,жеміс,көкөніс,дән,май алады.Өсімдік болмас,азық-түлік жетіспеушілігі туындайды.Климат өзгерді,құрғақшылық күшейеді,шаңды дауыл көбейеді,дәрілердің тапшылығы басталады,өйткені дүниежүзілік дәрілердің көп бөлігі өсімдіктерден алынады)

Өсімдіктерді не үшін қорғау керек?(Ағаштарды кесуге жол бермеу керек,заңсыз ағаш кесуді тоқтату керек.Көбірек ағаш отырғызу,көгалдандыру.Өсімдіктерді таптамау,сындырмау.Қорықтар мен ұллтық парктерді көбейту.Қоқыс лақтырмау,табиғатты таза ұстау.Өрттің алдын алу,орманда от жағуда абай болу.Су ресурстарын ластамау,өйткені өсімдікке таза су қажет.Химиялық заттарды шамадан тыс қолданбау,топырақты улайтын тыңайтқыштардан сақтану.Экологиялық білімді арттыру,табиғатты сүю.




ЖИ арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру.Слайд арқылы түсіндірме.

• Өсімдіктер – тіршілік көзі

• Олар ауаны тазартады, адамға азық, дәрі береді

• Өсімдіктерге қауіп төндіретін жағдайлар

• Өсімдіктерді қорғау жолдары:

• Ағаш отырғызу

• Гүлдерді жұлмау

• Қоқыс тастамау

• Орманды өрттен сақтау


Дәптермен жұмыс

Есіңе сақта!

Гүлді жұлуға,шөпті таптауға,бұта мен ағашты сындыруға болмайды.Табиғатты таза ұстау қажет.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс

Әр топқа тапсырма беріледі.


1-топ: “Өсімдіктерді қорғау” постер

2-топ:Семантикалық карта

3-топ: Сөзжұмбақ торы– өсімдік атаулары

(Әр топ өз жұмысын қорғайды)

Жеке жұмыс

Тапсырма:

Суреттер мен сөздерді сәйкестендір.

Зерттеу жұмысы

Тәжірибе:

(Өсімдікке күтім жасау)

•Суды дұрыс құю

•Күн сәулесінің маңызы

Гүлбақыт,Сартайдың жұмыстарын көрсету

Сабақты пысықтауға: «Ұшқыр ой» ойыны Wordwall

Кері байланыс:

Мақтау,мадақтау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі