жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ.Қазақ тілі 2 сынып.Сөз таптары
2 класс Қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Cөз таптары туралы түсінік
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушының бойында сөз таптары туралы топтастырылған
ұғым қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Тақырып туралы білімін кеңейту.
2.Оқушының өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3.Ұйымшылдыққа,топпен жұмыс істеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі : жаңа сабақ
IV.Сабақтың әдістері: ой- қозғау, топтау,сұрақ- жауап, ұжымдық,мағынаны ашу т.б
V.Сабақтың көрнкілігі: тірек-сызба, күн, дидактикалық ойындар, терме диктант.
VI.Пәнаралық байланыс: дүние тану, әдебиет, өзін-өзі тану.
VII.Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг.
-Сәлеметсіздер ме, балалар. Қазір бәріміз ортаға дөңгеленіп қуаныш шеңберін құрайық. Енді бір- бірімізге жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған Күн анаға арнайы қолымызды созайық.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да!
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да!
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп!
Міне, балалар біз Күн анадан мейірімділік пен жылылықты мол алдық деп ойлаймын.Сонымен қатар бізге өзінің шапағын қалдырыпты. Енді алақанымыздағы шапаққа қарайық. Бұл жай шапақ емес, сиқырлы шапақ, осы арқылы біз орнымызға орналаса аламыз. Әрқайсымыз шапақтағы сиқырлы сөзді оқимыз және сол сөзге сұрақ қоямыз. Сол сұрақтарға қарай орнымызға орналасамыз. Әр топтың ортасында « Кім? Кімдер? Не? Нелер?», «Қандай? Қай?», «Не істеді? Не қылды? Қайтті?», «Қанша? Неше? Нешінші?» сұрақтары жазылған кеспе қағаздары бар. Қолындағы сөзге қойылған сұрақтарға қарай оқушылар осы төрт топқа жиналады.
-Міне балалар біз орнымызға орналасып болдық.
ІІ. Мағынаны тану.
А) Ортамызда тұрған сұрақтар туралы не білеміз, өз ойымызды ортадағы қағазға жазамыз. Жазып болсақ арамыздан бір оқушы оқысын.
І топ оқушылары: бұл сұрақтар адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге қойылады, мыс: Қанат, жылқы, терек т.б.
Ендеше балалар, заттардың аттарын білдіретін сөздер тобын «зат есім» тобы дейміз.
ІІ топ оқушылары: заттың түсін, сапасын, салмағын, дәмін, көлемін білдіретін сөздерге қойылады, мыс: ащы, көк, үлкен т.б
Ендеше балалар, заттардың түр- түсін, дәмін, салмағын, сапасын, көлемін білдіретін сөздер тобын « сын есім» тобы дейміз.
ІІІ топ оқушылары: заттардың қимылын,іс әрекетін білдіреді, мыс:ойнады, жүгірді, секірді, жазды, оқыды,айтты, береді т.б
Ендеше балалар, заттардың қимылын,іс әрекетін білдіретін сөздер тобын « етістік» тобы дейміз.
IV.Топ оқушылары: бұл сұрақтар заттардың санын,ретін,орнын білдіретін сөздерге қойылады, мыс: бес, үшінші, қырық, он екі т.б
Ендеше балалар, заттардың санын,ретін, орнын білдіретін сөздер тобын « сан есім» тобы дейміз.
- Міне балалар топ аттары да ашылды. Яғни, « зат есім», « сын есім», « сан есім», «етістік»топтары анықталады.
Сонымен балалар, сөздер мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
Бұл топтар « сөз таптары» деп аталады.
Енді бәріміз дәптерімізді ашып бүгінгі тақырыпты және көркем жазуды жазайық.
Нн нан, нар, нарық, нағашы
Ә)Сызба кестемен жұмыс.
|
Зат есім |
Сын есім |
Сан есім |
Етістік |
|
Кім? Кімдер? Не? Нелер? |
Қандай? Қай? |
Қанша? Неше? Нешінші? |
Не істеді? Не қылды? Қайтті? |
|
Ұшақ, ғарышкер, орындық, күн, аспан, қария |
Қызыл, жеңіл, тайыз, дәмді, ақылды |
Жиырма, мың, екінші, жеті, отызыншы, мың |
Биледі, жүзді, ойнады, шырқады, мөңіреді |
Б) оқулықпен жұмыс.
289-жаттығy
---------- бояу ---------- сиыр -------- дәптер
----------үй ---------- қар -------- қалам
----------ау ---------- құс -------- сызғыш
Бір оқушы тақтада, қалғандары орнында орындайды.
В) Терме диктант. Зат
есімдерді теріп жазамыз.
Қар еріді,
су ақты.
Күндер келіп шуақты.
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты.
Қар,су,күндер,дала, келбеті,кілем.
Г) Дидактикалық ойын. «Мекеніңді тап».
Ойынның шарты:
Аңдардың мекен- жайларын табуына көмектесу үшін, әр қоржынға адасқан сөздерді жинауымыз керек. Төрт топтан төрт оқушы шығып қай аңға көмектескің келсе, сол аңның қасындағы қоржынға сөздер тобын жинайсың.
зат есім сын есім сан есім етістік
кітап,тал,еден биік, таза, суық қырық, жүз, тоғыз жуды, ұшты,өсті
Сергіту сәті."Көңілді күн"
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз!
299-жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Ішінен заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздердің астын сызу.
Д) шығармашылық жұмыс: ұйқасын тап.
Ай-ай-ай……………………………..
Ой-ой-ой…………………………….
Ей-ей-ей………………………………
Үй-үй-үй……………………………..
Е) сәйкестендіру тесті.
Зат есім жүр, оқы, берді
Сын есім бес, оныншы, мың
Сан есім ана, дәптер, ешкі
Етістік ары, әдемі, ащы
ІІІ. Ой толғаныс.
3.Сабақты қорыту.
Сұрақ- жауап әдісі:
-Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Бүгін «сөз таптары» тақырыбымен таныстық.
-Сөз таптарына нелер жатады?
-Сөз таптарына зат есім, сын есім, сан есім, етістік жатады.
-Әр сөз табына мысалдар келтіріңдер?
-Әже, ақын, домбыра, қоңыр, қышқыл, үлкен, он алты, төртінші, сегіз, келеді,қарайды, көмектеседі.
Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызда керемет шеберлік көрсеттіңдер.
-Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабақтағы көңіл күйіміз қандай болды деп ойлайсыңдар?
Көңілді, көтеріңкі, тамаша, қызық, өзгеше т.б күйде болдық.
-Дұрыс айтасыңдар, көтеріңкі көңіл күй болды.( тақтаға дөңгелек күн ілінеді). Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен, ананың сүтінен алынған қасиет. Мына күннен жан -жаққа шуақ, жылу шашылу үшін шапақтарға әдемі сөздер, тілектер жазып тақтаға ілейік. Міне, балалар шуақ шашқан күн пайда болды.
-Күн сөзіне сұрақ қойыңдаршы. (не?)
-Қандай сөз табы? ( зат есім)
-Күн сөзіне қатысты сын есімдер және етістіктер жазып шығайық.
Сын есімдер:дөңгелек, жылы,жарық, сары,үлкен,шуақты,жаңбырлы,бұлтты,ашық т.б
Етістіктер: береді, төгеді, жылытады, күйдіреді, шығады, батады,жылжиды,қызарады т.б.
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Жер шарының ұл қызын,
жылытуға жетер қызуым.
Барлығыңызға Күн ана жылуын, шуағын, мейірімін мол төксін деймін.
4.Бағалау.
Төрт топ оқушыларын «білімділер», «зеректер», «алғырлар», «тапқырлар» деп ат беру, әр топты өздеріне бағалату.
5.Үйге тапсырма.
Әр сөз табына үш сөзден жазу және сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген