Ашық сабақ:Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ:Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімі:Жолдас.Ж

Пәні:Жаратылыстану

Сынып:3 «А»

Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар

Сабақтың мақсаты:

-Оқушылардың өсімдік өсуіне қажетті жағдайлармен танысады

(жарық,су,ауа,жылу,топырақ);

-Өсімдіктердің тіршілігін сақтауға жағдай жасауды үйренеді;

-Тәжірбие арқылы қорытынды шығара біледі.

Күтілетін нәтиже:

-Өсімдіктердің тіршілігіне қандай жағдайлар қажет екенін айтады.

-Әр жағдайдың өсімдіктің өсуіне әсерін түсінеді.

-Тәжірибелік тапсырмалар арқылы қорытынды жасай алады.


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушыларды түгендеу

Психологиялық дайындық: “Күннің шуағы” (оқушылар тілектер айтады)

Топқа бөлу: «Жапырақ» әдісі арқылы

1-топ «Жапырақ»-тобы

2-топ «Тамыр»-тобы

3-топ «Гүл»-тобы

Оқушыларды жапырақ суреттері арқылы топқа бөлінеді.

II. Өткенді пысықтау. «Дәл мерген» ойыны

Сұрақтар:

1.Табиғат дегеніміз не?

A) Адамдардың қолымен жасалған дүние

B) Адаммен бірге өмір сүретін орта

C) Адам еңбегінің нәтижесі

D) Тек өсімдіктер әлемі

2. Табиғатқа не жатады?

A) Үй, машина, телефон

B) Ағаш, жануар, ауа

C) Кітап, қалам

D) Киім, аяқ киім

3. Адам қолымен жасалмаған нәрсе қалай аталады?

A) Өнеркәсіп

B) Жасанды зат

C) Табиғи нысан

D) Қолөнер


4. Табиғат нешеге бөлінеді?

A) 1-ге

B) 2-ге

C) 3-ке

D) 4-ке

5. Табиғаттың негізгі түрлері қалай аталады?

A) Жанды және жансыз

B) Қатты және сұйық

C) Табиғи және жасанды

D) Әдемі және сұрықсыз

6. Жанды табиғатқа қайсысы жатады?

A) Тас, ауа

B) Күн, су

C) Адам, жануар, өсімдік

D) Тау, металл

7. Жансыз табиғатқа қайсысы жатады?

A) Құс, гүл

B) Адам, балық

C) Өсімдік, жануар

D) Су, топырақ, ауа


8. Жанды табиғаттың негізгі белгісі қандай?

A) Өспейді

B) Тіршілік етеді, көбейеді

C) Қозғалмайды

D) Пішінін өзгертпейді

III. Жаңа сабақты ашу (жұмбақ)

1.Тіршіліктің жер бетіндегі көркі,

Көкке өрлеп, күнге қарай өркен жаяды. Бұл не?

Жауабы: Өсімдік

Ұжымдық жұмыс .Жаңа тақырып. «ЖИКСО» әдісі

Мақсаты:мәтінді бөліктерге бөліп,әр оқушыныі жауапкершілік алуына,ақпаратпен бөлісуіне және бірлесіп білім құруына жағдай жасау.

Өсімдік – тірі ағза. Ол тіршілік ету үшін белгілі жағдайларды қажет етеді. Өсімдіктің өсуіне ең алдымен жарық керек. Жарық болмаса, өсімдік әлсіз өседі, тіпті қурап қалады. Өсімдік күннің жарығы арқылы қоректік заттар жинайды.

Су – өсімдіктің негізгі қорегі. Өсімдік тамыры арқылы топырақтан суды сіңіреді. Су өсімдікке қорек жеткізіп, оның өсуіне көмектеседі.


Өсімдіктің өсуіне ауа да қажет. Ауа болмаса, өсімдік тыныс ала алмайды. Сондай-ақ өсімдікке жылу керек. Суықта өсімдік баяу өседі, ал жылы жерде жақсы өседі.

Өсімдік жақсы өсу үшін топырақ та қажет. Топырақтан өсімдік минералды заттарды сіңіреді. Осы жағдайлар бар болса, өсімдік жақсы өсіп, жеміс береді.

Сұрақтар:

Өсімдікке қандай жағдайлар қажет?

Неге өсімдікке жарық керек?

Өсімдік суды қайдан алады?

Өсімдік немен тыныс алады?

Ауа өсімдікке не үшін қажет?

Дәптермен жұмыс

Қарашаның жиырма алтысы.

Сынып жұмысы.

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар.

Өсімдік – тірі ағза. Ол тіршілік ету үшін белгілі жағдайларды қажет етеді. Өсімдіктің өсуіне :су, ауа, топырақ, жарық, жылу.

Топтық тапсырма

1-топ: Есеп «Өсімдікке не керек?»

Мәтін:

Бір үйдің ауласында 3 гүл отырғызылды. Бірінші гүлге күн сайын су құйылды, екінші гүлге су тек аптасына 1 рет берілді, ал үшінші гүлге мүлде су берілмеді.

2 аптадан соң:

• Бірінші гүл жайқалып өсті.

• Екінші гүл баяу өсті.

• Үшінші гүл қурап қалды.

Сұрақтары:

1. Қай гүл дұрыс өсті?

2. Гүл не үшін тірі ағза деп аталады?

3. Өсімдікке қандай жағдайлар керек? (3-ін ата)


2-топ: Логикалық есеп «Қай өсімдік көбейеді?»

Мәтін:

Аружан үйіне 4 түрлі өсімдік әкелді: раушан гүлі, пияз, картоп және қияр.

• Раушан тұқым арқылы көбейеді.

• Пияз баданадан көбейеді.

• Картоп түйнектен көбейеді.

• Қияр тұқым арқылы көбейеді.

Тапсырма:

1. Тұқым арқылы көбейетін өсімдіктерді ата.

2. Тамыр, түйнек немесе баданадан көбейетін қай өсімдіктер?

3. Өсімдік неге көбейеді? (жауабын түсіндір)



3-топ.Есеп (Сандық): «Қанша су керек?»

Бір өсімдікке бір аптада 200 мл су қажет.

Сыныпта 7 өсімдік бар.

Тапсырма:

1.Барлық өсімдікке 1 аптада қанша су қажет?

2.Егер мұғалім өсімдіктерге 2 апта бойы су құятын болса, қанша су керек?

3.Су — өсімдік тіршілігіне қажетті жағдай екенін осы есеппен дәлелде (1-2 сөйлем).

Сергіту сәті:

Тіршілік үшін керек ақ

Топырақ, су мен ауа

Адам, жануар, өсімдік

Жанына болар дауа

«Білгенің жөн!» Жұптық жұмыс.

Тапсырма:Сөйлемді толықтыр.

1.Өсімдік ___ арқылы тыныс алады.

2.Өсімдікке өсу үшін ___, ___, ___, ___ керек.

3.Егер өсімдікке су жетпесе, онда _____.

4.Күн сәулесі өсімдікке ___ үшін қажет.


Жауап:

1.Өсімдік ауадағы газ алмасу арқылы тыныс алады.

2.Өсімдікке өсу үшін су, күн сәулесі, топырақ, ауа керек.

3.Егер өсімдікке су жетпесе, онда жапырақтары сарғайып, өсуі тоқтайды немесе қурайды.

4.Күн сәулесі өсімдікке фотосинтез жасап, қорек алу үшін қажет. Тәжірибе жүргізу

Өсімдікті топыраққа отырғызу

(Ұжымдық) Қорытындылау

Өсімдікке су не үшін қажет?

Өсімдікке ауа не үшін қажет?

Өсімдікке топырақ не үшін қажет?

Өсімдікке Жарықтың пайдасы қандай?

Өсімдікке жылу не үшін қажет?


Кері байланыс:

«Білім қоржыны» әдісі

ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі