400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ:Өзіңді жақсылықпен таразыла

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мерзімі: 05.11.2019жыл Сабақ: № 10

Сынып: 2 «А»

Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: кішіпейіл, кешірімді, сыпайылық

Мұғалім: Султанова О

Сабақтың мақсаты: Балалармен жақсылық жасаудың адам өмірінде маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

*Жақсылық жасау мүмкіншіліктерін ой елегінен өткізу арқылы кішіпейілділік қасиетінің маңыздылығын үйрету;

*Кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру;

*Бір- бірін тыңдай білуге, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар, плакатка салынған суреттер, смайликтер)

Сабақ барысы:

1..Ұйымдастыру. 5 Т ережесін сақтау

Жағымды күйге келу

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

2. Үй тапсырмасы.

33 бет. «Жүре алмайтын бала» Василий Сухомлинский мәтінін оқу

Сұрақтар:

  • Павлик Василекті қалай қуантты?

  • Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық

  • жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?

  • Жақсылық жасау арқылы адам нені

  • үйренеді?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай

  • сезімге бөленесіңдер?

Сұрақ -жауап.

3.Дәйексөз

«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе».

Ы. Алтынсариннің

Нақыл сөзінің мағынасын түсіндіру

(2 рет ер балалар, 2 рет қыз балалар,барлығы қосылып 2 рет )

Дұрыс әрекет құндылығын қалай тағы түсінуге болады?

Мағанасын түсіндіру.

4. Мұғалімнің сыйы. "Рақмет, ата!"
Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт - бес жасар шамасындағы қыз тұрды. Қасына келіп:

-Бұл жерде неғып тұрсың?

Дедім.

-Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

-Ой айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

-Гүлнар.

Кімнің баласысың?

-Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

-Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! - деп жүзіме қуана қарады. Кіш - кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.

1. Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

2. "Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет дегенді қалай түсінесің?"

3. Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын дамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?

Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп,сол қағазға өзі жасаған жақсы істерін жазу.

5. Суретпен жұмыс

1-тапсырма. Суреттерге қараңдар. Ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Айтып беріңдер.



6. Шығармашылық жұмыс.

1.«Қамқорлық» тобына: Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын сурет арқылы салып көрсету.

2.«Мейірімділік» тобына: Жақсылыққа жету жолдары жазу.

3.«Кішіпейілдік» тобына: «Менің жақсы істерім» сурет арқылы көрсету.

4.«Жақсылық» тобына: «Жақсылық гүлін» жасау онда жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болу керек соны жазады.

Дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Жағдаятты шешіңдер. Сахналап көрсетіңдер.

Теледидардан сүйікті мультфильміңді кӛріп отыр едің,

досың телефон шалып, отын жинасуға көмек сұрады.

Сенің әрекетің?

А) Қолың тимейтінін айтасың.

Ә) Мультфильм көріп отырғаныңды, кейінірек баратыныңды

айтасың.

Б) Бірден теледидарды ӛшіріп, кӛмектесуге барасың.



Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.










Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!


7.Үй тапсырмасы.

40-41 беттегі Ананың сүйіспеншілігі өсиет әңгіме


8. Топпен ән айту.Болайықшы осындай

Өлеңі мен әнін жазған: Айымгүл Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.


9. Қорытынды сәті Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді іштеріңізден қайталаңыздар. 
- «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын шнәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар..Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі