Тақырыбы:
«Қазақтың ұлттық
ою-өрнектері»
Орындаған:Ахметова
М.
Айнабұлақ
бекеті
Білім беру
саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Құрастыру
Сабақтың
тақырыбы:
Қазақтың ұлттық
ою-өрнектері.
Сабақтың
мақсаты: а)Қазақ халқының ою-өрнек
түрлерімен таныстыру,оның жасалу жолдарын үйрету,ою – өрнектердің
атын дұрыс атауға үйрету.Балалардың ұлттық дүниетанымдылық ұғымын
кеңейту, сөздік қорларын молайту.
б) Қол икемділігін дамыта отырып, шеберлігін арттыру. Ою –
өрнектердің қайталанбас әдемілігін бағалай білуге және түсіне
білуге баулу
в)Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету, өнер
ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам
беру.
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар, қазақтың ою -
өрнектерінің үлгілері, суреттері.
I. Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлемдесу, жылулық шеңбері,сабаққа дайындығын
тексеру
II. Жаңа
сабақ:
Балалар, бүгін біз өткен оқу – іс әрекетінде алған білімдерімізді
қолдана отырып, бүгінгі оқу іс – әрекетінде мен сендерге керемет
текемет жасатқым келіп тұр. Балалар, өткен сабақта біз қандай
оюлармен таныстық? Балалар сұраққа жауап
береді. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан "қазақтар ою -
өрнек әлемінде өмір сүреді"- деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық
бұйымдарының барлығында ою - өрнектің небір ғажап үлгілерін көруге
болады . Балалар, жан- жақтарыңа қараңдаршы,
қандай заттарда ою –өрнектер бейнеленген? ( сандық, домбыра, киіз,
кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т.
б).
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
демекші, қазақ халқы қолөнерімен айналысқан. Әр өрнектің астарында
терең мағына болады Балалар, осы бұйымдардың барлығын кім
жасайды? (Әжелеріміз бен аналарымыз)
Дұрыс айтасыңдар. Үйде қолы бос, сабырлы,төзімді
аналарымыз,әжелеріміз, тіпті аталарымызда
жасайды.
Қане ,балалар, олай
болса,әжелерімізге арнаған өлеңімізді айтып
берейік!
Әжем сырмақ
сырады,
Әдетімен
күндегі
Сырмақтағы
оюы,
Кең даланың
гүлдері,
Гүл жайнайды
әртүрлі,
Сырмақтағы
оюда
Көмекшісі
секілді,
Мен отырам
қасында.
Саусақ
жаттығуы: «Дьенеш» технологиясына
сүйене отырып, геометриялық фигуралардан ою
құрастыру;
Балалар, «Қолөнер – мол өнер»
дегендей , біз қазір осы оюларды өзіміз
құрастырайық. (Балалар топпен бірлесе отырып, ою құрастырады.)
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде,оюларды реттеп
орналастырады.
"Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?"-
деген сауалға атақты суретші Әбілхан
Қастеев
"Таудың
бұлағынан,
Қойдың
құлағынан,
Апамның
киізінен
Ешкінің мүйізінен"- деп жауап
беріпті.
Балалар, мен бүгін сендерге
тосын сый ретінде аналарыңды,әжелеріңді қонаққа шақырдым,қане,
қарсы алайық!
«Тәй – тәй» техналогиясын
сүйене отырып,отбасы мен бірлесе жұмыс
жасау және отбасымен тығыз қарым – қатынаста
болу;
(Әжелеріміз бен аналарымыз
келеді)
-Келіңіздер! Қош
келіпсіздер,төрлетіңіздер!
- Амансыңдарма, балаларым?!
Қалдарың қалай?
-
Сәлеметсізбе?
-Әже, қазақ халқы
«Оюы көптің өрнегі көп» -
деген сіздер бүгін біздің балаларға,
текеметті қалай жасайтынын
көрсетіп,үйретсеңіздер!
-Жарайды қарағым! Мен өз
білгенімді қуана – қуана үйретем. Балалар, ең алдымен,қойдың жүнін
аласыңдар,оны жақсылып түтесіңдер,содан кейін сабайсыңдар. Сабап
болғаннан соң, жүнді түрлі түстерге бояп, киізге өрнек тер
түсіреміз. Су сеуіп, оны орап қоямыз,суларымыз суып қалмай ақ
білекке аламыз балалар! Қане, балалар бәріміз бірлесіп текемет
жасайық.
Кел балалар,
келіңдер!
Жүннен киіз
басайық,
Ақ қозының жүнін
түтіп,
Үлпілдетіп
сабайық.
Су себейік, су
себейік,
Ыстық суды
себейік
Кел балалар,
келіңдер,
Киізді орап
қояйық.
Суларымыз суып
қалмай,
Ақ білекке
алайық,
Киіз бітті, киіз
бітті!
Киізді жайып
қояйық!
Қандай керемет текемет басып
шығардық балалар! Әжелерімізге алғысымызды
айтайық.
- Әже,сіздерге алғысымыз
ретінде балаларымыздың қолдан жасаған сырмақтарын, сыйлығымыз
ретінде табыстасақ қабыл алыңыздар!
-Рахмет балаларым! Өркендерің
өссін!
«Өнерлінің қолы
алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын»-демекші
қазақ, бір ән орындап берсеңіздер.
- Дұрыс айтасың қарағым, «әу»-
демейтін қазақ жоқ,шырқасақ,шырқайық!(Халық әні: «Дедем ай-
ау»)
Ой рахмет, балалар,
әжелерімізді «Сау болыңыздар!» - деп шығарып
салайық
Балалар, бізге әжелеріміз
осындай қазақтың ұлттық ою - өнерлерін діріптесе,біз оны болашақта
ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдырамыз!
Ата- бабамыздан қалған ұлттық
көркем қолөнерімізді одан әрі жалғастырып, оны әрі қарай
жандандырайық!
Ою – өрнек, құрақ құрау -
қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі" - деп Бауыржан Момышұлы
айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің
қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата - анаға мейірлі болсын,
Ағайын туысқа пейілді болсын,
Өнер - білімге зейінді болсын,
Он саусағынан өнер тамған
Оюшы болсын деп,- бүгінгі оқу іс- әрекетін сағатын
аяқтаймыз.