Тақырыбы:
«Құстар
біздің досымыз»
Мақсаты:
Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін,
таным белсенділігін, тіл мәдениетін
дамыту.Құстар туралы түсінік беру.Құстардың аттарын атай білуге
үйрету.ҚҰстарға аяушылық, қызығушылық, сүйіспеншілік сезіміне
баулау, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері : Құстардың суреттері, құстар
туралы мақал-мәтелдер
Балалар
әсем
әуенмен топқа кіріп, шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар, сендер бір бақшаға,
бір топқа келесіңдер. Өзара тату доссыңдар. Сол достықты қол
шапалақтап арқа түйістіріп, бір-бірін қолын алып
көрсетеді).
«Біз доспыз – сіздерге де достық, жақсылық
тілейміз» -деп тілек білдіреді.
Жұмбақ шешу
Ақ қар еріп, су көбейді, сай-салаға
толады.
Ағаш басы бүршік шашып, гүл бәйшешек
болады?
Айтыңдаршы бөбектерім бұл
қай кезде болады?
-Қыстап қалатын құстарды қалай
атаймыз?
(
қыстайтын құстар)
-Ал ұшып кететін құстарды ше?
( жыл құстары)
-Балалар, бүгін біздің ашық – тәрбие оқу-іс
әркетеміздің тақырыбы
«Құстар біздің досымыз»
Тәрбиеші үнтаспадан құстардың дауысын, сайрағанын
тыңдатады.
Бірі қаңқ-қаңк етеді,
Бірі саңқ-саңқ
етеді.
Бірі шиқ-шиқ етеді,
Бірі қарқ-қарқ етеді,
Құстар легі қашанда,
Үзілмейді
аспанда.
Тәрбиеші: - Құстар адамға,
табиғатқа қандай пайда келтіреді? Біз құстарға қамқорлық жасауымыз
керек. Ұя, жем сауыт іліп қою. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Құстар табиғаттың бір бөлігі. Құстар өсімдіктерді зиянды
жәндіктерден қорғайды. Біз оларға нан қоқымын саламыз. Құстар оны
жейді. Біз еңбекшіл боламыз, оларды қорғаймыз.
Ән: «Көкек» балалардың
орындауында
Би: «Көгершін»
1-бала
Әділет
Біз
қамқоршы баламыз
Құстарға ұя саламыз.
Жем-су беріп қыс бойы,
Балапанын бағамыз.
2-бала
Әмір
Күн
аязды,боранды,
Жер ақ қарға оранды.
Жылы жақтан келген құс,
Жылы жаққа оралды.
3-бала
Мариям
Торғай-торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып
ап,
Бөтегесі томпайып,
«Шық-шық» десіп
отырмақ.
4-бала
Абылай
Шыр-шыр
еткен торғайды,
Қорғамасаң,болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
5-бала
Толғанай
Таспен
атып тырғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
6-бала
Айнұр
Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қор
болар,
Бұтаға келіп қорғалар.
7-бала
Малика
Қысып
кетсе сары аяз,
Көзден жасы сорғалар.
Қар үстінде жем көрсе,
Қапелімде қолға алар.
8-бала
Жаннұр
Көк
көгершін,көгершін,
Көгершін келер жем
үшін,
Балалар,жем себелік,
Жем жесін де семірсін
Сөйтіп,қолға үйренсін.
9-бала
Аружан
Қоныңдар,
Құстар,
Қоныңдар,
Бәріңе төрден орын бар.
Қанатты барлық
достарға
Балалар,
Қамқор болыңдар.
10-бала
Нұрай
Қараторғай қап-қара,
Ұқсас қара тақтаға.
Құртты жейді мыңдаған
Ол бір ғана аптада.
11-бала
Темірлан
Балалар-ау балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді,гүл алып,
Құстар келді,жыр алып.
12-бала
Нұржарас
Көктем,көктем,көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір
қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
13-бала
Бекарыс
Келіп
көктем құстары,
Бау-бақша ән
салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
14-бала
Бекарыс
Көктем
келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау алақай,
Көктем келді,
Көктем қандай
көңілді.
15-бала
Жансерік
Ұя жасап
тақтайдан,
Талға апарып байладым,
Жыл құсының шаттанған,
Күттім қашан сайрауын.
16-бала
Бекзат
Сол ұяны
талдағы,
Қараторғай мекендеп.
Күні бойы сайрады,
Жайлы пәтер екен деп.
17-бала
Нұрай
Ала қанат
сауысқан,
Қутыңдаған сауысқан.
Құлақ түріп,жалтаңдап,
Тың тыңдаған сауысқан
18-бала
Ақтолқын
Екі
қарап,бір шоқып,
Секеңдеген
сауысқан.
Құс ішінде қусың-ау,
Жауыр көрсе жабысқан.
19-бала
Нұрай
Торғай,торғай торғайым
Кел, сенімен ойнайын.
Торғай саған не керек?
Маса, сона,
көбелек?
20-бала
Әмір
Дән
шашылса теремін,
Бөбегіме беремін.
Шыр-шыр етіп жүремін,
Көмек берсең көнемін.
«Ғажайып жеміс ертегісін»
кейіптендіріу
Би:
21-бала
Айзере
Ей,балалар,балалар,
Аман болсын аналар.
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар.
Құс ұясын бұзбайық,
Жұмыртқасын алмайық..,
Обалына
қалмайық.
22-бала
Аружан
Орманға бара
жатқандар,
Аңшылық дәмін
татқандар
Өтінем түге бәріңнен,
Көктемде құсты атпаңдар.
23-бала
Альмира
Сенімен
оққа сатпаңдар,
Кішкентай әнді сақтаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Жүректі жо-жоқ атпаңдар.
24-бала
Айым
Қанаттыларды қақпаңдар,
Солармен атқан ақ таңдар.
Көктемнің гүлі сияқты,
Көктемде құсты атпаңдар.
Халық ежелден - ақ құстарға сүйіспеншілікпен
қараған. Ұлдарын сұңқарға теңесуі, төгілте ән шырқайтын әншісін-
бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын- қыранға,
әдемілік, незіктікті- аққуға теңеді.
Қай құс бейбітшіліктің
сивболы?
Бейбітшілік құсы менмін - көгершін,
Жер жүзінде бейбіт өмір көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Аққу құсы туралы не
білеміз ?
Құс сұлуы аққумын,
Табиғат көрік сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көз қимаған.
Осымен «Балбұлақ» шағын орталығы бүлдіршіндердің
күшімен дайындалған «Құстар біздің досымыз» атты ашық-тәрбие оқу
іс-әрекетіміз аяқталды. Назарларыңызға рақмет!