400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Қарсы мәндес сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 28.02.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Қарсы мәндес сын есім


Сабақтыңмақсаты


 Қарсымәндес сын есімніңнегізгібелгілерінмеңгерту.Қарсымәндес сын есімніңөзінетәнқасиеттерінтолығырақигертубарысындасөздіңлексикалыкжәнеграмматикалыкжақтарынакөңілбөлеотырып, оқушылардынсөйлеудағдысынқалыптастыру. Оқушылардыазаматтылыққа, парасаттылыққажатпайтынмінездерденсақтандыру, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу; алғанбілімдерінтиянақтау, жүйелеу. Сабақ барысында эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.

Күтілетін нәтижелер

Қарсы мәндес сын есімді меңгереді.

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, слайд, түрлі түсті гүлдер, жүрекше,

Оқыту әдістері

«Жүректен-жүрекке» тренигі, түсіндіру, шығармашылық жұмыс

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөлу

Көктем келгенін айтып, алғашқы көктем гүлі түрлі түсті бәйшешек гүлдерін ұсынамын.

Түрлі түсті гүлдер арқылы бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Жүректен-жүрекке» тренигін өткіземін. Оқушыларға жүрекше беремін.

Әр оқушы көршісіне жақсы тілектер айтып жүрекшені бір-біріне ұсынады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексеремін. Кемшіліктерді анықтап, түзетемін.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Интерактивті тақтадан суреттер көрсету арқылы, жаңа тақырыпқа ой салу.

Сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз. Мысалы: қалың-жұқа, ащы-тұщы,үлкен-кіші,көңілді-көңілсіз, әдепті-әдепсіз т.б.

Өз түсінгендері бойынша ережені айтады












Оқулықпен жұмыс






7- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдерді табу,олардың мағынасына назар аударту. 4 топқа 1 сөйлемнен жазуды тапсыру.

Ережені оқыту.

«Қай топ жүйрік?» ойыны арқылы 8-жаттығуды оқытып, жатқа жаздыру.

Үйрен жақсы әдептен,

Жирен жаман әдеттен.

10- жаттығу.(ауызша) Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеп,оларға қарсы мәндес сын есімдерді атау.

Ірі, жұқа, құрғақ


Сергіту сәті

Сын есімдер айтамын.


Қарсы мәндес сын есімдер айтылғанда оқушылар орындарынан тұрады.

Топтық жұмыс

1-топ

«Ұйқасынтап»
Қара өрік пен сары өрік,
Ақ өрікті көріп пе ең?
Білсең, кәне айта ғой,
Не жасайды…?  
Өлеңнен сын есімдерді тап.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тауып, олардың қай сөз табы екенін анықта.

2-топ

Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің

астын сыз.

Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сын есімдерді тауып, сөйлемдер құрастырыпжаз.

1.Аңсар-жомарт бала.

4. Қорқақ қоян ытқи жөнеледі.

5. Асан аға асау тайды үйретіп жүр.

3-топ

Мына сөдердің сыңарын тауып, сөйлем құрап жаз.

Ауыр, оңай, ірі, аласа, қатты, жуан

4-топ

Мақалды оқып, мағынасын түсіндір. Көшіріп жаз және қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.
Жақсы балаға-айтсаң-білер,
Жаман балаға айтсаң-күлер.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.


Оқушылар берілген тапсырмаларды топ болып орындайды.

Сабақты бекіту

«Сыңарын тап» ойыны

биік

аласа

жарық

қараңғы

алыс

жақын

қою

сұйық

жуан

жіңішке

қалың

жұқа

қымбат

арзан



Оқушылар берілген қарсы мәндес сын есімдерді жұптастырады.

Кері байланыс

Оқушылар бас бармақтарды көтеру арқылы өз пікірлерін білдіреді.

Үйге тапсырма

Ережені жаттау.

12-жаттығу. 167-бет

Күнделіктеріне жазып алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
2021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі