«Тізбек
бөлігіне арналған Ом заңы.Меншікті
кедергі» ашық сабағым туралы өзіндік
талдау
Сабағымның
тақырыбы «Тізбек бөлігіне арналған Ом
заңы.Меншікті кедергі» ,мақсаты:Тізбек
бөлігіне арналған Ом заңы .Меншікті
кедергі жайлы мағлұмат беру.Тізбек
бөлігіне арналған Ом заңы .Меншікті
кедергі формуласын қолдана отырып есеп
шығара білуге үйрету.
Сыныпта
жағымды атмосфера қалыптастыру барысында
оқушылармен шаттық шеңберін құрып, әр
оқушы сыныптастарына жақсы тілектер
айтты. Оқушыларды топқа бөлуде геометриялық
фигуралар арқылы топқа бөлінді. Топтар
тез әрі жылдам топтасты. Топтарының
қалай аталу керек екендігін өздері
ойлап тауып,атады. 1-топ «Ампер», 2-топ
«Вольт», 3-топ «Ом» болды. «Топбасшыны»
сайлап алуды өз қалауларына бердім.
Топбасшыны сайлауда кедергі болмады,
себебі оқушыларымның топ ережесіне
төселгендерін көрдім. Бұл жерден
түйгенім, бір жағынан оқушыларымның
бойында бір-бірін сыйлау, пікірімен
санасу қасиеттерінің жақсы дамып
жатқандығы болса, екінші жағынан
өз–өздерін реттеуге дағдыланғандары
болды. Бүгінгі сабақтың бағалауын
топбасшылары жүргізетінін
ескертіп,оқушыларды бағалау парағымен
таныстырдым. Үй тапсырмасын тексеру
мақсатында «Тест жұмысын» алдым. Ары
қарай кітаппен жұмыс, жаңа тақырыпты
өздері оқып шығуына уақыт берілді.
Мәтінмен жұмыс жасағанда «Жигсо» әдісін
пайдаландым. Мұнда «Жигсо» әдісінің
тиімдісі оқушы өзі оқып, мазмұнын
түсіндіреді екен. Осы әдісті пайдаланып
әр топқа мәтінді бөліктерге бөліп
бердім. Оқушылар мәтінді оқып, топта
ақылдасып, талқылап, өз ойларымен
бөлісіп, бір-бірінің пікірлерін
тыңдады.Мәтінмен жұмыс аяқталғаннан
кейін оқушыларға есеп шығаруға тапсырма
берілді. Жаңа тақырыпты жақсы түсінгендері
байқалды,себебі есеп шығаруда оқушылар
қателеспеді.Келеcі, «Біз формула
білеміз»тапcырмаcын орындаған кезде,
әр оқушыға интербелсенді тақтада
көрсетіліп тұрған кестені дәптерлеріне
орындауға бердім. «Біз формула білеміз»
кестесін толтырған кезде «Вольт» тобы
cурылып алға шықты, кестені тез толтырып
кетті. Оларды шапалақ cоғып мадақтау
көрcеттік. Оқушылар мен кері байланыcта,
бір оқушымның жазған рефлекcияcын мені
қатты толғандырды: «Бүгінгі cабақ маған
ұнады,еcепті жылдам шығаруды, түcінбеген
еcептерімді түcіндім. Ұcтазымның үйреткенін
еcте cақтағым келеді» деп жазыпты. Мен
бұдан көптеп ой түйдім, әрі оқушыларыма
риза болдым Бұл сабақта оқушылар
негізінен топ басшыларының бағалау
парағына байланысты бағаланды. Қортынды
баға, оқушылардың сабақта қаншалықты
жұмыс істегеніне байланысты қойылды.
Сабақ барысында АКТ-ны қолдану мен үшін
маңызы зор болды. Соңында, өз ойымды
қортып айтар болсам, оқушылар тақырыпты
өз бетінше меңгеріп, өз бетінше шешім
қабылдауды үйренді. Оқушылар, сұрақтарға
жауап беріп, берілген есептерді шығарып,
басқа оқушылармен пікір алмасып, ойларын
тиянақты жеткізе алды. Келешекте,
жіберген кемшіліктерімді толықтырып,
өзімнің де оқушыларымныңда оқыту мен
оқуға жаңаша терең көз қарастың
қалыптасуына күш саламын.