400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды мұғалімдер өз сабақтарында тиімді қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.



Бөлім:

Мектеп:

№11 мектеп-лицей

Күні:

Мұғалім: Қыстаубаева Ботагоз

Сынып: 9 « ә »

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1

Өнер туындыларының тарихи және мәдени шығармаларындағы материалдар мен стильдерді жариялауда көпшілік назарының әсерін қарастыра отырып, салысытрмалы талдауды жасау;
9.1.3.1

Шығармашылық ойды жүзеге асыру мен дамытуда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты түрде және өнімді қолдану (ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану);
9.2.2.2

Әртүрлі өнеркәсіпте технологиялық және өдірістік үдерістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту;

Кілемдер түрлерін меңгереді;

Қазіргі кілемдер үлгілерін зерттейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар жеке немесе топтық жұмыс жасауы мүмкін.

  • Тоқыма өнерінің тарихын және түрлерін біледі;

  • Кілем тоқу өнерінің түрлерін анықтай алады;

  • Алаша өнерінің тарихын, түрлерін біледі.

  • Кәзіргі кілемдер үлгілерін біледі;

  • Таныстырылым барысында пікірталастарға қатысады;

Тілдік мақсаттар


Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері.

Глоссари:

Алаша – бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды.

Кілем тоқу - Кілем — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады.

Гобелен –қолдантоқыған кілем-сурет. Түрлітүсті жібек жәнежүнжіптерденбөлекбөлектоқылып, кейінбіріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушыГобелендересіміменаталған.

Терминдер: тоқу, теру, кілем, дәстүрлі.

Құндылықтарды

дарыту

Зерттеу, практикалық жұмыс жасаубарысындаоқушыларбір-біріменынтымақтастыққарым-қатынастажұмысжасайды, өздерін және өз жұмыстарын алға жылжыту мақсатында еңбектенеді, ізденеді, өзара бағалау кезінде шыншылдық құндылығы артады.

Жаһандық

Азаматтық

Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнерін өзге елдердің тоқыма өнерімен салыстырады, ұқсастығын, айырмашылығын анықтайды.

Пәнаралықбайланыстар

Тарих, физика, геометрия.

Мысалы, Кілем тарихымен, түрлерімен танысқанда тарих пәніне, қажетті құрал-жабдықтары яғни тоқыма жіптерін бояу үшін қолданылатын бояғыш заттарды анықтау үшін физика пәніне, кілем, алашаға салынатын ою-өрнектер, нақыштар тепе-тең түсу үшін геометрия піндерімен байланыстыруға болады.

АКТ қолданудағдылары

Кілем, алаша, гобелен өнерін зерттеу, мәлімет жинақтау үшін интернет желісін пайдалану (бейнежазбалар, презентациялар, слайдтар көрсету т.б), фотосуреттер көру.

Бастапқы білім


Сәндік қолданбалы өнер түрлерін біледі, тоқыма өнерімен таныс.



Сабақ барысы


Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

«Сұраққа жетіп ал» белсенді әдісі

3 минут







Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан мұғалім оқушыларды 9 сыныпта жүргізілетін тақырыптармен таныстырады.

Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында «сұраққа жетіп ал» белсенді әдісі қолданылады. Ол үшін мұғалім кішірек допты сұрақ қоя отырып бір оқушыға лақтырады.Ол оқушы келесі оқушыға сұрақ қоя отырып допты лақтырады.

Сұрақтар:

  • Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

  • Тоқыма өнерінің түрлерін атаңыз;

  • Алаша өнері дегенді қалай түсінесіз?

  • Кілем, гобелен тоқу өнері дегеніміз не?

Осылайша мұғалім 3 минут ішінде оқушылардың алдыңғы білімдерін анықтайды.

Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма түрлері туралы презентация көрсетіледі.












Сабақтың ортасы

«қаламсап» әдісі топқа біріктіру

2 минут

































Зерттеу жұмысы

13 минут

Тапсырма














































Дескриптор




















Таныстырылым

10 минут

Өзара бағалау

«Басбармақ» әдісі





































































Кері байланыс

«Ой толғау»

3 минут































Сабақты қорыту

1 минут






Үйге тапсырма

1 минут

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. 

Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері. 

Зығыр
Мақта
Мохер
Жүн
Ангор
Кашемир
Альпак
Вискоза
Фасонды
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.  Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады. 

Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген.

Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм. 

Тоқыма үшін қажетті құралдар

1.Біз

2.Жіп

1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. 
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым-біз  
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу. Айналдырып шеңбер жасай білу. Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.  Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. [1] Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет. Негізгі шалу түрлері мыналар:

Оқушыларды «қаламсап» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру.

Тоқыма өнеріндегі кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлері түрлі-түсті қағазға жазылып жеребе таратылады. Әр топ оқушылары берілген тоқыма өнері туралы мәліметтер жинақтайды.


Тапсырма: Әр топқа тиісті кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлерінің тарихын, тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттеңіздер. Қазақстандық және әлемдік тоқыма өнерінен мысалдар келтіріңіздер.

Дескриптор:

  • кілем, гобелен, алаша өнерінің тарихын біледі;

  • кілем, гобелен, алаша өнерінің түрлерін анықтайды;

  • тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттейді;

  • қазіргі кілемдер түрлерін анықтайды.

  • мәліметті сызба, сурет ретінде флипчартқа түсіреді;

  • зерттеу жұмысына таныстырылым жасайды.

Оқушылар жоғарыда аталған тоқыма өнері туралы туралы мәліметтер жинақтап флипчартқа сызба, сурет ретінде түсіреді, бояуда орындайды, креативті таныстырылым жасауға дайындалады.

Зерттеулерін біткен топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылымға шығады. Дескрипторге сәйкес әр топ тоқыма өнерінің үш түрі бойынша таныстырылым жасайды.

Таныстырылым аяқталған соң өзге топ оқушылары басбармақ әдісінде өзара бағалау жүргізіп, әр топтан бір оқушы ауызша кері байланыс береді.


Оқушылардан бүгінгі сабаққа байланысты кері байланыс алынады. Ол үшін «білемін», «білмеймін», «білгім келеді» деген үш бағаннан тұратын «Ой толғау» кері байланыс парақшасы беріледі. Оқушылар өз ойларын осы кестеге жазады.





Сабақты қорыта келе мұғалім сабақта белсенді түрде жұмыс жасаған оқушыларды айтып шығады және қолдау көрсетеді.


Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу.

Киіз басу және ши тоқу өнері туралы оқушыларымен әңгімелесу. Өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.


-Балалар, киізден дайындалған бұйымдарды атаңызшы.

- Жарайсыңдар, ал киізді қалай жасаған екен?

- Бұл өнер қашан және қалай туындаған?

-Шиді тоқу өнері туралы айтып беріңізші.


Сонымен, балалар, қорытынды жасайық, мұндай бұйымдарды орындау үшін келесі сабақта қандай материалдарды біз алып келуіміз керек????

- Дұрыс, киіз басу яғни дайындау үшін, жүн, орауға арналған тор, кір сабын алып келуіміз керек және су керек.

- Ши тоқу үшін: ши дала қамысы, тас, жүннен жасалған жіптер және ағаштан жасалған станок (сырық) қажет.

- Ши ораудың екі түрі бар.

Біріншісі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;

Екіншісі — жаңа өрнек сүретінін үлгісімен тоқу.

Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын, санап отырып орайды. Осылай ораған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектел шуда жіппен тізіп отыру керек.


- Және сурет қажет…


- Киіз басу технологиясын еске салайық.

Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.

- Жүнді басу үшін, сабынды ыссы сумен ерітіп жүнге жағады. Жүнді қолмен қаңып, пішін бойынша орналастырады. Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.

- Киіз шамамен бір тәулік ішінде кебеді.

- Фильцевание технологиясы туралы естідіндерме? ( арнайы ине арқылы ойыншықтар жасалады).

- Дұрыс, енді осы бұйымдарды орындауға кірісейік.


- Алдымен нобай дайындаймыз

- Келесі слайдтарға қараныз. Бәрі де киізден жасалған!

- Дизайнерлерді киіз өте қатты қызықтырады…

Енді құрғақ киіз басу техникасына арналған бейнетаспа көрейік.

Біз бүгін А 4 форматтағы қағаз бетінде нобай орындаймыз.

Мұндай бұйымдардын қандайын таңдайсыз? Ойланыныз.

Мүмкін, бұл киіз мойынорағыш немесе сөмке болама екен? Бұл сіздің таңдауыныз және бұйымдар сіздің идеяныз – бұл сіздің қиялыныз.


Суреттерге қараныз ( мысал суреттер)

Сурет қандай кезеңдерден тұрады?

Әр сурет 3 кезеңден тұрды:

  1. Композициялық дұрыс орналастыру (компоновка);

  2. Құрастыру және пропорциялық қатынастарды зерттеу;

  3. Композицияның пластикалық және түстік шешімдері.

Нобай бойынша жұмыс жасау кезде түске көңіл аудару қажет.


Түстер үйлесімділігіне арналған кестелерді зерттеу қажет. Қараныз…

Табиғаттың өзі – түстер үйлесімділігінің мысалы: гулдер түстері т.б.

Акварель техникаларын көрсету: мөлдірлету,шаю. Гуашьпен жұмыс істеу кезіңде суды көп қолданбаймыз, акварельде керісінше – суды көп қолданамыз. Акварельде қылқаламмен қағаз бетінде 3 қабаттан артық жүруге болмайды.

- Ең маңыздысы - түспен сараптама жасау.

- Нобайды бояу алдында түстерді бөлек қағазда зерттеп қараныз.

Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі