400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика және өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне көмегі көп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп

Күні:20.12.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Г. Қуаныш Т.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Сабақ түрі

Қайталау сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.22

рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау


Сабақ мақсаттары

Сабақтың соңында оқушылар:

- құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтай алады;

- рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолдана алады;

- құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін таба алады.

-алдыңғы сабақта меңгерген білімді қолдана білу;

-қарама-қарсы сандар ұғымын меңгерте отырып, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата біледі;

-таңбалар ережесін дұрыс қолдана білуге машықтандыру

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтайды

рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолданады

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • – рационал сандарға амалдар қолдануды түсіндіреді және тұжырымдайды;

  • – қандай жағдайда рационал сандарға амалдар қолданудың қандай қасиеттің пайдаланғаны тиімді болатынын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оң сан,теріс сан,қарама-қарсы сан,қосу, азайту, көбейту, бөлу, қосудың (көбейтудің) ауыстырымдылық қасиеті, қосудың (көбейтудің) терімділік қасиеті, қосудың көбейтуге қатысты үлестірімділік қасиеті.

Құндылықтарды дарыту

  • оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау;

  • жақындардың проблемаларын көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу;

  • Ақиқат

Пәнаралық байланыстар

Өзін өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадағы презентация мен learningapps.com сайтының ресурстарын қолдану,видеоролик

Бастапқы білім

Жай және ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы






2 мин














5 мин





































2 минут





4 мин























10 мин

























5 мин










Ұйымдастыру кезеңі

Сыртқы интеграция. (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!.

Тапсырма 1.Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.

•ұзын – қысқа;

•толық – арық; (қалың – жұқа)

•күшті – әлсіз

Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.

Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?

Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар. Бүгінігі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше ,себебі өзін –өзі тану сабағымен кіріктіріген ерекше сабақ болғалы тұр

2.Тыныштық сәті.

Жайлы баяу музыка қойылады.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау).

- Сыныпты THE HAT әдісі арқылы топқа бөлу



  • Өткенді қайталау. Пазлды шешу. «Миға шабуыл»

Мақсаты: оқушыларға сабақтан сабаққа тез ауысуға және жаңа ақпаратты қабылдауға көмектесу. Бүкіл сыныппен инетрбелсенді тақтада орындау

Тапсырма: есептер мен жоғарыдағы сандарды сәйкестендіріңіз.

Бағалау.Төртбұрыш,бесбұрыштар арқылы.

Стартер (негізгі деңгей)

  • Тапсырма: дұрыс жауапты таңдаңыз. (жұптық жұмыс)

Осы уақытта мұғалім бақылау жүргізу барысында қалыптастырушы бағалаудың «Оқушыларға жеке кеңес беру» техникасын қолданады: оқушылардың түсіну деңгейін тексеру мақсатында оқушылармен жеке сұхбаттасу жүргізеді. Дәл осылайша әрбір оқушыға бұл іс-әрекет бойынша кері байланыс беріледі.


Дәйексөз.

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, жаман адамды көргенде өзіңді – өзің зертте.

Конфуций.

Сұрақ-жауап:

  1. Дәйексөзден не түсіндіңдер?

  2. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін математикалық таңбалармен байланыстыра аламыз ба?

Мұғалім сөзі: Сандар оң және теріс таңбалы болып келеді. Оң таңбалы сандар ретімен өсе береді. Ал теріс таңбалы сандар кеми түседі. Жалпы адам табиғатында көңілді жүру, жақсылыққа ұмтылу алға қарай жетелей түседі.

Математикадағы қарама-қарсы сандар сияқты адам бойында да жаман , жақсы қарама –қарсы қасиеттер болады. Бірақ, біз жамандықты көргенде бойымызға жақсылықты аламыз. Яғни жақсы адамды көргенде оның бойынан жақсы қасиеттерді алып, жаман адамды көргенде өз бойыңдағы жаман қасиеттерден құтылу керекпіз.

Өзін – өзі тану мұғалімінің сыйы (видеоролик)

«Құм мен тас»






ноутбуктер немесе интербелсенді тақта





























































https://learningapps.org/2084904











Презентация













https://learningapps.org/1393256











7 мин




























Тақырыпты меңгеру үшін есептер шығару (жеке жұмыс):

(Оқушылардың деңгейлері өз бетінше немесе мұғалімнің нұсқаулығымен немесе бір топта жұмыс істеген сыныптастардың нұсқаулығымен тақтада анықталады.)

Деңгейлік есептер:

Өрнектің мәнін табыңыз:

Жауаптары:


Бағалау критерийлері:

Критерий

Жетістік

деңгейі

Дескрипторлар

А

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

1

Ережелерді біледі

1

Құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтайды

В

2

Рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолданады

С

3

Құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады


Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор бойынша өзін бағалайды.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,

  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,

  • егер барлық жұмыстың 70 -ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»


Презентация

Қосымша



Выговская В.В Поурочные разработки по математике: 6 класс. – М.: ВАКО, 2011. – 544 с. – (В помощь учителю).



Қосымша_3_Дидактикалық материал



Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасын беру

5 минут

Мұғалім сабақты қорытындылайды, әрбір оқушының жұмысы бойынша кері байланысты береді. Сонымен қатар, топтарға да сабақта жүргізілген жұмысқа рефлексия жасауды ұсынылады.


Үй тапсырмасы:

Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен тауып, жауабын жазыңыз:


Рефлексия

Мұғалім тақтаға шаңырақтың суретін іледі. Оқушыларға өз еліміздің шаңырағы екенін айтып, мемлекетімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұратынын және біз тату тәтті елімізбен мақтанатынымызды айта келе оқушыларға түрлі-түсті түстерден қиылған бес саусақ таратылады. Оқушылар: Не үйрендім? Неден қиналдым? Қандай жетістікке қол жеткіздім? Көңіл күйім? Сабақ ұнады ма? деген сұрақтарға жауап жазып, шаңырақтың жан-жағына жапсырады. Мұғалім сіздер осындай бақытты қазақстанның ұрпағысыздар, сіздер білімді ұрпақ болуға тиіссіздер деп алда еліміздің тәуелсіздік мейрамы келе жатқанын айта келе «Бақытты Қазақстан» әнін бірге шырқайды.




https://learningapps.org/2021960






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың басында оқушылардың алдын ала білім деңгейлерін анықтау арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.

Жеке кеңес беру арқылы оқушылардың жақын даму аймағы анықталады.

Топтық жұмыста жаңа материалды оқу барысында деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмалар ұсыну арқылы оларға қолдау жасау.

Проблемалық жағдай туғызу.

Тапсырмаларды орындау көлемі бойынша саралауды жүргізу.

Топтық жұмыс барысында қалыптастырушы бағалау оқушылардың өзара бағалауы және мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері арқылы іске асады.





Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану.





































































Базалық деңгей

Өрнектің мәнін табыңыз:


Негізгі деңгей

Өрнектің мәнін табыңыз:

Координаталық түзуіндегі АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз, егер А мен В нүктелерінің координаталары келесі өрнектерге тең болса:




Базалық деңгей

Өрнектің мәнін табыңыз:


Негізгі деңгей

Өрнектің мәнін табыңыз:

Координаталық түзуіндегі АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз, егер А мен В нүктелерінің координаталары келесі өрнектерге тең болса:

















































№1. Амалдарды орындаңыз:

Жауаптары:


№2. Амалдарды орындаңыз:

Жауаптары:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 сәуір
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі