«Ақ ерке» тобындағы
ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні: 19.01.2022
ж.
Тәрбиеші: Муканова
Ж.Е
Білім беру
саласы: Қатынас.Таным.
Пән: Сөйлеуді
дамыту.Құрастыру.
Тақырыбы: «Қош келдің Барыс
жылы»
Мақсаты:Балаларды он екі жылмен
таныстыру.Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды табиғатқа
,жануарларға деген сүйіспеншіліктерің
арттыру.
Тәрбиелік:
Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты
сезіне білуге баулу.
Оқыту: Ойлау қабілеттерін
дамыту
Педагогикалық
технологиялар: түсіндіру, әңгімелесу,
көрсету
Ресурстармен қамтамасыз
ету: Тақырыпқа байланымсты
көрнекіліктер.
Билингвалды
компонент:
Жолбарыс-тигр.Қыс-зима.Аңдар-звери
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
бөлімі.
І. Ұйымдастыру
кезеңі. Шаттық шеңбері.
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші жараса
Әдептен озбай бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп
алайық.
Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу арқылы
жібереді
II Негізі
бөлімі
Балалар, жылдың қазір жылдың
қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойын орағыш, бас киім
киеміз.
Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын:
Жұмбақ
жасырайық.
1.Иiр
мүйiз
Сүйiр
мүйiз,
Ай
қабақты,
Май
бұғақты,
Тұла
бойы
Бұқа
мойын,
Бұл қандай
түлiк,
Сен де оны ал бiлiп?
(Қошқар)
2. Иiр-иiр
денесi,
Сахараның
кемесi,
Ащы шөптер
тамағы,
Шөлге шыдап
бағады.
(Түйе)
3.Табанынан тыз
етiп,
Жүрсе дағы сыз
өтiп.
Күнi-түнi
ерiнбей,
Үйдi жүрер күзетiп.
(Ит)
4.Алғашқы
буыным,
Көшті бастар
ұлымын.
Сосын тоғай
нуының
Жыртқышының
бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін
–
Көп аңдардың
дүрімін.(Жол -
Барыс.)
Қазақтың есептерінде жылдан
үлкен мүшел дегендер бар. Мүшел – он екі жыл болады. Сол жылдардың
аттары әр жануарлардың аттарына
ұқсайды. Мысалы: Әуелі жыл мүшелде – тышқан,
екінші – сиыр, онан соң – барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой,
мешін, тауық, ит һәм доңыз. Сол жылдарды білетін қазақтарға кісінің
қай жылда туғанын айтса, адамның жасын тауып
береді.
Бұрынғыдан қалған сөздер бойынша
сол жануарлар жыл ағасы болуға дауласыпты. Сонда жылқы
айтыпты: Ерасыл
Жылқы жылы
келіпті,
Жануар ғой
көрікті.
Елімізге
ерекше
Ыстық сәлем беріп
тұр
Түйе айтты: «Сен адамның
жұмысын қыласың, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл
болдың. Міне, мен, сен көтере алмайтын ауырды көтеріп
неше айлық алыс жолдарға барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы
сұрамаймын, көде болса көде, жусан болса жусан, не кез келсе соны
қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре
беремін. Жыл басы болу маған лайық», –
дейді.
Сиыр
айтты: Злата
Тентек болма, ақ
бұзау,
Еріншек болма, ақ
бұзау.
Кең далада
сенімен,
Жарысып мен
жүгірем
Қой айтады: Денис
Қой баласы
қоңырым,
Қойдан жуас
момыным.
Шопан ата
түлегі
Қошақаным
қайдасың.
Ит
айтты: Максим:
Тыным таппай жүр
едің,
Шәуілдеп кеп
үредің.
Күншуақтап жата
ғой,
Біраз тыным ала
ғой».
Тауық айтты: «Мен болмасам,
кісі ерте тұрып жұмысына бармай ұйықтап қалар еді. Мен таңертең
тұрып шақырып, хабар айтамын «таң атты»
деп. Көп
отырса, «жұмысыңнан қаларсың жатар уақыт болды» деп, түн ортасында
шақырамын, кеш болса, тағы шақырамын, «мезгіл болды» деп», –
дейді.
Тышқан не айтарын білмей тұрды да, бір түрлі
қулық ойлап, жиылған көпке айтты: «Бұл таласқанмен ешнәрсе өнбес,
күнді қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын», –
дейді.
Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің биіктігіне
сеніп, «менен бұрын кім көреді» деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі
де қарасып тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің үстіне
шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Мұнан соң күнді бәрінен
бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болғаны. «Түйе
бойына сеніп құр қалды», – деген сөз осыдан қалған
екен.
Ал балалар біз онбір
жануармен таныстық бізге бір жануар жетпейді екен сол үшін бізге
келіп жеткен барыс жылын шақырайық шақырмас бұрын бізге қалдырған
тапсырманы орындауымыз
керек.
Тапсырма: Әр бала стол үстіндегі бөлшектерден барыс
жылын құрастырумыз керек, сол құрастырып болғаннан кейін ғана барыс
жылы келеді екен.Балаларға
жұмысты көрсету және түсіндіру.
Балалар орындарына отырып құрастырды
Келіп жеткен жаңа жылымыз
барыспен танысу
Сергіту
сәті:
Жасыл шырша
орманнан
Бізге арнайы
келіпті.
Ойыншығын
балалар
Шыршаға әсем
іліпті.
ІІІ. Сабақты
қорытындылау. Ертегінің мазмұнын түсіндіру,
берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау және
есте сақтау ойлау зейін қабілеттерін дамыту сөздік қорларын
молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге
үйрету. Ойын арқылы шапшаңдыққа ептілікке баулу. Ертегі
мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке адал достыққа тәрбиелеу. Оқушыларды
қазақша жыл санау ретімен таныстыру. Оқушылардың есту, есте сақтау
дағдыларын жетілдіре отырып, эстетикалық әсермен қатар өнерге деген
қызығушылығын дамытуда бірлікке, достыққа
тәрбиелеу
Әдіскер: Айтпаева
Ж.Қ.