400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ.Қыс қызығы.мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныптарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі

Мектепалды даярлық сыныбы.

Мұғалім есімі: Аралбаева Акмарал

Сабақ тақырыбы: Қыс қызығы

Сабақ мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің

ерекшелігін айтуға, көргендерімен аңғарғандарын дұрыс баяндауға

байланыстырып сөйлеуге төсілдіру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге,

сезінуге тәрбиелеу. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға

арналған заттарды ажыра білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер

Әдісі: Әңгімелеу сұрақ жауап топпен жұмыс, түсіндіру.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Балалар бәріміз ортаға шығып шаттық шеңбер жасайық.

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім берген тәрбиелеген

Апайларым сізге сәлем!

Жұмбақ шешеміз

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қаға омбығып

Бет домбығып

Сырғып жастар ойнайды

Кейде ысқырып,кейде ұлып

Боран соғады.

Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады? (Қыс)

Қазір жылдың қай мезгілі

Қыс мезгілінің неше айы бар?

Қыс мезгілінің үш айы бар.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қыста ауа-райы суық болады,боран соғады, қар жауады, аяз болады.

Қыста сырғанақ теуіп, аққала жасап, шанамен,шаңғымен зырғанап ойнаймыз.

Қыста киетін киімдер: Тон,мойынға орағыш,қолғап,етік киеміз.

Сол киімдер арқылы топқа бөлінеміз.

1-Тон 2-Қолғап 3-Етік 4- Мойын орағыш

-Балалар 2020 жыл қандай жыл?

-Тышқан жылы

Тышқан келеді. Тышқанның тапсырмалары

-Сәлеметсіз бе, балалар? Мен сізге тапсырма әкелдім.

1-топ: Жұмбақ шешу.

1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады? (Қар)

2. Отқа жанбас,суға батпас. (Мұз)

3. Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қомпиып. (Аяз)

4. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді,

Ауызы жоқ, ұлиды. (Боран)

5. Ақ көбелек қонды,

Құстан енді тоңды (Қар)

2-топ: Тақпақтар

Сұлтан: Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып,

Қалды артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.

Алинұр: Қыс келді, қыс келді,

Ақтарып ақ қарды,

Жол аппақ түске енді.

Ясин: Аралап қайтайық,

Ақкүміс бақтарды.

Ақсезім: Аппақ біздің шанамыз,

Аппақ қырдан ағамыз ,

Сауық сайран саламыз,

Біз шадыман боламыз.

Аниса: Құлақтарын үсіткен,

Шынықпаған қай бала,

Осы болар қыс деген,

Айтсақ жауып жай ғана.

Ернар: Аппақ-аппақ қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ ,

Қырау- қырау тал аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Назерке: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып жылтыр боп жатады.

3-топ: Сан құрамын табу.

Сергіту сәті:

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбайтын суықтан,

Қырдан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

4-тапырма: Сөз оқу.

5-тапырма: Сөйлем құрау.

4-топ.

1-тапырма: Аққаланы жапсыру

2-тапырма: Шыршаны жапсыру

3-тапырма: Суретке қарап әңгіме құрастыру

4-тапырма: Қыс мезгіліне сурет салу. Әр топ өздерінің жұмыстарын тақтаға іліп әңгімелеу.

Балаларды мадақтау, жұлдызшамен бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі