400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Өзін-өзі тану. Менің үйім 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

«Есет» мектеп-балабақша кешені

Күні:11-13.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Жалғасбаева .С

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар: 13, Қатыспағандар:0

Пәні:

Өзін-өзі тану

Тақырыбы:

Менің үйім

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

Адам – отбасы мүшесі.Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

Сабақ мақсаттары:

Барлығы; отбасы ұғымының мәнін ұғынып,жауапкершілік қасиеті туралы түсінеді

Көпшілігі: отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау керек екенін біледі.

Кейбіреулері: отбасын құрметтеуге үйренеді


Бағалау критерийлері:

Отбасы ұғымының мәнін ұғынып,жауапкершілік қасиеті туралы айта алады.

Отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау керек екенін біледі.

Отбасындағы адамдарды құрметтеуді үйренеді

Ресурстар:

Суреттер,ойынға қажетті материалдар

Тілдік мақсат:

отбасы

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың отбасы мүшелеріне және бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс:

Сауат ашу пәні

АКТ қолдану дағдылары:

Аудиожазба

Бастапқы білім:

Отбасы, құрмет, сүйіспеншілік ұғымдарымен таныс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар:

Сабақтың басы;

Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз,Достасайық бәріміз.Тез тұрыңдар шеңберге.
Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.

Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

І. « Жүректен — жүрекке» шеңбері.

Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

-Менің отбасым көңілді.-Менің отбасы тату.-Менің отбасым бақытты.Менің отасым мейірімді.

Менің отбасым-әдемі. Менің отбасым-қонақжай. Менің отбасым қайырымды. Менің отбасымда сыйластық бар. т.с.с.

-Отбасы үлкен де шағын да болуы мүмкін.Ең бастысы –отбасыңда ірқашан тыныштық, достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік болуы қажет

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.«Миға шабуыл»

Отбасы дегенді қалай түсінеміз?

Отбасына кімдер жатады?

Отбасы татулығы бірлігі кімге, неге байланысты?


Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.

IIСұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?5.Отбасы мүшелерін атай аласыңдар ма?
6. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
7. Сен қандай отбасын армандайсың?
8. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
9.
Балдан тәтті не? (бала)7.Үйдегі алтын қазық кім? (ана)8. Ата-анаң сендерге қандай қамқорлық жасайды?10.Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Оқулықпен жұмыс «Ғажайып» өлеңін мәнерлеп оқу

Ш.Сергіту «Кел, санайық»

Үйде нешеу екенбіз?

Кел, санайық екеумі:

Бас бармағым-папам,

Балаң үйрек-анам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-апам,

Кішкене бөбек –мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

ІV кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым».

V Балалар. «Бақытты  отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.

Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

VI «Жылы лебіз» дидактикалық ойын. Ойын шарты:ойынға барлық балалар шеңбер бойымен тұрады.Ортаға бір бала шығады,оның қолына доп ұсынылады.Бала допты кез-келген балаға лақтырады, допты қағып алған бала отбасы мүшелеріне арналған тілекті айтады, допты кері қайтарады

Гүлдер .Ойынға қажетті материалдар

Сабақ соңы



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі