400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Қазақстан Республикасының қазіргі армиясы, әскери жоғары оқу орындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының қазіргі армиясы, әскери жоғары оқу орындары.

Сыныбы, мерзімі

10 «А»  27.10.2019

Жалпы мақсаттар:

1 ҚР әскер түрлері мен жоғары әскери оқу орындарын біледі

2 Топтық жұмыста мәдениетті сөйлеу дағдылары дамиды

3 Оқушылар сыпайылыққа және әдептілікке тәрбиеленеді      

Күтілетін нәтиже:

1 ҚР армиясын біледі, түрлерін атап өтеді.

2 Әскер түрлерінің ерекшелігін анықтайды, маңыздылығын талдайды.

3 Сапалы әскери кадрларды дайындауды қолдайды

Түйінді идеялар:

«Отан үшін отқа түс күймейсің.» Б.Момышұлы

Уақыт: 40 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

5

Ұйымдастыру: оқушыларды сапқа тұрғызу, түгендеу, амандасу, топқа бөлу,
Видео көрсету арқылы «Миға шабуыл» жасау, сабақтың тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижені жеткізу.

10

Негізгі бөлім:
Үш топқа бірдей мәтін беру (Қосымша 1). Талқылау кезінде жағымды эмоционалдық ортаны орнату үшін «Келісемін, ... оданда жақсы болар еді», «Сіздің ойыңызды түсіндім, оған қоса..» деген сөздерді пайдалану, оқушыларды ауызша мадақтау

Оқушылар мәтінді бөлісіп оқып, топта талқылайды.

5

«Қазақстан сарбазы қандай болу керек?» эссе жазуда критерийді оқушылармен бірге құру (Қосымша 2)

Оқушылар: «Қазақстан сарбазы қандай?»  сұрағы бойынша «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы арқылы талқылау.

5

Оқушылармен тест жұмысын жүргізу

«Екі жұлдыз бір тілек» стратегиясы арқылы тест жұмысына топ ішінде сағат тілімен бір біріне баға береді (бағалау жазбаша түрде беріледі)

10


Қорытынды бөлім. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 

-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы айтыңдар. 
-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер? 



5

Тес тапсырмалар (Қосымша 3)
Өткен екі бөлімге шолу

Сұраққа жауап береді



Сейітбеков Жайсанбек

Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің алғашқы

әскери дайындық пәні мұғалімі






Қосымша 1

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне құрлық әскері, әскери-теңіз күштері, әуе қорғаныс күштері, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Ұлттық ұлан кіреді. Өз ретіне қарай, Қарулы Күштер түрлері әр түрлі әскери бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.

Соңғы он жыл ішінде жер шарының әр түрлі аудандарында қарулы дау-жанжалдардың тұтануы құрлық әскерлерінің маңызының жоғарылығын керсетеді. Ракета, авиация кемелерінің көмегі арқылы дұшпандардың шабуылын тойтаруға және оған шешуші соққы беруге болады. Бірақ құрлықтағы жауды толық түрде талқандауда құрлық әскерлері шешуші рөл атқарады.

Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар әр түрлі қаруларды және басқа да техникаларды үйлестіре қолданады.

Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге — инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады. Аэроұтқыр әскерлері. Бізде десантшыларды "қанатты жаяу әскер" деп атайды. Ол әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап негізгі әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналган. Тасуға және аспаннан тастауға әскери тасымалдық авиацияның ұшақтары мен тікұшақтары пайдаланылады.

Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және толық моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері соғыста жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронетранс-портерлермен жабдықталады және ұрыс жүргізеді. Бұл оларды жылдам қозғалатын және маневрлік әскер түріне айналдырады. Жауынгерлер автоматпен қаруланады, бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады.

Мотоатқыштар — жаяу әскерлердің мұрагерлері, әскердің өте ежелгі түрі. Ғасырлар бойы оны "дала падишасы", "жаяу әскер анасы" деп кұрметпен атаған. Қазақстан жаяу әскерлері Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбінде және Ленинград, Сталинград шайқастарында, Днепрден өтуде ошпес даңққа бөленді. Бұл айбынды жаяу әскерлердің әскери батырлық салттарын Қазақстанның Қарулы Күштерінің мотоатқыштар әскерлері құрметпен еске алады. Танк әскерлері — салыстырмалы түрде жас әскер. Тарихы бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан басталады. Танк әскерлері — құрлык әскерлерінің басты екпінді күші. Олар, көбінесе, ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарында неғұрлым күрделі міндеттерді орындау үшін колданылады. Жоғары жылжымалы, сауытты қорғанысы, қазіргі заманға сай қару-жарағы, түнде көретін аспаптарының және су түбінде жүзуге арналған жабдықтарының болуы — танкілерді қазіргі жағдайда ұрысқа тиімді құрал етеді. Сауытының өте мықты болуына байланысты, олар ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына: өткір радиацияның,  соққылы толқын мен зиянды   сәулеленудің радиоактивтік зақымдауларының әсеріне қарсы үлкен беріктікке ие болады. Ракета әскерлері және артиллерия. Ракеталық әскерлер мен артиллерия қарсыласты атыспен жоюдың негізгі құралы болып табылады. Қарсыластың ядролық және химиялық шабуыл құралдарын, әскерлер мен авиациясының орналасу орындарындағы негізгі топтарын, басқару пункттерін, тыл және басқа маңызды объектілерін жоюға арналған.Барлық құралдары моторландырылған, қысқа уақыт ішінде оқ атуға қабілетті, атыспен және қозғалыспен маневр жасай отырып, мотожаяу әскерлері мен танкілерге еріп жүреді. Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері. Ғылыми техникалық прогреске байланысты, қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз. Арнайы әскерлер құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған. Инженерлік әскерлер. Бірде-бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау). Ядролық қару мен басқа жаппай жою құралдарының бар болуы осы қару түрлерін қолдану жағдайында, сондай-ақ радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі қиратулар (апаттар) кезінде әскерлерді қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін тудырады. Осындай тапсырмаларды шешуде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері маңызды рөл атқарады. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауға мынадай негізгі міндеттерді орындау жүктеледі: Қарсыластың жаппай жою қаруын (ЖЖҚ) қолдану салдарынан радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілердің қиратылу зардабы мен масштабын табу және бағалау. Радиоактивті, улағыш және басқа уытты заттар мен биологиялық құралдардан жеке күрамды қорғау. Әскерлер мен объектілердің көрінуін төмендету. Байланыс әскерлері. Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын, бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын қамтамасыз етеді. Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері. Бөлімшелер мен бөлімдер ракеталар мен оқ-дәрілерді күтіп ұстауға және сақтауға, әскерлерді қару-жарақпен, техникамен, оқ-дәрілермен қамтамасыз ету және әскери-техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару-жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған. Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын камтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық кұралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндеттерін атқарады.

Әуе қорғанысы күштері. Қазақстанның әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді корғайтын маңызды құрал болып табылады, олардың кұрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тіпті бейбіт күндері де елдің әкімшілік және экономикалық орталықтарын, Қарулы Күштердің топтарын жаудың әуе шабуылынан қорғауда жауапты әскери міндеттерді дереу орындауға қабілетті болуы керек. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолайсыз ауа райында және қатты радиоэлектрондық кедергілерде, алыстағы және жақындағы, әр түрлі биіктіктегі нысаналарды жоятын, әуе шабуылын ескертетін қазіргі заманғы құралдармен, мықты зениттік-ракеталық, авиациялық және радиолокациялық техникамен жарақталған. Әскери әуе күштері. Әскери әуе күштерінің негізін күшті ракеталық-пулеметтік қару-жарақпен және жетілдірілген радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік, дыбыстан жылдам үшақтын авиация құрайды. Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери-тасымалдау авиацияларынан тұрады. Әскери әуе күштері өз міндеттерін орындау үшін әр түрлі мақсаттағы ұшақтарды: жойғыш ұшақтарды, жойғыш бомбалаушылар, барлаушы және басқа да ұшақтарды, сондай-ақ тікұшақтарды пайдаланады.

Әскери-теңіз күштері. Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және экономикалық мүддесін, Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларының барлық түрлерін жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институтының базасында ӘТК-не, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдары үшін әскери-теңіз мамандарын даярлауға арналған.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында шекара әскерлері мен шекара кызметінің теңіз дивизиясы болады. Шекара әскерлерінің Мемлекеттік шекараны әрдайым қырағы күзетіп, оны қорғауға және қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге қабілеттілігі, шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігі Отанымыздың аумақтық бір тұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шекара қызметінің теңіз дивизиясы. Шекара кызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғаудағы қиын қызметке жауапты. Оның басты міндеті — елімізді басқыншылардың су шебінен жасайтын шабуылынан қорғау болып табылады.

Мемлекеттік күзет қызметі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қатарында қызмет ету — көптеген жастар үшін құрмет. Мемлекеттік күзет ҚР Президентіне тікелей бағынатын жеке әскери кұрылым болып табылады. Ол аса маңызды мемлекеттік объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады.

Ұлттық ұлан. Әзірге республикамызда қылмыстық және басқа да құқық бұзушылық сақталып отырғанда, осы әскердің қажеттілігі маңызды болып қала береді. Ұлттық ұлан құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік-әскери міндеттерді орындауға арналған.

Қазақстанда соғыстан кейінгі кезеңде әскери мамандарды Алматы жоғары шекара командалық училищесі (қазіргі кезде ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институты) және 1970ж КСРОЖоғары Кеңесі Президиумы қаулысының негізінде құрылған Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі (ҚӘӘИ) дайындады. 1973 жылы училищеге Кеңес Одағыньщ Маршалы И.С.Конев аты берілді. 1997 жылдың 11 ақпанында ҚР Президентінің №3354 Жарлығымен Алматы Жоғары әскери училищесі ҚР ҚК Әскери академиясы болып қайта құрылды. 2002 жылы Әскери академия Құрлық әскерлері әскери институты және Ұлттық қорғаныс университеті болып бөлінді. Құрлық әскерлерінің әскери институтымынадай мамандыктар бойынша офицерлер дайындайды:

—тактикалык мотоатқыштар әскерлерінің командашысы;

—тактикалық танк әскерлерінің командашысы;

—тактикалық артиллерия командашысы;

—тактикалық автомобиль әскерлерінің командашысы:

—тактикалық инженерлік әскерлерінің командашысы;

—тәрбиелеу құрылымдарының офицерлері;

—тактикалық сауыттытанк әскерлерінің командашысы;

—  тактикалық азық-түлікпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;

—  тактикалық киім-кешекпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;

—  жанар-жағар маймен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;

— тактикалық әуе-десант әскерлерінің командашысы.

1. ҚР ҚК тікелей басқаратын лауазымды тұлғаны атаңыз:

А) Қорғаныс министрі;

B) ҚР Президенті;

C) Премьер-Министр;

D) ҚК штаб бастықтарының комитет төрағасы;

E) Мәжіліс төрағасы.

2. «ҚР қорғау жөніндегі азаматтың міндеттерін» дұрыс құрыңыз:

А) ҚР қорғау оның азаматының құрметті борышы және міндеті болып табылады;

B) ҚР қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы болып табылады;

C) ҚР қорғау оның азаматының құрметті міндеті және борышы болып табылады;

D)Отанды қорғау – бұл шақыру жасындағы барлық азаматтардың әскери қызметті міндетті атқаруы;

E) Отанды қорғау – бұл әскерді ұстау үшін азаматтардың салықты уақытында міндетті төлеуі.

3. Отан қорғаушылар күнін атаңыз:

А) 25 тамыз;

B) 9 мамыр;

C) 7 мамыр;

D) 23 ақпан;

E) 16 желтоқсан.

4. ҰОС партизан қозғалысына қатысқан қазақстандық батырларды (2 адам) атаңыз: А) Қ. Қайсенов, Б.Момышұлы;

B) С.Ковпак, В.Талалихин;

C) С. Нұрмағанбетов, А. Маресьев;

D) А.Молдағұлова, М.Мәметова.

E) С. Рахимов, Р. Қошқарбаев.

5. Ер азаматтарды әскери есепке қою жасын атаңыз:

А) 16 жас;

B) 17 жас;

C) 18 жас;

D) 15 жас;

E) 15 жас 6 ай.
6. Әскери қызметшіге саптық дайындық не береді?

А) бұйрықтарды, саптағы әдістерді, қарумен және қарусыз қимылдарды, орындай алу.

В) жинақылық, тіктілік;

С) шыдамдылық;

D) а+в+в .

Е) тәртіпке, ұйымдастырушылыққа, ұқыптылыққа ықпал етеді.

7. Сап дегеніміз не?

А) өзара іс-қимыл жасау үшін жаяу және машиналармен сапқа тұрғызылған әскери қызметшілер;

В) оқу-жаттығуға, оқуға одан кейін ұйымдастырылып шығу үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің жарғымен белгіленген жерге орналастыру;

С) әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің, олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы жарғымен белгіленген орналасуы;

D) әскери қызметшілер бірінің жанында бірі, бір қатарда, алдағы іс-қимылға әзір күйде орналасқан;

Е) машиналарда командирлердің (бастықтардың) бұйрығы бойынша олардың іс-қимыл жасаулары үшін әскери бөлімдерді, әскери қызметшілерді, бөлімшелерді жарғының бекітілуімен орналастыру.


8. Саптың ені деп не аталады?

А) сап шептерінің арасындағы аралық;

В) сол және оң жақ шеттер арасындағы аралық;

С) сапта тұрған әскери қызметшілер және сап соңында тұрған әскери қызметшілер арасындағы аралық;

D) жайылма сапта тұрған бөлімшелердің оң және сол жақ шеті арасындағы аралық;

Е) жорық легінде тұрған, алдыңғы және соңғы тұрған бөлімшелердің арасындағы аралық.

9. Сап түрлерін атаңыз (қатарлар саны және және жиналма бойынша).

А) бір қатарлы, екі қатарлы, жиналма;

В) бір қатарлы, жиналма;

С) бір қатарлы, екі қатарлы, жиналма, жайылма;

D) бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы, жайылма, жиналма;

Е) бір қатарлы, жиналма, жайылма.


10. Қандай сап түсінігі мынаны айқындайды: әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер, бөлімдер арасындағы түкпір аралығы.

А) ара қашықтық;

В) маңдай шеп;

С) сап ені;

D) саптың ұзындығы;

Е) аралық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі