Батыс Қазақстан
облысы
Ақжайық
ауданы
Мерген орта жалпы
білім беретін мектебі
Гумарова Лаззат
Елемесовна
Бастауыш сынып
мұғалімі
Математика
3-сынып
Тақырыбы:Көбейтудің
үлестірімділік қасиеті
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Қосындыны санға көбейту
тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; тиімді тәсілмен
есептеу үйрету.
Дамытушылығы: Сабақта алған
білімдерін жүйелеу,пысықтау.Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды
тапқырлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап,ассоциация,түсіндіру,өзіндік жұмыс,
топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,
электрондық оқулық, слайдтар,кестелер,суреттер,геометриялық
фигуралар, «Қазақстан» видеосы.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі. Психологиялық
дайындық
-Саған есеп
үйреткен
Пәнге қарап
құрметпен
Сандарды тура табатын
Қиын,әрі қызықты
Математика болатын
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру:№7,8, 18-бет Вассерман
әдісі бойынша бағалау
ІІІ.Қызығушылығын
ояту
- Жаңа 2017 жылында біздің
еліміз - Қазақстанда 2017 жылдың 10 шілдесінен 10 қыркүйекке дейін
Қазақстанның елордасы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» атты Бүкіл
Дүниежүзілік Халықаралық көрмесі өтеді. 2012 жылдың 22 қарашасында
Францияның астанасы Париж қаласында ЕХРО Халықаралық бюросы Бас
ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Ендеше ,осы
көрмеге біз де өз үлесімізді қосайық, өз байлығымызды – Астана
қаламызды тамашалап, білімізді көрсетейік.Олай болса,бүгінгі
берілген тапсырмаларды біртіндеп орындай отырамыз. Тапсырмаларды
жаксы орындасақ сыйлық аламыз.
Слайд№2
Топтарға болу. «Бәйтерек»,
«Ақ орда», «Хан шатыры» топтарға бөлініп
отырады.
ІV.Жаңа материалмен жұмыс.
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Слайд№3
Электронды оқулықтағы
тапсырмалар топпен орындау.Дұрыс жауабын
табу.
V.Ой-қозғау.
(№1 тапсырмадағы кестені слайдтан
қарап,ауызша орындату)
-Қосындыны санға көбейту
әртүрлі тәсілмен орындалады.
1-тәсіл. Қосындыны есептеп,
оны санға көбейту.
2-тәсіл. Әр қосылғышты санға
жеке көбейтіп, алынған көбейтіндіні
қосу.
Бұл - қосудың үлестірімділік
қасиеті.
VІ.Оқулықпен жұмыс. Ереже
оқу.
VІІ.Дәптермен
жұмыс.№2 (3 қатар оқушыларына 3 топқа 3
бағанды бөліп орындату)
(20+30)*5=20*5+30*5=100+150=250
(5+4)*70=5*70+4*70=350+280=630
(20+10)*8=20*8+10*8=160+80=240
(3+4)*30=3*30+4*30=90+120=210
(20+10)*6=20*6+10*6=120+60=180
(40+30)*2=40*2+30*2=80+60=140
«Б»
№3 Есептер
шығару
А) Жол дәптер-20-дан 2бума ?
Ш: 20*2-40 20*3-60 40+60-100 дәптер
Торкөз дәптер-20-дан
3бума
Жауабы: 100
дәптер
Ә
) 10
альбом-20теңгеден ? Ш:
20*10-200
10 күнделік-30теңгеден
30*10-300
200+300-500
«И»
Жауабы: 500
теңге
Өзіндік жұмыс: № 5
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау
«Л»
VIII Сергіту
сәті
ІХ. Жұмбақ есептер,
логикалық тапсырма
Бір топ бала
тоғаннан,
Бес бұтақта ағашта,
Он бес балық
ұстадық.
Бұтақ сайын бес алма.
Бөліскенде
оларды,
Біреуін бер Сайынға,
Тиді әркімге үш
балық
Сонда қалмақ қанша алма?
Сынайын бір ал
сені,
(5*5-1=24алма) «Е»
Бала сонда қанша еді?
(15:3=5( бала))
Логикалық
тапсырма:
Бір
үйдің үш ұлы бар.Үш ұлдың әрқайсысының бір әпке,бір қарындасы
бар.
Бұл
үйдің баласы нешеу болған? (5 бала-3
ұл,2қыз)
Х..Тесттік
тапсырмалар Электрондық оқулық
пайдалынады. «Т»
Тақтада шыққан сөзді
оқу. «БИЛЕТ»
-Ендеше,біз сыйлық
- көрмеге билет аламыз
ХІ.Шығармашылық тапсырма: -
Көрмеге апаратын геометриялық фигуралардан бір макет құрастырып
шығарыңдар. Өз шығармаларыңды қорғап
шығыңдар.
ХІІ.Қорытындылау.
–Көбейтудің қандай қасиетімен
таныстық?
-Көбейтудің үлестірімділік
қасиетінің неше тәсілі бар?
ХІІІ. Бағалау.
Топбасшылар бағаларын айтып
шығады.
ІХ. Үйге тапсырма №6,7, 20-21
беттер
Х.«Қазақстан» видеоклипы
қосылады. Ән орындалады. «Билеттер»
үлестіріледі.