Ашық сабаққа рефлексиялық есеп Бастауыш сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабаққа рефлексиялық есеп Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл рефлексия бастауыш сынып мұғалімдеріне ашық сабақтарына рефлексиялық есеп жазғанда көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



20.02.2018 математика пәні бойынша «1 санымен амалдар қолдану» тақырыбында

2 «Ә» сыныбында өткізген ашық сабаққа рефлексивтік есеп

Сабақты оқушылармен 1 шумақ өлең айтудан бастадым. Өлең айтқыза отырып, оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, жағымды ахуал тудырдым. 4топқа бөліп,топта жұмыс жасау ережесін айтқыздым.

Үй тапсырмасын тексеруде тиімді әдіспен қандай қосылғыштарды біріктіргендерін түрлі-түсті қарындашпен белгілеп келді.

Жаңа тақырыпты ойын арқылы болжап,мақсаты айқындалғаннан кейін ортақ тақырыпты «Адасқан сөздер» , «Анықтамасын тап» әдістері арқылы аштық.

Жаңа сабақтың тақырыбын да, жетістік критерийлерін де балалар өздері тапты.

Сабақта алған білімдерін жеке жұмыстар жасап, одан әрі бекітті. Жеке жұмыста көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, көбейтінді жазды,көбейтіндіні бірінші көбейткішке бөлу арқылы және көбейтіндіні екінші көбейткішке бөлу арқылы бөлінді жазды.

Жұптық жұмыста санды 1-ге көбейту жағдайын әріпті өрнек түрінде жазып көрсетті.Сонымен қатар санды 1-ге бөлу жағдайын ,1-ді санға көбейту жағдайын әріпті өрнек түрінде жазып көрсетті.

Сабақта алған білімдерін топтық жұмыстар жасап, одан әрі бекітті. 4 топқа бөлініп топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, біріге жұмыс жасай алатындары байқалды. Топтық жұмыста екі амалмен шығарылатын есеп берілді. Әр топ қосымша берілген жұмыстарын қорғап шықты. Топтар бір-бірлерін бағалады.Әр оқушы тапсырмасын орындаған деңгейіне қарай сабақ кезеңдерін бағалау парақшасына белгіліп отырды.

Рефлексиялық шеңберде оқушылар өздерінің сабақта не үйренгендерін және қандай әсер алғандарын айтып,кері байланысты жақсы меңгергендерін көрсетті.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
6593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі