жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:Қарлығаштың құйрығы неге айыр? 4-сынып
Пәннің аты:Әдебиеттік оқу |
Уақыты: |
Кабинет:1 |
Мұғалім: Әнуарбекова Г. |
Сабақтың атауы |
Қарлығаштың құйрығы неге айыр? |
||
Мақсаты: Күтілетін нәтиже: |
1.
Білімділік: Ертегінің мазмұнымен
оқушыларды таныстыру, тілдерін
жаттықтыру. Әрбір сөздің мән-мағынасын
ажырату, сөздік қорын молайту. Жаңа
білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы
меңгерту. |
||
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Балалар тақтадан біз не көріп тұрмыз? Дұрыс айтасыңдар күннің бетін бұлт басып тұр,сол күннің көзін ашу үшін бұлтта берілген сұрақтарға жауап беруіміз керек.Күннің көзін бұлттан арылту.
-Ғалым қандай адам? -Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды? -Құмырсқа не деп жауап берді? -Жауабын тыңдаған ғалым не деді? -Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды? -Неге бидайды тауыспапты? -Құмырсқаның жауабы?
Үй тапсырманы бекіту
Сонымен біз өткен сабақты қорыта келгенде құмырсқадан қандай қасиеттерді үйренуімізге болады екен?
Құмырсқа
қажырлы еңбекқор ынтымақшыл
Пайдасы- дәрілік қасиеті,тазалықшы. Халық болжамы- ауа райын құмырсқаның илеуіне қарап болжауға болады,адасқанда бағыт бағдар береді. 3.
Жаңа сабақ Сұрақ:
Құмырсқа
қандай топқа жататын
жәндік?Бунақденелерге жануарлар тобын білесіңдер? (Сүтқоректілер, бауырмен жорғалаушылар, балықтар, қосмекенділер,жәндіктер,құстар) -Ал қандай құстарды білесіңдер? (Қарға, бүркіт, қаршыға ,қарлығаш т.б) -Мынау қандай құс? (Суретін көрсету) -Қарлығаш қандай құс? (Адамның досы,қайырымды, мейірімді,балажан, жыл құсы, пайдалы, зиянды насекомдарды, шыбын-шіркейлерді жейді, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді,ұясын үй дің шатырына , ағашқа салады.) Дұрыс айтасыңдар: Қарлығаш адамға саулық,жақсылық тілеп, қауіптерден қорғап жүреді.Үй салуды адамдар қарлығаштан үйренген. Қарлығаш туралы қазақ халқында аңыз, әңгіме,ертегі,ән де бар.Бүгін біз қандай құспен танысып отырмыз?дұрыс қарлығаш деген құспен.Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»деген ертегімен танысамыз. Теориялық мәлімет Қарлығаштың 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлығашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман – тоғай, өзен – көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын – шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаш кімнің үйіне немесе қорасына ұя салды?
Проблемалық сұрақ:
(Бір оқушы аңызды әңгімелеп айтып береді) Бұл аңызда Төле би «Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап,адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып кете алмадым»,- деп үйін жықпай, көштен қалған екен «Бір ауыз сөзі мың ауыз с өзге татитын» Төленің ғажайып болмысын, әділ шешімін таныған жоңғар қолбасшысы: Шын әулиенің өзі екен,- деп өзіне де, еліне де көз алартпапты.
Неткен
керемет аңыз.Осы аңызға қарап қарлығашты
киелі дегенге қосыласыңдар
ма?Жарайсыңдар! Сөздік жұмыс. (дәптермен жұмыс) Дерт- ауру,сырқат. Не қилы- әр түрлі
«Кинометафора» әдіс: Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
Қазір сендерге қарлығаштың құйрығы неге айыр?-деген мултьфилмді көрсеткелі отырмын,мұқият қарайық,себебі қазір мултьфилмнің кез келген жерінен тоқтатып қаламын сендердің ой пікірлеріңді білетін боламын,және кітаптағы ертегімен салыстырамыз. (видеоролик көрсету) ендеше ертегіні оқып,мултьфилмінде көрдік.Ертегіні түсіндік пе? 1-тапсырма.Топпен жұмыс. Ендеше топпен жұмыс жасайтын боламыз.Қазір сендерге плакат пен түрлі-түсті суреттер беретін боламын.Өздерің түсінгендерің бойынша ертегіні қолмен құрастырыңдар. Оқушылар өздерін шапалақ арқылы бағалайды. 1 шапалақ «нашар» 2 шапалақ «орташа» 3 шапалақ « өте керемет» 2-тапсырма.Жеке жұмыс. 1-оқушыға:Қарлығаш жайлы ырымдар жазу 2-оқушыға:Ертегідегі кейіпкерлерге сипаттама беру. (постер қорғау) 3-оқушыға: Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтар жазу. Оқушылар бір-бірін смайлик арқылы,екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалайды. 3-тапсырма.Деңгейлік тапсырма. Жұптық жұмысқа -5 жолды өлең шығару
Жеке орындаушыға –сәйкестендіру кестесі беріледі. Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды.
Сабақты бекіту:«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша оқушының өткен сабақтан қандай білім алғанын білуге болады.
|
||
Үй тапсырмасын сұрау |
|||
Үй тапсырмасын бекіту
Жаңа
сабақ
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
|||
Үйге тапсырма |
«Құстар біздің досымыз»атты Эссе жазып келу |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген