Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ.Өзін-өзі тану.4 сынып.Талаптыға нұр жауар

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінен беретін кез-келген маманға көмек болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп № 30

18- сабақ

Тақырыбы:Талаптыға нұр жауар.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: сыйластық,батылдық, табандылық

Мұғалiм: Абилдаева Айсулу Ембергеновна

Класс: 4 Оқушылар саны: 25

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы дұрыс әрекет арқылы жүзеге асатындығын ұғындыру.

Міндеттері:

- сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

- батылдық қасиеттерін дамыту

- оқушыларды табанды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио, жазбалар) интерактивті тақта,

музыка.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

1.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:

Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

18-сабақ 87-90 бет. Б.Әділов «Қанат пен Жанат» әңгімесін оқып келу.

(Бірнеше оқушыдан әңгіменің мазмұнын сұраймын.)

1.Атасының үйіне келген қонақ кім еді?

2.Жанат атасына қандай өтініш айтты?

3. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

4. Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті?

5.«Талаптыға нұр жауар» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

6.Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?

7.Адам көздеген мұратына жету үшін қандай әрекеттер жасайды?

3.Сергіту

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Ұқсатып кілемге

Кесте де тігемін.

Актерше рөлде

Ойнай да білемін.

Жалықпай талай күн,

Жасаймын мүсін де.

Сабақ барысын талдау:

4.Дәйексөз.(Тақтаға дәйексөзді жазып қоямын.)

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл». Шәкәрім Құдайбердіұлы

Неге білім мен өнер үйренбесең ақыл тұл?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.Дәптерге жазып аламыз.


5. Әңгiмелеу .(Мұғалімнің сыйы)

Өнер өрге сүйрейді

(Аңыз әңгіме)

-Күнкөріс үшін қарт пен бала қандай іспен айналысты?

-Артықәлі қандай өнерді меңгерді?

-Керуенге жалданған бала қандай оқиғаға тап болды?

-Оның аман қалуына өнерінің септігі тиді ме?

-Адамның мұратына жетуіне қандай қасиеттер көмектеседі?

-Білім мен байлықтың қандай айырмашылығы бар?

-Білімнің талапқа қатысы бар ма?


6.Ойын-жаттығу:түстер арқылы екі топқа бөлемін.

-«Талап» сөзін естігенде ойларыңа не түседі? Ассоциация жасау.(оқу,кітап,

білім,Абай,бес асыл іс,өнер,еңбек,ниет,мақсат,әрекет,құштарлық.т.б.)

-Адам өз мақсатына қандай «қадамдар»арқылы жететіндігін баспалдақтарға

жазып шығады.Екі топ мүшелері жазған қадамдарын оқиды,шығармашылық

бұрышына іледі.


7.Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс.

Тақтадағы суреттерді пайдаланып,өз өнерлеріңді ортаға салыңдар.

Өздерің ынта-ықластарыңмен ізденіп,талаптанып,үйренген өнерлерің

туралы эссе жазыңдар.




8.Топпен ән айту.

«Ақ тілек»

Сөзі мен әні:Абдрахман Асылбек

1.Арайланса ғалам бар
Ағарып таң атты деп,

Бір- біріне адамдар

Айтып жатыр ақ тілек.

Гүлге толы бар аңғар

Жұпар сепсе бақ тілеп,

Бір -біріне адамдар,
Айтып жатыр ақ тілек.

Қ- сы.-2 рет.

Адам жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ тілек.

2.Аттанса да сапарға

Жолға шығар сәтті деп.

Бір біріне адамдар,
Айтып жатыр ақ тілек.
Сүйіп құшып сәбиді

Тілі қандай тәтті деп

Жайсан жандар бар игі
Айтып жатыр ақ тілек.

Қ- сы -2рет.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Көңіл күйіміз қандай болды?

-Тақтадағы смайликтерден бүгінгі көңіл күйімізді көрсетейік.

Алдымыздағы көңілді смайликтерге жүрегімізден шыққан ақ тілектерімізді

жазып,апайларымызға сыйлайық.Әрқашан көңілдеріңіз көтеріңкі болсын.


9.Үй тапсырмасы.

1. №18-сабақ,жұмыс дәптерінің 25-бетіндегі тапсырманы орындау.

2. № 19-сабақ. Оқулықтың 93-94-бетіндегі С.Ақаевтың

«Қорада малың,көшеде талың болсын» әңгімесін оқып келу.



10.Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
1001
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12